сұрақ Ақуыздардың толық емес құрамын растау үшін қандай түсті реакцияларды қолдануға болады?


)Витаминнің әріптік белгісін, оның химиялық және биологиялық атауларын, тамақтану көздерін беріңіз. Бұл витамин организмде қалай қалыптасады?



бет41/56
Дата01.02.2023
өлшемі167,17 Kb.
#64453
түріҚұрамы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56
Байланысты:
сессия бх ОДИ 40 билет база

2)Витаминнің әріптік белгісін, оның химиялық және биологиялық атауларын, тамақтану көздерін беріңіз. Бұл витамин организмде қалай қалыптасады?
Д/D витамині – химиялық атауы кальциферол,биологиялық атауы антирахиттік витамин.Таза Д витамині – ол Д2 витамині эргоферол болып саналады.Классификациясы бойынша майда еритін витаминдердің қатарына жатады,олар тек майлы орталарда,май қышқылдарынд ериді және өт қышқылының әсерінен жылдам ыдырайды.Жануарлардың және адам терісінде Д провитамині 7-дегидрохолестерол болады.Ол ультракүлгін сәулесімен әсер еткенде Д3 витамині холекальцеферолға айналады.Сонымен қатар Д4 витамині 22-дигидроэргокальциферол, Д5 витамині 22-этилхолекальциферол бидай дәнінен бөлініп алынған формалары.Д6 витамині 22-дегидроэтилкальциферол бұршақ тұқмдас өсімдік майынан алынған формасы,ал Д7 витамині кампекальциферол синтездік жолмен алынған формасы болып табылады.
Д витамині жануар текті өнімдерден балық бауыры,сиыр,қой,тресканың бауыр майы,сары майда,сүтте,жұмыртқада,ашытқыда көп болады.Сонымен қатар өсімдік майында,саңырауқұлақтарда кездеседі.Тәуліктік қажеттілігі 0,012- 0,025 мг. Биологиялық әсері:
1.Кальцифиролдардың негізгі қызметі кальций алмасуын реттеу болып табылады.
2.Д витамині ең бірінші теріде холестериннен 7-дигидрохолестерин түзіледі.Сосын Д3 витамині бауырда гидроксильденеді,одан кейін бүйректе 1,25-дигидроксихолекальциферол және1,24,25-тригидрохолекальциферол түзіледі.Бұл заттар бүйректен ащы ішекке және сүйек ұлпаларына барады,сол арада кальций мен фосфор алмасуын реттейді.
4.Ішекте: Са сіңірілуі жоғарылайды
5.Сүйекте: Са-тасымалдаушы протеин,остеокальцин сілтілі фосфатаза синтезі жоғарылайды. Са сүйекте жиналады.
6.Бүйректе: Са-тасымалдаушы нәруыз, сілтілі фосфатаза синтезі жоғарылайды. Са, натрий, фосфаттар,АҚ-дар, цитрат реабсорбциясы күшейеді.
Гипервитаминозы:Д витаминін шамадан тыс қолдану сүйектің деминералдануына, олардың сынғыштығына әкеледі. Қандағы кальций мөлшері артады. Бұл жұмсақ тіндердің, әсіресе бүйректің кальцийленуіне ,бүйректе тастың пайда болуына, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне әкеледі. Сонымен қатар өкпе, жүрек, қан тамырларының қабырғаларында артық мөлшерде жиналуы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет