Специальность "6M075000-Метрология" 1,5 года



бет27/30
Дата13.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#56883
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
II.Сапа басқару фазасы. Бұл фаза XXғ. 20ж. басталады және американдық зерттеуші В.Шухарт есімімен байланысты. Ол бақылау карталарын қолдануды ұсынды. Бұл фаза жетістіктерінің бірі – бұйымдар партияларынан алынған үлгілерді бақылау жолымен өндірістегі сапаны қамтамасыз ету жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін тексерген сапа бойынша аудиторлық қызметтің құрылуы болып табылады. Сапаны қамтамасыз ету концепциясының басты мақсаты – тұтынушылардың тек жарамды бұйымдарды алуы. Ақауға шығарып тастау (отбраковка), сапаны қамтамасыз етудің маңызды әдістерінің бірі болып сақталады, бірақ басты күшті жарамды бұйымдарды шығаруды арттыруды қамтамасыз ете отырып, өндірістік процестердегі басқаруды шоғырлау керек.

  • III.Сапаның үздіксіз жоғарылау фазасы. Фазаның басталуын 1950ж-дан бастап санау қабылданды. Американдық ғалым Э.Демингтің Жапония өндірушілері алдында дәрістер оқуы елеулі оқиға болды. Кейін замандасы Дж.Джуранмен бірге жапондық өндіріс үшін сапаны қамтамасыз ету бағдарламасын жасаған. Бұл бағдарламаның басты идеясы: «Өнім сапасының негізі – еңбек сапасы және барлық деңгейлердегі сапа менеджменті» болды. Бағдарлама жалпы жүйені жетілдіруге, компания басшылығының сапа мәселелеріне қатысуына, барлық қызметкерлерді сапаны қамтамасыз ету әдістеріне үйретуге негізделеді. Осы фазада қазіргі заман түсінігіндегі сапа менеджменті қалыптасты. Сапаны жоғарылату мен өндіріс тиімділігінің артуы арасындағы қарама-қайшылықтар алдын алынды: басқарудың жаңа идеяларын қолдану бір мезгілде сапаны жоғарылатуға және өндіріске кеткен шығындарды төмендетуге мүмкіндік берді.

  • IV.Сапаны жоспарлау фазасы. Бұл фаза 1960ж. ортасында алдыңғы фазаның идеяларының дамуы ретінде қалыптасты және, бір жағынан, бұйымдардың сенімділік теориясының дамуымен, басқа жағынан, бұйымдар жасау процесін есептеуіш техниканы енгізумен байланысты. Бұл фазаның негізгі концепциялары: - бұйымдар ақауларының үлкен бөлігі, жобалау жұмыстарының жеткіліксіз сапасы салдарынан, әзірлеу сатысында белгіленген; - бұйым жасау бойынша жұмыстардың ауырлық центрін, тәжірибелі үлгілердің заттай сынақтарынан бұйымдар қасиеттері мен оларды өндіру процестерінің математикалық моделдеуіне көшіру; - жоғары сапаны тұтынушыға тұрақты түрде төмендейтін қолайлы бағамен ұсыну қажет, себебі нарықтағы бәсекелестік өте үлкен.




  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет