Специальность "6M075000-Метрология" 1,5 года


Сапа басқарудағы өндірістік ішкі, сыртқы факторларды ашып жазыңыз



бет23/30
Дата13.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#56883
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
22. Сапа басқарудағы өндірістік ішкі, сыртқы факторларды ашып жазыңыз


Өнімнің сапасын басқару- өнімнің пайда болуынан бастап,оның белгілі деңгейдегі сапасын қамтамасыз ету,сақтау, пайдалану мақсатында жүргізілген әрекеттер.оған әсер ететін факторлар.
Ішкі факторларға- кәсіпорынның сапалы өнім шығару қабілетімен байланысты факторлар жатады. Олар түрлі болып келеді:

  • Техникалық өнім сапасына тікелей әсер етеді. Яғни жаңа техника мен технологияларды енгізу. Жаңа материалдарды пайдалану, неғұрлым сапалы шикізат қолдану. Бәсекеге қабілеттілік өнім шығаруының негізі болып табылады.

  • Ұйымдастырушылық- еңбек ж-е өндірісті ұйымдастырумен өнім сапасына деген тәртіп пен жауапкершіліктің жоғары болуы, қызметкердің біліктілігі, сапаны басқару мен оны сертификаттау ж-е т.б. Ұйымдастырушылық қызметтермен тығыз байланысты болып келеді.

  • Экономикалық- өнім шығару мен оны іске асыру шығындары,баға жасау саясаты және жоғары сапалы өнім өндірісін қамтамасыз ету үшін қызметкерлерді экономикалық ынталандыру жүйесімен шартты түрде таныстыру.

  • Әлеуметтік-психологиялық- ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ортаның болуы, ыңғайлы жұмыс орындары, қызметкерлердің өз өніміне деген мақтанышының болуы ықпал етеді.

Сыртқы факторларға - өнім сапасын қамтамасыз етуде үлкен әсерін тигізеді. Бұлардың қатары көптеген түрлермен толығып отырады:

  • Нарық ж-е тұтынушылар талаптары

  • Бәсекелестік

  • Өнім сапасы саласындағы нормативтік құжаттар.

  • Кәсіпорын имиджі



23. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңызы қандай?


Өнім мен қызметтерді сертификаттаудың негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау. Республикамызда өндірілетін жəне шет елдерден əкелінетін азық-түлік пен тағамдық өнімдердің, шикізаттардың адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін өнімнің жəне көрсетілетін қызметтің сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірілетін сапа көрсеткіштерін жəне өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға жəне ол өнімдердің сапасы ішкі жəне халықаралық бəсекелестікке лайық қамтамасыз етілуі қажет.


ҚР-ның мемлекеттік сертификаттау жүйесі мынадай қағидаларды ұстанады:
• өнім туралы мəліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;
• өндіруші мен тұтынушының тəуелсіздігі;
• сынақтың кəсіби түрде өтуі;
• шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;
• өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі жəне сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;
• сертификаттау туралы ақпараттың ашықтығы немесе сертификат уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат;
• сертификаттау нысандарының ерекшелігін ескере отырып, өндіру жəне тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тəсілінің көптүрлілігі;
• сертификаттау жұмысында ISO/ХЭК аймақтық ұйымдардың, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;
•ҚР қатынасатын көп жақты жəне екі жақты келісімдері бар шетелдік сертификаттау органдарының аккредиттелген сынақ зертханаларының сертификатталатын жəне сəйкестік белгісін ҚР-да тану.


Өнімдер, қызметтер мен процестерді ҚР-ның заңнамасына сəйкес стандарттаудың мақсаты келесідегідей:

  • өнімдер мен қызметтерге нормалар белгілеу; қоршаған ортаны қорғау, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • өнімнің бəсекегеқабілеттілігін сыртқы жəне ішкі нарықта қамтамасыз ету;

  • өлшем бірліктерді қамтамасыз ету; барлық ресурстарды сақтау жəне тиімді пайдалану; Еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету;

  • сапа төңірегінде тұтынушылардың қызығушылықтарын қорғау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет