«Статистика»


Интервалды вариацияның қатарда моданы



бет5/18
Дата09.12.2022
өлшемі253 Kb.
#56096
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Интервалды вариацияның қатарда моданы есептеу үшін алдымен мода орналасқан модальді интервалды анықтау керек, ал одан кейін белгінің модальді шамасының мәнін анықтау керек.

Медиана (Ме)- белгілі бір тәртіппен орналасқан, өсуі бойынша немесе азаюы бойынша реттелген қатардың варианттарының бірінің орташасы. Ол мұндай қатарды ортасынан бөледі. Медиананы табу үшін реттелген қатардың ортасында орналасқан белгінің мәнін табу керек. Тақ қатардағы реттелген қатардың медианасы деп ортасында тұрған белгінің шамасын айтады. Тақ қатардағы реттелген қатардың медианасы номері келесі формуламен есептеледі:
NMe=, мұнда – қатардың мүшесі саны;
Жұп сандағы реттелген қатардың медианасы деп қатардың ортасында орналасқан екі варианттың бірінің орташа арифметикалығын айтады.
Дискретті вариациялық қатардың медианасы жиынтық көлемінің ортасынан асатын жинақталған жиілігін сомасымен табылады.
Вариациялық қатардағы моданы және медиананы тапқаннан кейін қатарды 4 бірдей, 10 және 100 бөлікке бөлетін бірліктердің белгісі мәнің табуға болады. Бұл шамаларды «децили», «квартили», «перцентили» деп атайды.
Негізгі ұғымдар:
Құрылымның қатысты шамалары - жиынтықтың жалпы көлеміндегі жеке бөліктерінің бөлігін сипаттайтын шама.
Координацияның қатысты шамасы – бір бүтіннің бөліктерінің арасындағы қатынасты сипаттайды.
Қарқындылықтың қатысты шамасы – құбылысты сипаттайтын көрсеткіштің осы құбылыс ........... ортаны сипаттайтын көрсеткіш қатынасы.
Динамиканың қатысты шамасы – құбылыстың уақыттағы өзгерісін сипаттайды.
Салыстырмалы қатысты шама - әртүрлі объектілерді сипаттайтын екі бірдей аттас абсолюттік шамаларды салыстыру нәтижесін сипаттайды.
Жоспарды орындаудың қатысты шамасы – нақты және жоспарлы деңгейдің қатынасын сипаттайтын шама.
Жоспар тапсырмасының қатысты шамасы – жоспарланған кезеңге бекітілген көрсеткіштің жоспарланған кезеңде жеткен көрсеткіш шамасына қатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет