сұрақ Ақуыздардың толық емес құрамын растау үшін қандай түсті реакцияларды қолдануға болады?


)Белгіленген белгілерге биохимиялық түсініктеме беріңіз



бет43/56
Дата01.02.2023
өлшемі167,17 Kb.
#64453
түріҚұрамы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56
Байланысты:
сессия бх ОДИ 40 билет база

3)Белгіленген белгілерге биохимиялық түсініктеме беріңіз.
Өт қышқылдарының бітелуі нәтижесінде К витаминінің сіңуі бұзылған, яғни организмге ол сінбейді. Нәтижесінде, қан ұюдың II. VII. IX. X факторлары, протромбин түзілуінің бұзылысы орын алып, қанның коагуляциялық көрсеткіші төмендейді, қан ұюымайды, кішігірім жарақат барысында да ішкі немесе сыртқы қан кетулер орын алады.
31-сұрақ
Әр түрлі ауруларда оттегінің белсенді формаларының деңгейі күрт артады, бұл жасуша мембраналарының бұзылуына әкеледі. Бұған жол бермеу үшін антиоксиданттар қолданылады.
1)Қандай витамин (сөзбе-сөз, химиялық және биологиялық атау) күшті табиғи антиоксидант болып табылады?
Е витамині – химиялы атауы токоферол,ал биологиялық атауы бедеулікке қарсы витамин немесе антистерильдік деп аталады. Классификациясы бойынша майда еритін витаминдердің қатарына жатады,олар тек майлы орталарда,май қышқылдарынд ериді және өт қышқылының әсерінен жылдам ыдырайды.Бұл витаминнің химиялық құрылым негізіне токол спиртіне жалғасқан көміртегі атомының ұзын тізбегі жатады,ол тізбек қаныққан изопрен қалдықтарына тұрады.Сондықтан о токол спиртінің метилденген туындысы болып саналады.Е витаминінің құрылымына жақын және оның активтілігіндей әсер етуші 4 түрлі зат алынады:альфа,бетта,гамма және дельта.Осылардың ішіндегі табиғи күшті антиоксидант – альфа токоферол болып табылады.Оттегінің белсенді формалары әдетте бос радикалдар түрінде кездеседі.Табиғи күшті антиоксидант альфа токоферолдың өзі химиялық тұрғыдан бос радикал болып табылады,құрылысында үш СН3 радикалы бар.Демек ол оттегінің активті формаларымен өзараәрекеттесе алады және олардың токсиндік әсерін нейтральдап отырады.Сонымен қатар бұл жерге С витаминінің де қатысы бар,себебі ол Е витамині токоферолдың бос радикалдарын тотықсыздандырып отырады және антиоксиданттық қызметін де атқарады. Биологиялық рөлі:
1.Антиоксидант, мембрана құрамына кіріп, фосфолипидтер құрамындағы көп қанықпаған май қышқылдарын пероксидтік тотығудан қорғайды
2.Каротин мен А витаминінің қос байланысын тотығудан қорғайды
3.Убихинонның синтезін бақылайды,себебі ол митохондрияның негізгі антиоксиданты болып табылады.
4.Тікелей және тікелей емес гипоталамус, гипофиз арқылы жыныс бездеріне әсер етеді.
Авитаминозы:

  • Эритроциттердің гемолизінің жоғарылауы

  • Бұлшық ет дистрофиясы, бедеулік, бауыр некрозы, мишықтың жұмсаруы. Себебі, мембраналар бұзылады, липидтердің пероксидтік тотығуының өнімдері жиналады.

  • Сперманың қозғалуының нашарлауы

  • Әйелдерде түсік болуы.ОЖЖ зақымданады

  • Азооспермияға әкелуі мүмкін

Е витамині мен провитамині табиғатта өте кең таралған.Жүгері майы,бидай майы,зығыр және күріш майы,мақта токоферолдың бай көзі.Жануар текті өнімдерде ол аздау кездеседі.Тәуліктік дозасы 20-40 мг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет