Негізгі ұғымдар:
Абсолюттік өсім – берілген деңгей біріншісімен (базисті өсім) немесе алдыңғы деңгеймен салфыстырғанда қанша бірлікке өзгергенін көрсетеді.
Өсу коэффициенті – берілген қатарда ағымдық деңгей алдыңғы деңгейден қанша есе үлкен екенін көрсететін, 2 салыстырмалы деңгейдің қатынасы.
Өсу қарқыны – 2 салыстырмалы деңгейдің қатынасы (динамикалық қатардың кейінгі деңгейін алдыңғы немесе базисті деңгейіне), ол пайызбен көрсетіледі.
Өсім қарқыны – қатардың деңгейі біріншісімен (өсімнің базисті қарқыны) немесе алдыңғымен (өсімнің тізбекті қарқыны) салыстырғанда қанша пайызға өзгергенін көрсетеді.
Бір процент өсімнің абсолюттік мәні (А1%) – бір процент өсімге (азаю) қанша абсолюттік бірлік келетінін көрсетеді.
Озу коэффициенті – бірдей уақыт аралығында 2 динамикалық қатардың базисті өсім қарқынына қатынасы.
Маусымдық индексі – жеке кезең деңгейінің жалпы кезең ішінде орташа деңгейіне пайыздық қатынасы.
Интерполяция – динамикалық қатардың белгісіз аралық мәнін анықтау тәсілі
Экстраполяция – бақылауға алынбаған құбылыс жиынтығының сандық сипаттамасын, оған өткен уақытта және келешекте соған ұқсас жиынтықтарды бақылау кезінде алған нәтижелерін тарату арқылы анықтау әдісі.
Тақырып №4. Ішінара бақылау
1. Ішінара бақылау-бұл жаппай емес бақылау, мұнда зерттеуге жататын бірліктер кездейсоқ тәртіппен алынады, алынған бөлік зерттеледі, ал нәтижесінде алынған бірлік бөлігі жиынтықты көрсетеді, тек кішірек масштабта.
Ішінара бақылау мәні:
қысқы мерзімде және азайтылған еңбекпен, материалдармен және ақшалай шығындармен жүргізіледі;
жаппай бақылауды жүргізу мүмкін емес жағдайда жүргізіледі, себебі кейде ішінара бақылау ғана жүргізілуі мүмкін, мысалы өнімнің сапасын тексеруде алынған бірліктер жойылатын болса;
жаңа әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды алдымен статистикалық талдау әдісін дамыту үшін ішінара әдіспен зерттейді. М: шағын кәсіпкерлік, тауар нарығы және т.б.
бақыланатын жиынтықтың шағын көлемі тіркеу қателегі санын азайтады.
Ішінара бақылау мақсаты – алынған бірлік бөлігі белгісінің орташа мәнін пайдаланып, жетерлік дәлдікпен сол топтағы барлық бірліктердің көрсеткіштернің шамасы туралы қорытынды беру.
Ішінара бақылаудың негізгі мінездемелеріне жатады: іріктеме көлемі, жалпы жиынтық көлемі, орташа ішінара, жалпы орташа, ішінара бөлік, жалпы бөлік.
Ішінара бақылау әдістемесі:
А) жалпы жиынтықтан кездейсоқ тәртіппен іріктелген жиынтық алынады.
Б) әр бірлікке зерттелетін сандық немесе альтернативті (сапалық) белгісі мәні анықталады.
С) алғашқы мәліметтер негізінде орташа ішінара (сандық белгісі бойынша) немесе ішінара бөлік (альтернативті белгісі бойынша) есептеледі.
Д) ықтималдың белгілі бір деңгейімен жалпы орташаның ауытқуы шекарасын береді немесе ішінара орташадан бөлікті береді.
Іріктеу жүргізу әдісі бойынша қайталанатын және қайталанбайтын болады.
Іріктеу түрлері: механикалық, кездейсоқ, типтік, сериялық, жинақталған.
Ішінара жиынтық – бұл бас жиынтықтың бөлігі ғана, сондықтан бас жиынтықтың қорытынды сипаттамасы ішінараның алынғвн сипаттамасынан бір шамаға алшақтанады.
Ішінара орташа (бөлік) мен жалпы орташаның (бөліктің) арасындағы алшақтану шамасы туралы тек белгілі бір ықтималмен айтуға болады, ол сенім коэффициентіне байланысты. Ішінара орташаның жалпы орташадан ауытқу ықтималы арнайы кестеде мына фрагментпен беріледі:
Ықтималдылық, Р
|
0,683
|
0,954
|
0,997
|
0,999
|
Сенім коэффициенті, Т
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Ықтималдылық мыңның қанша жағдайында жалпы орташа бекітілген шекте болатынын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |