1)Бұл ферменттер қандай класқа, кіші класқа жатады?
ЛДГ мен КФК изоферменттерге жатады.Ал АСТ трансферазалар класы,аминотрансферазалар тобына жатады.
2)Осы ферменттердің құрылымын сипаттаңыз.
Кретинфосфокиназа КФК – екі суббірліктен тұрады,оның М типі бұлшықет типті,ал В типі ми типі болып саналады.КФК изоферменттері электрофорез кезінде анодқа қарай жылжу реті бойынша шифрланатындықтан 3 топқа бөліп қарастырамыз:
КФК1 – құрамы ВВ суббірлік және ол мида кездеседі
КФК2 – құрамы МВ суббірлік,ол жүрек бұлшықетінде кездеседі
КФК3 – құрамы ММ суббірлік, қаңқа бұлшықетінде кездеседі.
Лактатдегидрогеназа ЛДГ – тетрамер фермент болып,екі түрлі ұқсас емес суббірліктен құралады.Жүрек бұлшықетінде кездесетін суббірлік Н,алы қаңқа бұлшықетінде кездесетін суббірлікті М деп атайды.Осы екі субірліктің ұқсас емес мөлшерде бірігуі нәтижесінде 5 түрлі изофермент пайда болады:
ЛДГ1 – құрамында НННН суббірлік бар,ол жүрек пен эритроциттерде кездеседі
ЛДГ2 – құрамы НННМ суббірліктен тұрады және жүрек,эритроциттер мен бүректе кездеседі
ЛДГ3 – құрамында ННММ суббірлік бар,ми мен өкепеде кездеседі
ЛДГ4 – құрамы НМММ суббірліктен тұрады,ол тек бауырда кездеседі
ЛДГ5 – құрамында ММММ суббірлік бар,ол бұлшықет пен бауырда кездеседі.
Аспартатаминотрансферазалар екі компонентті болып келеді,коферменті пиридоксальфосват. Кофермент құрамына В6 витамині мен Н3РО4 кіреді.
3)Осы ферменттерді катализдейтін реакцияларды схемалық түрде жазыңыз.
Аспартатаминотрансфераза – АСТ , аспарагин қышқылы мен α-кетоглутар қышқылы арасындағы қайта аминдену реакциясын катализдеп, реакция нәтижесінде глутамин қышқылы мен қымыздықсірке қышқылы түзіледі: аспарагин қ. + α-КГ глутамин қ. + ҚСҚ
Лактат + НАД Пируват + НАДН
Креатин + АТФ АДФ + Креатинфосфат
14-сұрақ
Науқас жедел вирустық гепатит А (Боткин ауруы). Қандағы қандай ферменттердің белсенділігінің артуы гепатоциттердің зақымдануын растайды?
Достарыңызбен бөлісу: |