Шаңғы тебуді үйренудің қарапайым тәсілі – екі аяқпен адымдап, алға қарай сырғанау. Осы әдіс екі аяққа салмақты алма-кезек түсіруге негізделген. Адам сол аяқпен адымдағанда таяқ ұстаған қолды алға, ал оң аяқпен адымдағанда сол қолды алға қарай сермейді. Осылайша, алма-кезек адымдау кезінде таяқ жерді бір рет қана тірейді. Бұл әдіс шаңғы ізімен жүргенде де, қар енді қана түскенде де қолданылады. Шаңғы ізімен немесе өрден төмен сырғанағанда, екі аяқты қатар қойып, таяқпен қос қолдап, серпе сырғанаған тиімді. Осындай әдісте екпін алу үшін бірнеше адым алға жасап, қос қолдап таяқпен серпу керек. Шаңғы тебудің қарапайым әдістерін меңгеріп алғаннан кейін, оның күрделі түрлерін серуенге шыққан сайын жетілдіруге болады. Егер сіз шаңғыға алғаш рет тұрсаңыз, сіздің серуендеріңіз 3 шақырымнан аспауы тиіс. Әдетте шаңғы тебуді кәсіпке айналдырған адам үшін 10 шақырым түк емес.