Сүтті органолептикалық зерттеу кезінде төмендегі көрсеткіштерге көңіл бөлінеді:
а) Сыртқы түрі. Сыртқы түрін мөлдір ыдысқа құйып, қарап анықтайды (күндізгі табиғи жарықта), біркелкілігн, тұнықтығын, басқа көзге көрінетін қоспалармен ластануын қарайды.
б) Түсі. Цилиндрге немесе шыны стақанға 50-60 мл зерттелетін сүтті құяды да, күннің жарығында сүттің өзгерісін анықтайды.
в) Консистенциясы. Шыны ыдысқа құйылған зерттелетін сүтті шайқап, ыдыстың қабырғасына жұққан сүттің ізі арқылы анықтайды.
г) Иісі. Сүтті таза қақпақпен жабылған колбаға құяды, оны суы бар ыдыста аздап ысытып, колбаның қақпағын ашып иісін анықтайды.
д) Дәмі. Сүттің дәмін ауызға ұрттап (бірақ ішке жұтпай) анықтайды.
Тернер әдісі:
Тернер әдісі:
Сүттің қышқылдылығы титрлеу арқылы анықталады және Тернер қышқылдылық градусымен өлшенеді, яғни 100 мл сүттегі қышқылдарды бейтараптандыруына кеткен 0,1Н сілті ерітіндісінің көлемімен есептеледі.
Ол үшін:
150-200 мл көлемді конусты колбаға пипетка арқылы 10 мл зерттелетін сүтті өлшеп құяды, 20 мл дистилденген суды және 1% фенолфталеин ерітіндісінің тамшыларын қосады. Бұл қоспаны 0,1Н күйдіргіш калиймен титрлейді немесе күйдіргіш натримен қызғылт түске боялған түсі 1 минут аралығында жоғалмағанға дейінгі мөлшері.
ЕСЕП: 10 мл сүтті бейтараптандыруға кеткен 0,1Н күйдіргіш калий немесе күйдіргіш натридың 10-ға көбейтілген (100 мл-ге есептегенде) саны зерттелген сүттің қышқылдылығын Тернер градусымен (⁰Т) көрсетеді.
Мәселен: 2,1 мл 0,1 күйдіргіш натр ерітіндісі кеткен титрлеуге 2,1 х 10 = 21⁰Т сүттің қышқылдылығын құрайды.
Мысалы, барлық қолайлы жағдайларда тығыздығы 1028 кг/куб. м. болса, онда бұд сүт жоғары сұрыпты, ал тығыздығы 1027 кг/куб. м. – бірінші сортты сүтке қатысты болады. (= 27°А).
Тығыздық деңгейін анықтау үшін - лактоденсиметр (немесе ареометр) қолданылады.