Спортшылар мен спорт командаларының психологиялық дайындығЫ Қ.І. Адамбеков



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата06.03.2017
өлшемі1,41 Mb.
#7609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

   
 
Summary 
This  work  describes  Hae  all  sides  of  recommendations  and  methods  of  carring    auf  Hu  lessons  for  the 
whole academic vear and allocation means and types of lessons. 
Wide choice of different sports in carring auf the lesson aralable to the qualificational lessons. 
 
 
 
 
СДБАРМИ-ДА  ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТА 
СПОРТТЫҚ РЕЗЕРВТІ ДАЙЫНДАУ САЛАСЫ 
 
Қ.Е.  Изанова - спорт бӛлім әдіскері, 
спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты 
 
СДБАРМИ-ы  (Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты) жаңа       
типтік  бағыттағы  спорттық  -  инновациялық  білім  беру  болжамдарына  сүйене  отырып,  болашақта 
Қазақстан  спортының  халықаралық  дәрежедегі  беделiн,  одан  әрi  арттырудың  қажеттiлiгiнен  спорт  
резервiн сапалы дайындау үшін,  оқу - жаттығу сабағы  мен жалпы  орта білім беру пәндерінің сапасын 
жетілдіру  барысында  жұмыстар  жүргізіуіміз  керек.  Әлемнiң  алдыңғы  қатарлы      спортшыларының   
жаттығу   үрдісiне  кіргізілген  сапалы  оқу-жаттығу сабағының  медицина-биологиялық кешендерін  ғана  
емес,  сонымен  қатар  олардың дұрыс тамақтануы,  демалуы,  психологиялық  даярлығы тәжірибесінен 
жинақталған  жаңаша  әдістерін  енгізуді  қажет  етеді.
  
Осы  аталған    мақсаттарды    іс  -жүзіне  асыру    үшiн 
мынадай мiндеттердi орындау қажет: 
- халықаралық дәрежеге сай жауап беретін спорттық  инфрақұрылымды  дамыту;   
- оқу-жаттығу сабағына жаңа инновацияық технологияны енгізу;  
- спорт  саласын бiлiктi жаттықтырушы-оқытушылармен  қамтамасыз ету;  
-  спорттың    оқу-жаттығу  процесіне  арналған    ғылыми-әдістемелік  тұрғыда    оқулықтар,    оқу 
құралдар мен  нұсқаулар  жазып даярлау; 
- спорт резервiн, халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау жүйесiн жетiлдiру; 
-  сапалы  резервтер  дайындауда  спорт  кешені  мен  пән  кабинеттерін  жаңа  талаптарға  сай, 
материалдық-техникалық, спорттық құрал – жабдықтар  базасымен  нығайту  және дамыту
-  спорттағы  оқу-тәрбие  процесі  мен  ғылыми  зерттеу  жұмыстарының    жүргізілу  деңгейін  сапалы 
ұйымдастыру; 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Начальная школа и физической культуры», № 3 (30), 2011 г. 
 
24 
- спорттағы оқу-жаттығу  процесін  сапалы дайындау және ӛткізу; 
- спортшы-оқушыларға берілген білім сапасына спорттық тәрбие мен инновациялық менеджмент 
арқылы сараптап  анықтама беру; 
-
 
жаттықтырушы-оқытушы мамандарды  білім жетілдіру  курстарынан ӛткізу; 
-
 
халықаралық,  республикалық  дәрежеде  ӛткізілетін    дене  мәдениеті  және  спортқа  арналған 
конгрестер, конференциялар, семинарларға қатыстыру; 
Мемлекеттік  бағдарламадағы    спорт    резервті  дайындау  саласының  құжаттарына    кӛптеген  
ӛзгерістер  енгізуде, соның ішінде  Қазақстандағы  спортты  сапаландыру мен жаңартудың стратегиялық 
бағыты, спорттық педагогика, спорттық  психология  және  спорттық  медицинаны   толық  дамытып  қана 
қоймай,    спорттық  дайындық  бағдары  бойынша    спорт    резервiн    даярлау    барысында    оқу-жаттығу 
сабағының  методикасы  мен  әдiстерiн    үнемi  жетiлдiріп  отыру  үшін,  спорттық  инновация  түрлерін 
қолданудың  қалыптастыру  жүйесін  құру. Олар: 
Спорттық-педагогикалық  инноватика- бұл спорттық білімнің сапасын кӛтеру үшін, спорттық 
білім беру  процесінде,  отандық  және шет ел тәсілдерін қолдану ғана емес, сонымен бірге оқу-жаттығу 
сабағына  оқытудың  жаңа  әдістемелерін  енгізу  болып  табылады.  Спортшыларға  техникалық  және 
тактикалық  дайындықта  оқу-жаттығу  сабағын  ӛткізуде,  тӛмендегідей  оқу  техникасының  материалдық  
құрал - жабдықтар базасын: тренажерлер, үлгілер, бейнедәрістер, бiлiмде акпараттық- коммуникациялық  
технологияларды    тиiмдi    қолдану  арқылы  инновациялық  технологияларды  оқу-жаттығу  процессіне 
енгізіп,  компьютерлік интернет сайттар мен электрондық тақталарды пайдаланып,  жұмыс жасауды қажет 
етеді.  Жақсы  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  оқу-жаттығу  сабақ  мазмұнының  түрлерін,  практикалық  сабақ 
ӛткізуде кӛрсетілетін жаттығулардың амал-тәсілдерін түгелдей ӛзгерту қажет, сол үшін оқу-жаттығу сабақ 
процесіне  оқытудың    инновциялық  акпараттық-  коммуникациялық    технология,  компьютерлік  оқыту, 
ойын  арқылы  оқыту  технологияларын  енгізсе,  спортшы-оқушылардың  спорттық  шеберлігін,    біліктілігі 
мен  белсенділігін,  спортқа  деген  қызығушылығын арттырып,  берілетін  жаттығулар  сапасын  жақсартуға, 
ӛз бетінше практикалық жұмыстарды орындауға  жағдай  туғызар еді.  
Актуалдығы
  –  акпараттық-  коммуникациялық    технология,    компьютерлік  оқыту,  ойын  арқылы 
оқыту  технологияларының  басты  сипаты  –  мақсатты  жоғарғы  нәтижеге  қол  жеткізу,    ал  қоғам  талабы, 
спортшы- оқушыларды спорттық нәтижелігі мен жетістігі  жоғары  спортшы етіп даярлауда, оқу-жаттығу 
сабағына  презентациялар,  жаттығулар  кӛрсетуде  кӛрнекілік  құралдарды  пайдалану      ең  ыңғайлы 
әдістерінің бірі болып табылады. 
СДБАРМИ-да  (Спорттағы  дарынды  балаларға  арналған  республикалық  мектеп-интернаты) 
жаңаша  инновациялық  акпараттық-  коммуникациялық    технология,    компьютерлік  оқыту,  ойын  арқылы 
оқыту технологияларын енгізу негізделуде. Сондықтан жаңаша  оқыту спортшы-оқушының ӛзіндік жұмыс 
жүргізіп,  алдына  мақсат  қойып,      жоспар  жасай  алуына,  ұйымдастыра  білуге,  ӛзін-ӛзі  бақылап,  ӛзін-ӛзі 
бағалауға  үйретеді.  Спорттық  білім  беруде  оқу-жаттығу  сабағын  ұйымдастыруға  арналған  жаңаша 
бағдарда  ғылыми-әдістемелік  құжаттар,  құралдар  мен  нұсқаулар  жазылып    енгізілуін  қамтамасыз  етсек, 
онда оқытудың тӛмендегідей мәселелерін шеше аламыз: 
- спортшы-оқушылардың  спортта, оқу-жаттығу сабағында толық  үлгерімін  қамтамасыз ету; 
- спортшы-оқушыларға берілетін жаттығулардың кӛлем саны мен жүктемесінің сапасын арттыруға  
мүмкіндік беру; 
- спортшы-оқушылардың  спорттық  шеберлік  нәтижелерін  әділ бағалау
- спортшы-оқушылардың  жарыс алдындағы, қорқыныш, мазасыздық, сенімсіздік сезімдерін  жою; 
-  спорттағы    дарынды  балаларды  дер  кезінде  анықтап,  олардың    спорттық  шеберлігін  дамытуға 
жағдайлар жасау;  
-  Республика,  Азия,  Олимпиада  ойындарына  қатысатын  спортшы-оқушылар  арасынан  
чемпиондар  (жүлдегерлер),  жеңімпаздар  санын  арттыру. 
Инноватика (жаңашылдық) - бұл гуманитарлық ғылым іргесі, жаңа бiлiм   заңдылықтарын  оқу-
жаттығу  үрдісіне  енгiзу,  оны  іс-тәжірибе  жүзінде    игеруге   үйрету болып табылады. 
Спорттағы  жаттықтырушы-оқытушылар,  мұғалімдер,  тәрбиешілер,  дәрігерлік  орталық  
қызметкерлері    ӛз  мамандығы  бойынша  білімін  жетiлдіру  үшін,    жаңа  техникалық  құралдармен    жұмыс  
жасай    алумен  бірге,  сондай-ақ    спорт  бiлiмiнің  проблемалық  мәселелерiн  талқылауға  арналған  ғылыми 
конференциялар,  семинарлар,  курстар,  On-Iine  конференция,  интернет-семинар,  интернет-конкурс, 
интернет-форумдар,   дӛңгелек үстелдерге    тұрақты   түрде    қатысып және  ғылыми баяндамалар   жасауы  

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене тәрбиесі» сериясы, №3 (30), 2011ж. 
25 
керек.  Сонымен  бірге  интернетті  қолдану  арқылы  инновациялық  технологияларды  оқу-жаттығулар 
процесіне  енгізу,    педагогикалық  кәсіби  шеберлігін    жоғарылату      үшін    шебер  –  сынып    ашу  болып 
табылады.  (Мастер класс). 
Кәсіби  -  спорттық  педагогиканың  позициясы  спорттық  саладағы  педагогиканы  жете  меңгерумен  
бірге  кәсіби  жеке сапаны, терең білім мен іскерлікті игеру керек. Олар: 
-  іс-жүзінде ӛз мақсатын жүзеге асырушы маман; 
-  ӛз міндетін  білетін және орындаушы маман ; 
-  жасаушы, жаңалық ашушы, ойшыл маман; 
-  спорттық – педагогиканың  алға  басқан жетістігін қолдана білуші маман
-  үш тілді меңгерген маман. (қазақ, орыс, ағылшын тілін). 
-  мектепте    жаңаша  білім  беруді  дамыту  мақсатында,  таңдап  алынған  спорттағы  инновацияны  
жоғарғы  дәрежелі  табысқа  жеткізуші маман. 
Спорттық  -  педагогикаға,  спорттық  -  психологияға,  спорттық  -  медицинаға  жаңа    идеология  
қажет,  ал  біз  бұны  спорттық  бiлiм  беруді  ғылыми  тұрғыда  жүзеге    асыру  деп    қарауымыз  керек.  Біздің 
болашақтағы СДБАРМИ-дағы спорт саласының алдына қойған спорттық инновациялық бағыты мынадай: 
- әртүрлі  жастағы спортшылардың техникалық, тактикалық  дайындық шеберлігін  жетiлдiру; 
- спортшы-оқушылардың  спорттық  нәтижелiлiгiн  кӛтеру; 
- спортшы-оқушыларға  арналған  арнайы тамақтандыру бағдарламасын  жасау; 
- дәрі-дәрмектер  мен физиотерапевтикалық  емдеуді  қамтамасыз ету; 
- жаттығу  нәтижесі  мен  жарыс  құралдарының  тиiмдiлiгiн  жоғарылату; 
- оқу-жаттығу процессінде  әр түрлi  құрылымдарды  пайдалану; 
- ӛткізілетін  жарыс  деңгейін  жаңа заман  жүйесіне сай  жасау; 
- спорттық  білім беруші  жаттықтырушы-оқытушыларды  жаңалыққа баулу. 
Спорттық  педагогикалық    бiлiм  -  бұл,  спортшыларды    дайындауда    бiздiң  жаттықтырушы-
оқытушылардан,    мұғалімдерден,  тәрбиешілерден    спорттағы  білім  беру  процессін    жетілдіруде  
тӛмендегідей  жаңа оқыту түрлерін  қолдануды  қажет  етеді: 
1)
 
 Оқушы-спортшыларға  олимпиадалық қозғалыс бойынша  бiлiм  беру;  
2)
 
 Дене мәдениеті  мен спорт тарихы;  
3)
 
 Олимпиадалық  қозғалыс  тарихы,  спорттағы    Олимпиадалық  хартиямен,    мәдениет  пен  
бiлiмнiң  ӛзара байланысы;  
4)
 
Оқушы-спортшыларды  -  қазiргi  таңдағы    Қазақстан    мен    шетел  тәжiрибесiндегі  
Олимпиадалық  қозғалыс   жетістіктермен  таныстыру;  
5)
 
Спорттық Олимпиада  этикасын  бекіту,  қолдану;  
6)
 
Спорттық Олимпиадаға арналған  тақырып бойынша мектепiшiлiк пiкiрталастар,  викториналар 
және де  қазіргі  Олимпияда  чемпиондары мен  ардагерлерінің  қатысуымен  кездесулер  ұйымдастыру; 
7)
 
Мектеп-интернат құрылымындағы спорттық оқу-жаттығу сабағы  мен жалпы  орта білім  беру  
саласының пәндiк байланысы. 
Жоғарыда айтылғандардың барлығы, дене мәдениетi саласы шеңберiнде теориялық-әдiстемелiктің 
негiзiн  құрайтын  сұрақтарға  байланысты,  қоғам  арасындағы    адамдардың  бір-біріне  деген  түсінігімен 
және дене  мәдениетiн дамытуға  бағытталған  болашақтың  жаңа үлгілері  мен жалпы мәдениеттің негізгі    
болып табылады.   
Спорт    бӛлімінің    негізгі  қызметі  мен  міндеті  –  спорттық  резервті  дайындау  және  аттестация 
кезеңдерінде  жүргізілген  зерттеу    шешімдерінің  қорытындысы    бойынша,  зерттелген    әдістемелерді  
іріктеп  алып,  оны    тәжірибе    жүзінде  қолдану  үшін    сараптамалық  талдаулар    жасайды.  Спорт  түрлері 
бойынша  оқу-жаттығу  сабағын    ӛткізуде    ғылыми    спорттық  педагогикалық  инновацияны  пайдалануға  
бағыт  береді.    Спортшылардың  спорттағы  кӛп  жылдық  дайындығында,  спорттық  педагогика  процесінің 
атқаратын  маңызы  зор,    жас  спортшыларды  дайындауда  жаттығу  процессінің    кӛрсеткіштік    нәтижесі  
берілген  кӛлем  саны  мен  жаттығу  жүктемесінің  тиімділігінде  ғана  емес,  оқу  –  жаттығу  процессіне  
енгізілген   жаңа инновациялық   технологияны   дұрыс  қолдана  білуіне  байланысты  болады.   
Жас  спортшыларды   дайындаудағы  проблемаларды  шешу  негіздері: 
-  берілетін  жаттығулар  жиынтығына  енгізілген макро,  -  мезо  -  және микроциклдарды  үйлесімді   
жетілдіру; 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Начальная школа и физической культуры», № 3 (30), 2011 г. 
 
26 
 -  спорттық  шеберліктің    деңгейін    кӛтеру  үшін  дене  дайындығы  мен  техникалық  даярлықтың  
құрылымына  қажетті  ӛзгерістер  енгізу; 
-  берілген  жаттығу  жиынтығы  мен  жарыс  жүктемесінен  кейін,  спортшылар  организмінің  қайта-
қалпына  келуі  процестерін  бақылау  үшін,  қолданылатын  спорттық  педагогикалық    және  медико  - 
биологиялық  әдістерді   ӛңдеу  және енгізу; 
- жаттықтырушы-оқытушылар мен оқушылардың кәсіби  білімін және біліктілігін жетілдіру.   
Біз  спорттық  инновация  деп  жалпы  спорттық-кәсіби  білім  беру  саласына  жаңаша    оқытуға   
ӛзгерістер енгізу деп  түсінеміз.  XXI ғасыр болашақта, спорт  саласының  оқу-жаттығу  процесін  жоғарғы  
сапалы  нәтижелерге  қол  жеткізуге  талап  қояды.    Бүгінгі  дене  мәдениетінің  алдына  қойған    талабы 
спорттың алға қадам басуы үшін, барды жоғалтпай,  жаңаша  құрастырып,  озық  жұмыс  жасауды  қажет 
етеді. Қазақстан спортшыларының алдына қойылған мақсаты, дене мәдениетінің құндылықтарын жүйелi 
түрде игере отырып, жазғы және қысқы Олимпиада ойындарында ғана емес, басқа да жарыстарда  жақсы 
табыстарға   жету  екендігін  кӛрсетеді. 
Ӛзектілігі
  -Ұйымдастыршылық  -  педагогикалық  негiзінде  балалар  спортын  дамыта  отырып,  ҚР-
ның  құрама  командалары  үшiн  спорттық  қорлар  (резервтер)  дайындауда  спорттық  білім  беру  мен  дене 
дайындық  мақсатын  іске  асыру  мүдделерi  мен  қажеттiліктерін  қанағаттандыруды  мемлекеттiк  және 
қоғамдық формалар жиынтығы ретiнде қарастыруды талап етеді. 
Спорттағы  жастарға  инновациялық    ҧлттық    спорт  тәрбиесін  беру  дегеніміз  - 
жаттықтырушы-оқытушылар,  мұғалімдер  мен  оқушылар  арасындағы  педагогикалық  қарым-қатынасты, 
ұлттық  дәстүр  мен  жалпы  адамдық  мәдени  құндылықтар  негiзінде  ұйымдастыра  отырып,    Қазақстан  
республикасының ұлттық сезiмдi патриот азаматы етіп тәрбиелеп  шығару болып табылады.  
Мақсаты: 
-
 
оқу-жаттығу  сабағына  енгізілетін    жаңа    технологияны  оқып-үйрену,  меңгеру  арқылы  
жаттықтырушы-оқытушыларды   жан-жақты дамыту:  
-
 
кәсіби  шеберлігін,  біліктілігін,  интеллектуалдық,  адамгершілік,  рухани  келбетін  жетілдіріп  
қалыптастыру:    
-
 
оқу-жаттығу  процесін тиімді  ұйымдастыруына кӛмек кӛрсету; 
-
 
спорттық  ұлттық тәрбие  процессінiң методологиясын жасау; 
-
 
спорттық  ұлттық тәрбиенiң негiзгi мазмұндарын анықтау; 
-
 
 СДБАРМИ-на  (Спорттағы  дарынды  балаларға  арналған  республикалық  мектеп-интернаты)  
спорттық  ұлттық  тәрбиені  іс-тәжірибе  жүзіне  енгізу  үшін  педагогикалық-  ұйымдастырушылық    жағдай  
жасау. 
Міндеттері: 
-  спорттық оқу-жаттығу сабағының  мазмұнын жаңарту; 
-  мемлекеттік стандарт кӛлемінде білім беру; 
-  спорттық  ғылыми-практикалық жұмыстарға  мән беру; 
-  оқу-жаттығу сабағының  озық технологиясын меңгерту
-  жаттығу процесінде әр түрлi  құрылымдарды  пайдалану;  
-  оқу-жаттығу сабағы  мен спорттық ұлттық тәрбиенің бірлігіне қол жеткізу; 
-  спортқа дарынды балалардың  жеке қабілеттерін аша білу; 
- оқу-жаттығу сабағында акпараттық- коммуникациялық  технологияларды  тиімді пайдалану; 
- дамыта, ойын арқылы оқыту, жаңа ақпараттық-коммуникациялық   технологиясын  қолдану; 
- жаттығу нәтижесі мен жарыс  құралдарының  тиiмдiлiгiн  жоғарылату;  
- ӛткізілетін  жарыс  деңгейін жаңа заман жүйесіне сай  жасау;  
- спорттық білім беруші  жаттықтырушы-оқытушыларды жаңалыққа баулу 
-
 
әртүрлі    жастағы  спортшылардың  дене  дайындығы  мен  техника-  тактикалық    дайындық  
шеберлігін  жетiлдiру; 
- спортшы-оқушылардың  спорттық  нәтижелiлiгiн  кӛтеру;  
-  білімді,    шығармашыл,    ойшыл,  денсаулығы  мықты  алдына  мақсат  қоя  білетін    спортшы  етіп 
тәрбиелеп шығару.  
Спортшы-оқушыны: 
-жаттықтырушы-оқытушы мен спортшы-оқушылар арасындағы педагогикалық этиканы сақтау
- спортшы-оқушының ӛз бетінше  жұмыс жүргізуге жағдай жасау; 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене тәрбиесі» сериясы, №3 (30), 2011ж. 
27 
- ғаламтану дәуірінде ӛмір сүруге қабілетті болу;  
- ӛзін-ӛзі дамыта алатын тұлға етіп тәрбиелеу;  
-  спортшы-оқушыны    жеке  тұлға    ретінде    дарындылыққа,  қабілеттілікке,    танымдылыққа  
жетілдіру;   
- ӛз ісіне жауапкершілікпен қарауға үйрету; 
- спортшы-оқушылар  арасындағы  бірін-бірі сыйлау. 
 Олимпиада,  Азия  ойындары  мен  әлем  чемпионаттарының,  және  басқада  ӛткізілетін  жарыстарға 
инновациялық жаңа ӛзгерістер жыл сайын енгізіліп  тұруына байланысты, спорт саласы спорттық кәсіби 
шеберлігі  мен  біліктілігі  жоғары    спортшылар  мен  жаттықтырушыларды,    менеджерлерді, 
ұйымдастырушыларды,  заңгерлер  мен  медицина  қызметкерлерін  қажет  етеді.  Спорттық  педагогика, 
спорттық психология, спорттық медицинаның сарқылас жасампаз бӛлімі болып,  болашақта, спортты әлем 
деңгейіне  жеткізетін    теориялық  –  білім  берудің  ӛзекті  кӛптеген  мәселелерінің  шешімдеріне      жауап  
беретін  спорттағы  инновация   үлкен  рӛл атқарады. 
 
 
1.
 
Филин В.П., Фомин Н.А. Основы юношеского спорта. - М.: ФиС, 1985. - 255 с. 
2.
 
Платонов  В.Н.  Общая  теория  подготовки  спортсменов  в  олимпийском  спорте.  -  Киев: 
Олимпийская литература, 1977. - 583 с.  
3.
 
Қазақстан  Республикасы  Туризм  және  спорт  министрлігінің  стратегиялық  жоспары  
Қазақстан  Республикасы  2010  –  2014  жылдарға  арналған  Үкіметінің  2009  жылғы  «31»  желтоқсан 
№2340   қаулысымен  бекітілген 
4.
 
Об  утверждении  Регламента  о  порядке  организации  учебно-тренировочного  процесса  в 
спортивных школах  
5.
 
Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по туризму и спорту от 15 июля 2003 
года N 06-2- 2/214. 
 
 
Резюме 
В статье раскрываются  новые подходы и пути формирования  в подготовке спортивного резерва в 
Республиканской  школа-интернат    для  одаренных    детей  в  спорте    города    Алматы,  а  также  автор 
представляет модель и некоторые цели и задачи развития одаренности и талантливости детей в спорте. 
 
 
Summary 
The  Keywords:  new  approaches  open  In  article  and  way  of  the  shaping  approach  in  preparing  the 
atheletic reserve in Republican school-internationale for gifted children in sport of the mountains.  Almaty. Also, 
the author presents the model and some purposes and problems of the development to giftses and talented children 
in sport. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Начальная школа и физической культуры», № 3 (30), 2011 г. 
 
28 
ӘОЖ: 37. 035. 6 (574)  
ОТАНШЫЛДЫҚ СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
А.С. Алимжан – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 4 - курс студенті
К.А. Кулатаев, Е.Е.Оспанкулов - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 
 «Бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы 
 
Қазақстан  Республикасы  ӛзінің  тәуелсіз  мемлекет  екендігін  бүкіл  әлемге  дәлелдеді.  Енді  басты 
міндет  –  осы  мемлекеттің  ӛркендеп  ӛсуі,  халықтың  әлеуметтік,  экономикалық  жағдайын  кӛтеру. 
Қазақстанды  –Отаным  деп  таныған  әрбір  азаматтың  осыған  ӛз  мүмкіндігінше  үлес  қосуы  тиіс.  Мұның 
басты  шарттарының  идеяларын  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  ӛзінің  «Қазақстан-  2030»  Жолдауында  «Біздің 
балаларымыз  бен  немерелеріміз  бабаларының  игі  дәстүрін  сақтай  отырып,  қазіргі  заманғы  нарықтық 
экономика  ӛркендеу  үстіндегі  күллі  әлемге  әйгілі  әрі  сыйлы  ӛз  елінің  патриоттары  болады»  деп  нақты 
кӛрсеткен болатын [1]. 
Міне,  бүгінде    Қазақстан  әр  таңын  дамумен  қатар  аман-есендік  пен  бейбітшілікте  қарсы  алады. 
Бұл оның үлкен жетістігі.   Ал, осы күн біздің жерімізде әрі қарай жалғаса беретініне және бұл сезім біздің 
жүрегімізде мәңгілікке сақталатынына кепіл болатын – ол бүгінгі жас ұрпақ. 
Президент  стратегиясының  түпқазығы,  басты  арқауы  –  адам  тағдыры.  Бүгінде  ӛзгерген  адам, 
келешек  ұрпақ,  олардың  сапасы  –  Елбасы  назарында.  Стратегияны  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін, 
алғышартының ӛзі – Қазақстан халқы, оның жоғары сапасы, жасампаздық істерді орындауға мүмкіндігінің 
жеткіліктігі  және  қабілеттілігі.  Бұл  талап  Қазақстан  халқына,  олардың  ерік-жігеріне,  күш-қуатына, 
табандылығына, білімділігіне сенгендіктен туындаған. 
Сондықтан,  қазіргі  уақытта  қоғамның дамуына  байланысты  ӛскелең ұрпаққа  сапалы   білім беру, 
оларды  тәрбиелеу  және  дамыту  міндеттері  барған  сайын  күрделеніп  бара  жатыр.  Басты  міндеттің  бірі: 
орта мектепті бітірген оқушы, ӛскелең қоғам жалғастырушы, ӛмірге белсене араласа отырып, ғылымның 
шапшаң  дамуына  ілесуі,  ашылған  жаңалықтарды  ӛздігінше  оқып  меңгеру,  оларды  ӛзі  қызмет  ететін 
салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, ӛмірде қолдана алуы. Сонымен қатар оқушылар мектеп 
қабырғасында жүріп-ақ әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-
тәсілдерін, Отан деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс.  
Осыдан    туған  халқымыздың  тілін  ардақтап,  оның  кәусар  бұлағынан  сусындау;  Атадан  балаға 
жалғасып  келе  жатқан  салт-дәстүрлерді,  әдет-ғұрыптарды  жалғастыру;  Ӛткен  тарихымыздың 
жақсылықтары  мен  тәрбиелік  мәні  бар  жақсы  қасиеттерін  сақтап,  одан  әрі  жан-жақты  дамыту,  оның 
ӛркендеуіне  үлес  қосу;  Абай  атамыз  айтқандай,  ұлттық  қадір-қасиетімізді  арттыру,  ұлт  атына  кір 
келтіретін жат пиғылдан аулақ болу арқылы біз ӛзіміздің қасиетті отаншылдық сезімімізді кӛрсететеміз. 
 Отаншылдық  сезім  –  адамның  саналы  ӛмірімен  қабаттас  қалыптасатын  психологиялық,  саяси  -
әлеуметтік  құбылыс.  Ол    -    ананың  сүтімен  бірге  ӛзінен  -  ӛзі  келмейтін  баланың  бойында  біртіндеп 
қалыптасатын  құдіретті  сезім.  Бұл  сезім  әркімде  әр  кезеңде  оянып,  кейін  кәмелетке  келгенде  біржола 
буыны  қатып,  тәжірибемен,  уақытпен,  біліммен,  қоршаған  ортаның  ықпалымен,  балабақша,  отбасы,  
мектеп,  жоғарғы  оқу  орындары,  бұқаралық  ақпарат  құралдары,  қоғамдық  ұйымдар  мен  қозғалыстар 
әсерімен  қалыптасады.  Патриоттық  сезім  оқушыларда  тәрбие  арқылы  ӛсіп  жетіліп  патриоттық  сана 
түрінде қалыптасады.  
Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар кӛзі  - Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, 
оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған ӛлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам 
кӛкірегіне  жылылық,  жақындық,  туысқандық  сезімдерді  ұялатып,  ізгі  де  ерлік  істердің  қайнар  кӛзіне 
айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы [2].  
Қазіргі  заманда  мектеп  оқушыларын  патриотизмге  тәрбиелеу  мәселелерін  С.Ешімханова,  
Е.Жұматаева,  А.К.Ахметов,  Д.С.Құсайынова  және  т.б.  ғалымдар  зерттеген,  олардың  ой-пікілеріне 
сүйенсек,  ғылыми  -  педагогикалық,  психологиялық,  мектептегі  іс-тәжірибелерін  зерттеп  бақылау 
нәтижесінде  мектеп  оқушыларын  патриотизмге  тәрбиелеудің  бағыттары  тӛмендегідей  мәселелерді 
кӛздейді: педагогикалық практикадағы мүмкін-діктерді барынша толық қамтып біртұтас түрде оқушының 
жеке  тұлғасына  ықпал  етудің  жүйесін  жасау;  әртүрлі  пәндерді  оқытуда    және  тәрбиелік  жұмыстарды 
ұйымдастыруда  тірек  болатындай  сипатқа  ие  болу,  бұл  бағытта  жас  буынды  патриотизмге  тәрбиелеудің 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене тәрбиесі» сериясы, №3 (30), 2011ж. 
29 
теориясы  мен  практикасына  қатысты  қазақстандық,  ұлттық  тәжірибелермен  қоса  шетелдік  жаңа 
идеяларды үнемі ашып іс жүзінде  қолдану жолдарына кӛмектесуі керек [3,4].    
Адамның Отанын жете біліп, қадір қасиетін ұққанда, ӛткен жолын, қиындық-мехнаттарын, рухын 
тар  жол,  тайғақ  кешулерін  кӛз  алдынан  ӛткізіп,  онымен  сезе  білгенде,  елдің  басын  біріктіргенде,  жат 
жұрттықтардан  жерін,  суын,  даласын,  тауын,  қанын  тӛгіп,  қайсарлықпен  қорғап  қалған  ерліктерін  сезіп 
білгенде  ғана соған деген мақтаныш  сезімі  оянады, адам  бүгінгі  ӛзі басып жүрген топырақ  ана,  суының 
қадір қасиетін жеке сезініп, ӛз еліне деген мақтаныш сезімі күше бастайды. Қазақ халқының мемлекеттігі 
үшін, мемлекетті  нығайту  үшін,  тәуелсіздігі  үшін  жан  аямай күрескен хандарымыз, бей-сұлтандарымыз, 
азаттық  күрестің  қолбасшыларын  тарихымыздағы  атақты  қолбасшылар  патриотизмнің  нағыз  үлгісін 
кӛрсетті.  
А.Құсайынов:  "Патриотизм  дегеніміз  -  қоғамдық  сананың  бір  формасы,  тарихи  және  таптық 
категория  екенін,  яғни   ол  да  қоғам  дамумен  жаңа  мазмұнымен  толыға  түсетінін  білдіреді",  дей  келе 
патриоттық  тәрбие   процесінде  ӛз  Отанына  деген  сүйіспеншілік,  жалпыұлттық  намыс,  мемлекеттік, 
экономикалық,  ғылыми,  моральдық,  саяси,  әскери  және  спорттық  қуат  қарымын  дамытуға  ұмтылу,  оны 
идеологиялық, тіпті қажет болса, Отан қорғау қажеттері қалыптасатынын атап кӛрсетті [3].  
Осыған  орай  патриоттық  тәрбие  мәселесі  адамзат  тарихының  ӛн  бойындағы ұрпақтан  –  ұрпаққа 
жалғасып  келе  жатқан  ұлы  мақсат  болғандықтан,  мектеп  оқушыларының  бойындағы  Отанға  деген 
сүйіспеншілігін,  яғни  патриоттық  санасын  дарытуда  халқымыздың  біртуар  ұлы,  ержүрек  қолбасшы, 
жазушы, батыр ата-бабларымыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен ӛсиеттерінің және ерлікке 
толы шығармаларының алатын орны ерекше.       
Қай заманда болса да, адамзат ӛз алдына – есті, еңбек сүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеуді қояды. 
Ӛз  ұрпағын  үлкенді  құрметтейтін  адал,  инабатты,  әділ,  ержүрек,  намысшыл,  ізгі  ниетті  болып  ӛсуін 
қалайды.  Бұл  қасиеттер  дұрыс  тәрбие  арқылы  қалыптасады.  Міне,  осылардың  барлығы  жалпыадамдық 
педагогиканың бір бӛлігі ретінде тәрбие жүйесінің ізгілікті де игі бастауларын құрайды.  
Отаншылдық сезімді қалыптастырудың бір шарты – халық пен мемлекет арасындағы ӛзара сенімді 
нығайту  «Береке  бас  -  бірлікте»,  «бірлікте  болсаң  –  биікте  боласың»,-деген  халық.  Ата-бабамыз  Отанға 
деген пәк сезімнен, ӛршіл патриотизмнен әсер алған жандар. Бір сӛзбен айтқанда, елінің, жерінің ӛткенін 
сезінбей,  оның  ерлікке,  адамгершілікке  толы  тарихын,  ӛнерін  жете  ұғынбай  отаншылдық  сезімді  ояту 
мүмкін  емес.  Сондықтан  да  ӛткен  тарихты  объективтік  тұрғыдан  саралап  зерделеуге  ұмтылу  –  заман 
талабы. Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық–мемлекеттік қауіпсіздікке 
тікелей  байланыстылығын  сезіну,  ал  мемлекетті  нығайту  дегеніміз  -  жеке  адамды  күшейту  екенін 
мойындау,  қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет  деген  ұғымды жеке адаммен,  яғни  оның ӛткенімен, 
бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді»[4]. 
Ӛткенін  білмеген  –  халықтың  қадірін  білмейді,  халық  қандай  жайды  бастан  кешірді,  бүгінгі 
заманға қалай қол жеткізді? Халық ӛз тарихын жасау үшін тер тӛгіп, қанын сарп етті, азап шекті, тар жол, 
тайғақ кешуден ӛтті, жерін қорғап, елін сақтады – осының барлығын бүгінгі ұрпақ білуге, қастерлеуге тиіс.  
Осындай  игі  қасиеттерді  бойына  сіңірген  жалпы  адами  құндылықтарды  меңгерген,  қоғамның  жоғары 
мұратты  мақсаттарына  сай  келетін  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  –  баршамыздың  алдында  тұрған 
міндетіміз. 
Бүгінгі  күні  егеменді  ел  болып,  қазақ  деген  ұлт  болып  отыруымыздың  ӛзі  ата-бабаларымыздың 
теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. 
Ұлы Жеңіс! Иә, бұл Жеңіс күні бізге оңайлықпен келген жоқ, зарлы үндермен, қайғылы күндердің 
ұмыт бола алмайтын жасымен келді. Отан – ана ӛзінің бейбіт халқының кӛз жасын кӛрді. Ӛмір мен ӛлім 
ортасында  жүріп,  кеудесін  қорғасынға  тосқауылғып,  Отан-ананың  қаншама  ері,  батыры,  азаматы  кӛз 
жұмды.   Қарап отырсақ  соғыс  – адамзат ӛмірінің  ұлы  трагедиясы екен.   Иә, бұл жеңістің миллиондаған 
адамдардың  кӛз  жасымен,  қайғы  қасіретімен  келгені  баршылыққа  аян.  Сол  ауыртпалықты  бастарынан 
кешкен, қазір ортамызда жүрген ардагерлеріміздің қатары жылдан жылға сиреп, адамзат тарихындағы осы 
зұлмат оқиғаның тірі куәлары селдіреп бара жатқан сайын да оның қадір-қасиеті артып, бағасы қымбаттай 
түседі. 
Олар  бізге:  құрылыс  жақсы  болса  -  тұрмыс  жақсы,  бірлік  мықты  болса  -  тірлік  күшті  деп,  осы 
құрылыс  пен  бірлікті  кӛздің  қарашығындай  сақтаңдар  деп  ӛсиет  етті.  Сӛйтіп,  Ұлы  Отан  соғысында 
қабырғадан  қан  кешіп  жүріп,  бізге    бақыт  әперді,  жас  ұрпақ.  Ол  -  қазіргі  кең  жазира  Отанымыз  біздің. 
Отансыз ӛмір, онсыз қуаныш жоқ. Отан – бұл адамның туып ӛскен жері. Қанатсыз құс болмайды, шыңсыз 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Начальная школа и физической культуры», № 3 (30), 2011 г. 
 
30 
тау  болмайды  дегендей  Отансыз  адамда  болмайды.  Біздің  барлығымыздың  Отанымыз  –  Қазақстан.  Біз 
Отанымыздың  тарихын,  оның  түп  тамырын,  ежелгі  тарихын  әрқашанда  білуге  міндеттіміз,  қаншалықты 
ағаш бұтақтары кеңге таралмасын, оның тамыры соншалықты   нықты болуы керек. Сондықтан да елді, 
жерді сақтап қалу – біздің  борышымыз, алғы ұрпақ.   
Ал,  отаншылдық  сезім  -  халықтың  береке-бірлігін,  ынтымақ-ықыласын,  елдігі  мен  ерлігін  және 
мемлекетіміздің  күш-қуатының  беріктігі  мен  ұлан  байтақ  жерінің  біртұтастығын  қорғауға,  сақтауға, 
нығайтуға  бағытталған  сезім  болғандықтан,  оны  ӛскелең  ұрпақтың  бойына  ұялату,  қалыптастыру,  аса 
маңызды қажетті іс. 
Отанды сүю, патриоттық сезімді тәрбиелеу адамгершілік қасиеті ерте бастан баланың санасынан 
орын алып, оны кандай қиындыктар болмасын, тӛзімділікке, іскерлікке, батылдыққа, білім мен еңбекке, ӛз 
заманының жан-жақты дамыған ерекше тұлға болуға бағыттайды және жетелейді.  
Б. Момышұлы тұжырымы бойынша "Әрбір азамат ӛз ұлтын сүюге тиіс және ӛз ұлтына деген терең 
сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс" 
[5].  Болашақ  қазақ  жастары  ӛскелең  және  жаңарған  коғам  талаптарына  сай,  бүкіл  әлем  жастарымен 
терезесі  тең,  олардан  артық  кӛрініп  жатса  деген  арманды  айтқымыз  келеді.  Сондықтан  да,  жастарымыз 
отаншыл болсын. Отаншылдық - әр адамға керекті ең ұлы қасиет.  
Адам махаббаты қандай мәңгі болса, оның патриотизмі де сондай мәңгілік. Адамзат махаббатсыз, 
мұратсыз  ӛмір  сүре  алмайды,  оны  теріске  шығару  еш  нәтиже  де,  жеміс  те  бермейді  Олай  болса, 
патриотизмсіз біз де ӛркениетті ел бола алмаймыз. Сол үшін азаматтардың биік отаншылдық сезімі бүгінге 
ғана емес, ертеңге керек, болашаққа да керек. 
"Келешек кілті – жастарда", – дейді халық. Еліміздің алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына енуіне 
жауапкершілікті толық сезінетін, жан-жақты дамыған, тәрбиелі, саналы ұрпақ тәрбиелеу.  
«Білім-теңіз,  мектеп-  кеме»,-  деген  қанатты  сӛз  кез-келген  адамзаттың  саналы  ӛмірін 
қалаптастыратын алғашқы алтын босағасы, білім ордасы мектептің қоғамдағы орны мен рӛлі айқын.  Ә. 
Айтақов айтқандай: «Отанға, халыққа шын берілген абзал жанды азамат етіп тәрбиелеуге айрықша кӛңіл 
бӛлу керек» [4].  
XХІ  ғасыр  -  білім  ғасырының  есігін  еркін  ашып кіретін,  дүниежүзілік мәдениетті  танып,  ұлттық 
тӛл  мәдениетті  қастерлей  білетін,  рухани  жан-дүниесі  бай,  ой-ӛрісі  дамыған  жоғары  білімді,  заман 
талабына сай, белсенді ұрпақ тәрбиелеу.  Адамгершілікке, мейірімділікке, еңбек сүйгіштікке, батырлыққа 
үндеу  арқылы  оқушылардың  ӛзін  -  ӛзі  тәрбиелеуіне  ықпал  ету.  Түйінді  ой  айта  білуге,  ӛзіндік  пікір 
қалыптастыруға жетелеу, шығармашылық ізденісін арттыруға ықпал ету. Міне, осы отаншылдық сезімін 
ӛскелең жас ұрпақтың бойына ұялату, еліміздің бақыты, кӛркеуінің кепілі. Осыған бар жағдай жасалуда. 
Осы  қамқорлық  туған  елімізге,  оның  халқына  деген  мақтаныш  сезіміміз  еселейді.  Себебі  біз  елімізді 
сүйеміз. 
Сондықтан біз еліміздің  болашағына, нұрлы келешегіне сеніп, ол үшін ұлан байтақ Отанымыздың 
гүлденуіне үлес қосуға әрқашанда дайын болуымыз керек. 
Қорыта  келе,  бүкіл  әлемдегі  адамзат  халқының  бар  арманы  мен  мақсат  тілегі,  ол  -  бейбітшілік. 
Әрқашанда елімізде тыныштық, ынтымақ достығымыз, отаншылдығымыз жоғары артып, әлемде әрқашан 
бейбітшілік болсын.  
1. Назарбаев Н.  Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың ӛсіп-ӛркендеуі ,қауіпсіздігі және 
әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: Білім, 1997. -176 б. 
2.  «Қазақстан  Республикасының  азаматтарына  патриоттық  тәрбие  берудің  2006-2008 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  туралы».  Қ.Р.  Президентінің  Жарлығы.  –  Астана: 
Ақорда, 2006 ж. қазанның 10-ы. №200 
3. Құсайынов А. Білім және Реформа. - Алматы, 2006.   
4. Айтақов Ә.  Оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу. - Алматы: Мектеп, 1978.  
5. Момышұлы Б.  Қанмен жазылған кітап. - Алматы: Қазақстан, 1991.            
Резюме 
В данной статье рассматривается значимость патриотического воспитания обучающихся. В статье 
описываются психоло-педагогические аспекты патриотического воспитания. 
Summary 
In  given  article  importance  of  patriotic  education  of  the  trained  is  considered.  In  article  psychological-
pedagogical aspects of patriotic education are described. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене тәрбиесі» сериясы, №3 (30), 2011ж. 
31 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет