Специальность "6M075000-Метрология" 1,5 года


Сапасын басқарудың шаруашылықтағы, ғылымдағы, техникадағы, өдірістегі маңызы қандай?



бет25/30
Дата13.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#56883
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Специальность 6M075000-Метрология 1,5 года

25. Сапасын басқарудың шаруашылықтағы, ғылымдағы, техникадағы, өдірістегі маңызы қандай?


Өнім сапасын басқару – тауар сапасына əсер ететін факторлар мен жағдайларға мақсатқа сай ықпал жасау жолымен өнімді жасау, өндіру, айналдыру мен пайдалану кезінде қажетті сапа деңгейін белгілеу, қамтамасыз ету мен ұстау.
Өнім сапасын басқару(ӨСБ) ісі мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:
• ең жақсы əлемдік жетістіктерге сəйкес өнімнің жаңа, жоғары сапалы түрін жасау мен игеру;
• өндірістің жалпы көлемінде жоғары категориялы сапалы өнімнің, яғни бəсекеге қабілетті өнімнің үлестік салмағын арттыру;
•шығарылатын өнім сапасының көрсеткіштерін жақсарту мен оны бəсекеге қабілетті топқа көтеру;
• заттың сапасы ескірген өнімді уақтылы алып тастау, ауыстыру немесе жаңғыртып жетілдіру;
• ұжымдар мен орындаушылардың жұмыс сапасын жоспарлы түрде арттыру.

Соңғы кездерге дейін кəсіпорындарда сапа мəселесін шешу кезінде нарықтық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалық деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мəселелерімен техникалық бақылау жəне сапаны талдау бөлімдері айналысады. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілеу) тексеру, өндірістік процестердің əрбір амалдарында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дəлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау жəне оларды белгілеу кіреді.


Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына
қойған негізгі мəселелері, олар:

  • өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;

  • тұтынушыға жəне барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;

  • өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм əсерлерін күшейту.

Сапаны басқару жүйесін енгізу кəсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

  • өнім көлемін ұлғайту жəне оны сататын нарықты (рынокты) табу;

  • жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкіншілігін қарастыру;

  • өнімнің бəсекеге жарамдылығы жəне қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі мəселелерді шешу.

1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет