Орташа арифметикалық жай – жиіліктері өзара бірдей болған жағдайда есептелетін деңгейлі орташаның түрі.
Орташа арифметикалық салмақталған - жиіліктері өзара бірдей болмаған жағдайда есептелетін деңгейлі орташаның түрі.
Орташа үйлесімділік – салмақ берілмеген жағдайда қолданылатын деңгейлі орташаның түрі.
Вариация ауқымы – белгі мәнінің үлкені және кішісі арасындағы әртүрлілігі.
Вариация коэффиценті – орташа квадраттық ауытқудың белгінің орташа шамасының пайыздық қатынасына тең.
Мода – жиілігі көп қайталанатын белгінің мәні.
Медиана - реттелген жиынтықтың ортасына келетін белгінің мәні. Квартили – реттелген жиынтықты 4 бірдей бөлікке бөлетін белгінің мәні.
Децили – реттелген қатарды 10 бірдей бөлікке бөлетін белгінің мәні.
Перцентили – қатарды 100бөлікке бөлетін белгінің мәні.
Тақырып 3. Динамикалық қатарлар
3.1 Динамикалық қатардың мәні-қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси және мәдени құбылыстарының даму заңдылығын айқындауда және зерттеуде. Уақыттағы құбылыстың өзгерісін сипаттайтын статистикалық мәліметтер динамикалық қатарлар деп аталады.
Динамикалық қатарлар абсолюттік, қатысты және орта шамалар қатарларына бөлінеді. Уақыт белгісі бойынша абсолюттік шамалардың динамикалық қатарлары мезетті және интервалды болып бөлінеді.
Белгілі бір уақыт аралығында қоғамдық құбылыстың даму деңгейін сипаттайтын динамикалық қатарлар интервалды деп аталады.
Динамиканың әр қатары 2 элементтен тұрады: 1) уақыт немесе мезет кезеңі 2) қатар деңгейі. Динамиканың көрсеткіштер жүйесіне:
абсолюттік өсім;
өсу деңгейі;
өсім деңгейі;
1 процент өсімнің абсолюттік мәні;
өсімнің орта жылдық деңгейі.
Абсолюттік өсім - қатардың алдыңғы (базисті) және кейінгі деңгейінің арасындағы әртүрлілік.
; т - тізбекті
; баз- базисті
Орташа абсолюттік өсім:
; т - тізбекті
; баз- базисті
Өсу қарқыны (Өқ)- динамикалық қатардың деңгейлерінің қатынасы, ол коэффициентпен және пайызбен көрсетіледі:
Өқ ; Өқ ;
Өсім қарқыны 2 тәсілмен анықталады:
А) абсолюттік өсімнің алдыңғы деңгейге қатынасы: Өсім қ;
немесе базисті: Өсім қ;
б) өсу деңгейі мен бірліктің арасындағы әртүрлілігі ретінде: Өсім ққ-1 немесе өсу деңгейі мен 100% арасындағы әртүрлілік Өсім ққ-100%.
1% өсімнің абсолюттік мәні (А1%) абсолюттік өсімнің тізбектісінің өсім деңгейі тізбектісіне қатынасына тең: А1%=;
Бір процент өсімнің орташа абсолюттік мәні келесі формуламен есептеледі:
А1%=;
Өсудің ортажылдық деңгейі мына формуламен есептеледі:
А) өсудің тізбекті коэффициентінен орташа геометриялық: қ= ;
Б) соңғы және алдыңғы деңгейлердің қатынасы: қ= ;
Өсімнің ортажылдық деңгейі келесі жолмен шығарылады:
___ __ ___ __
Өсім ққ-1; Өсім ққ-100%.
3.2 Динамикалық қатардың деңгейлері көрсеткіш есебі әдісі бойынша, территориясы бойынша, қамтылған объектінің кезеңінің жалғасуы бойынша, есептеу бірлігі бойынша және басқа белгілері бойынша салыстырылуы керек.
Динамикалық қатардың салыстырымдылығы – зерттейтін жиынтықтың бірдей құрамын алу үшін мәліметтерді есептеу әдісі.
Динамикалық қатарлардың тоғысуы – ескі және жаңа шекарада бір құбылыстың динамикасын сипаттайтын 2 (немесе бірнеше) көрсеткіш қатарларының бір қатарға бірігуі.
Динамикалық қатарларды бір негізге алып келу – уақыт ішіндегі бағыттың салыстырмалы сипаттамасын және бірдей дамып келе жатқан құбылыстардың өсу қарқындылығын алу болып табылады. Бұл әдіс өсудің базисті қарқындылығын есептеуге, оларды салыстыруға және озу коэффициентін есептеуге алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |