Таяу және алыс шет елдерде жоғары технологиялар саласында мамандарды даярлаудың негізі STEM білім беру болып есептеледі. оқушылардың есептік ойлау дағдыларын ерте дамыту, ғылыми зерттеу жұмыстарын, жобалық топтық, жұптық жұмыстарға деген қызығушылықтарын арттыру, нақты инженерлік, технологиялық нәтижелер шығаруға бағытталған. сондықтан да көптеген елдер бізден көш ілгері шығар. сонымен, stem білім беру дегеніміз не? сұраққа жауап бермес бұрын, STEM деген сөздің мағынасын ашып алайық: мұнда айта кететін жай стэм оқытуда оқушылардың топтық, жұптық жобалармен жұмыс істеуі маңызды. Қазіргі таңда әлемде технологиялық өзгеріс болып жатыр. Жаңа ақпараттың қарқынды ағыны, технологиялық инновациялар мен әдістемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертіп жатыр.Осыған байланысты, қоғам сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгеруде. Бұл өзгерістер еліміздің білім жүйесінің мазмұнын да жаңартуға ықпал етуде. Қазіргі заманауи сабақтарды компьютерлік технологиялар, интерактивті тақта, ноутбук, мобильді құрылғылар мен қосымшалар арқылы өткізсе, оқушылардың жаңа материалды тез түсінуге мүмкіндік береді. Себебі, білім алушылар бұл құрылғылармен асқан қызығушылықпен жұмыс жасауға ұмтылады.