Специальность "6M075000-Метрология" 1,5 года


Өнімнің сапасын басқарудың шетелдік тәжірибелерінің ерекшеліктері қандай?



бет24/30
Дата13.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#56883
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
Специальность 6M075000-Метрология 1,5 года

24. Өнімнің сапасын басқарудың шетелдік тәжірибелерінің ерекшеліктері қандай?


Жапониялық сапаны басқару тəсілінің бірқатар ерекше қасиеттері бар деп саналғанмен, салыстырмалы сараптамалар көрсеткендей, теориялық жағдайы өте ұқсас жəне интернационалды болып келеді. Жапондық сапа басқару тəсілінің айрықша элементтері келесідегідей:
1. Процестің тұрақты дамуына бейімделу жəне барлық бөлімшелерде еңбек нəтижелеріне жету;
2. Өнімнің сапасына емес процестің сапасының бақылануына бейімделу;
3. Ақаулардың пайда болмауын қадағалауға бейімделу;
4. Түпкілікті зерттеу жəне қазіргі операциядан келесі операцияға дейінгі жүретін принціп бойынша туындаған мəселелерді сараптау;
5. “Сенің тұтынушың келесі өнеркəсіптік іс-əрекетті жүзеге асырушы” атты принціпті дамыту;
6. Еңбек нəтижесінің сапасы бойынша жауапкершілікті тікелей атқарушыға жүктеу;
7. Адам факторын белсенді түрде қолдану жəне жұмысшылар мен қызметкерлердің шығармашылық потенциалын дамыту, “дені сау адамға жұмысты нашар істеу ұят“ деген моральды санаға сіңіру.
Жапондық мамандар “сапа – кəсіпорын тағдырын белгілейді“, “сапа туралы минут сайын ойла“ атты ұрандармен жұмыс істейді. Осындай ұрандар кəсіпорын жұмысына қарқын береді деп ойлайды. Жапондық кəсіпорындарда (“бес ноль“ деп аталатын) сапаландыруға қатысу мүмкіндігін беретін бағдарлама жасалынған. Ол мынадай қысқаша ережелерден тұрады:
• ақаудың пайда болуына жол бермеу;
• ақауы бар өнімді келесі кезеңге өткізбеу;
• ақауы бар өнімді алдыңғы кезеңнен қабылдамау;
• технологиялық режімді өзгертпеу;
• қателерді қайталамау.

Сапаны басқару мəселе бойынша Еуропалық қор (European Foundation for Quality Management) жүйелендірілген көптеген сапа басқару критерийлерін ұсынады, олар кез келген компанияның немесе оның бір бөлімінің қызметін тиімді жетілдіруге зор үлес қосады.


EFQM-нің əдісінің қолданылуы негізінде Еуропада сапа үлкен дəрежеге жетіп отыр. Олар:

  • Тұтынушының қанағаттануы;

  • Іскерлердің қанағаттануы;

  • Қоғамға əсер етуі.

EFQM-нің негізгі шарттарының бірі – компанияның жақсы дамуы. Бизнесті ұлғайту үшін EFQM-нің қолайлы жүйе принціпі қолданылады. Мұндағы негізгі қолданылатын əдіс EFQM моделіне сүйеніш болып тұрады.
EFQM моделі келесі түрлерге шоғырланады: Назардың барлығы тұтынушыға аударылған; Жеткізушілермен бірлестік; Мамандардың білімдерінің жетілдірілуі мен олардың іске қатысулары; Фактілер мен процестер; Үздіксіз жетілдіру мен новаторлық; Басқару жəне мақсатқа жету; Өзара жауапкершілік; Қорытындыларды жинақтау.


Американдық компаниялардағы сапаны басқару формалары, өнімнің өлшемі, көлемі мен номенклатурасындағы, ұйымдастыру құрылымы типіндегі, техникалық процестердегі жəне т.б. факторлардағы айырмашылықтарға байланысты əртүрлі болады. Бұл факторлар шектеулер қойып, компанияның өзгешелігіне өнім сапасын басқару жүйесінің қатал түрде енгізуін қажет етеді. АҚШ компаниялары мен фирмаларында, «Ақауларды болдырмау жолымен сапаны жақсарту», «Нөлдік ақаулар» атауларына ие болған сапа басқару
əдістері мен бағдарламалары кең таралды.

Сапа саласындағы АҚШ тəжірибесін талдай отырып, оған тəн келесідей ерекшеліктерді белгілеуге болады:


- математикалық статистика əдістерін қолданумен өнім сапасын қатал түрде бақылау;
- өндірісті көлемдік жəне сапалық көрсеткіштер бойынша жоспарлау процесіне көңіл бөлу, жоспарларды іске асыруды əкімшілік бақылау;
- фирманы жалпылама басқару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет