«Статистика»


Ішінара бақылау қателіктері



бет9/18
Дата09.12.2022
өлшемі253 Kb.
#56096
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
4.2 Ішінара бақылау қателіктері деп репрезентативті қатені немесе өкілдікті қатені айтады. Олар ішінара бақылау мәліметтері мен барлық жиынтықтың арасындағы айырмашылық өлшемін сипаттайды. Репрезентативті қателіктер кездейсоқ және жүйелі болып бөлінеді. Бақылаудың жаппай емес сипатынан ішінара жиынтық жалпы жиынтықты жетерліктей тура көрсетпеуі нәтижесінде кездейсоқ қателік туындайды. Олардың көлемі үлкен сандар заңы және ықтималдар теориясы негізінде тура анықталады. Жүйелік қате бақылауға жиынтық бөліктерін кездейсоқ таңдау принципі бұзылу нәтижесінде пайда болады.
Іріктеменің орташа қателігі – жалпы орташаның ішінара орташадан басқа жаққа орташа ауытқуын көрсетеді.
Орташа қате негізінде іріктеменің шекті қатесі анықталады, ол жалпы орташадан ішінара орташаның ауытқу шегін белгілі бір ықтималдар деңгейімен бекітеді.
Негізгі ұғымдар:
Ішінара жиынтық- іріктеп алынған бірліктердің жиынтығы.
Жалпы жиынтық- одан бірліктер алынатын жиынтық.
Іріктеме үлес (бөлік) – ішінара жиынтықта сол белгіге ие бірлік үлесі (бөлігі).
Қайталама іріктеу- жиынтықтың әр бірлігі оның белгісінің зерттелуінен кейін жалпы жиынтыққа қайтарылатын және ол тағы да таңдап алынуы мүмкін іріктеу тәсілі.
Кездейсоқ іріктеу- жалпы жиынтықтан бірліктерді таңдау кездейсоқ болады.
Механикалық іріктеу – жиынтық бірліктері белгілі бір тәртіппен орналасып, іріктемелі пайызға керісінше топтарға интевалдармен бөлінетін іріктеу тәсілі.
Типтік іріктеу – жалпы жиынтықтың бірліктерін типологиялық топтау негізінде, әр топта бірліктердің іріктелуі бірліктердің санына пропорционалды жасалатын іріктеу тәсілі.
Сериялы іріктеу – жалпы жиынтықтан бірліктер емес , олардың сериялары кездейсоқ немесе механикалық жолмен алынатын ірктеу тәсілі.
Шағын іріктеу – бірліктердің саны 20 бірліктен аспайтын ішінара бақылау.
Сенім коэффициенті – шекті ауытқуға ықтималдың әсерін анықтайтын коэффициент.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет