Специальность "6M075000-Метрология" 1,5 года


-Таралуына қарай ақаулар былай бөлінеді



бет22/30
Дата13.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#56883
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
-Таралуына қарай ақаулар былай бөлінеді:
1.Жергілікті ақау – бұйымның кішкене бөлігін алатын ақау.
2.Таралған ақау – бұйымның біраз бөлігін алатын ақау.Ақауларды жою барлық шығарылатын өнім немесе оның жеке партияларының бағасының артуына әкеледі. Жойылмайтын ақау кәсіпорын үшін тікелей экономикалық зиян болып келеді, әсерінен еңбек пен материалды-техникалық шығындар туындайды. Кез келген кезеңде ақаулардың пайда болуы олардың орны мен пайда болу себептерін дереу анықтауды қажет етеді.


21. Өнімің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар қандай?
Тауардың бəсекелестік қабілеттілігі белгілі бір уақыт сəтінде оның сол нарықтағы сəтті сатылу мүмкіндігі. Қазіргі заманғы нарықта тауар бəсекелестік қабілеті бар болып саналады, егер ол нақты сатып алушыға есептеле отырып жасалатын болса. Өткізілмеген тауар, тіптен егер ол стандартқа сəйкес келсе де, егер оның технологиясы жақсы жасалса да, ал дайындаушы оны жоғары бағаласа да сапалы тауар болып саналмайды.


Бəсекелестік қабілеттілік бірқатар факторларға байланысты болады: тауардың сапасына жəне оның жаңалығына; төлем жағдайына; тауарды жеткізу мерзіміне; оны жарнамалауды жəне оған шығарылған шығындарды ұйымдастыру; салық мөлшерлері жəне соған ұқсас тауарларға нарықтық кедендік салық; халықтың төлем қабілеттілігіне; техникалық қызмет көрсету деңгейіне; қосалқы бөлшектердің нарықта болуына жəне т.б.


Өнімнің бəсекелік қабілеттілігі дегеніміз – тауардың барлық нарық шарттарына сəйкес келе отырып, өндіруші мен тұтынушының мүдделері сақталатын, тауар мінездемесінің тұтынушы талаптарына толық сəйкес келуі. Яғни, тауар тек ғана техникалық, эстетикалық, эргономикалық жəне тағы басқа қасиеттерге ие бола қоймай, оның сатылуына да (баға, қызмет, фирма престижі, жеткізілу мерзімі) жауап беру керек. Өнімнің бəсекелік қабілеті бірнеше маңызды қасиеттерге ие: бəсекелік қабілет –салыстырмалы шама, яғни ол ұқсас өнімдермен теңестіру арқылы анықталады; ол динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді, тауардың өмірлік кезеңіне жəне басқа да жағдайларға тəуелді; əрбір тұтынушының жеке талғамы əрбір өнімнің бəсекелік қабілетіне өздігінше əсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет