STEM – нің көптеген артықшылықтары болса да, оның бір кемшілігі бар. Бұл әдебиет, өнер, музыка және жазба сияқты басқа салаларға назар аударудың болмауы. Сонымен қатар, кейбір адамдар STEM-ге өнер қосу онша пайдалы емес деп санайды. Өйткені, STEM – діңбасты мақсаты ғылым, математика, технология инженерия салаларын жоғары білім мен мансапқа жетуге ынталандыру болып табылады. Қазіргі мектеп ғимараттарының материалдық қаптамасы заманауи талаптарға сай келмейді, сапасы жағынан ескірген ғимаратың қабырғаларында шынайы, тиімді білім беру мүмкін емес
STEM технологиясын енгізу шарттары:
STEM - білім беру білім саласы «Жаратылыстану», «Математика және информатика», робототехника, 3Д модельдеу, графикалық дизайн, технологиялық сауаттылық, инженерлік тәжірибе қабілеттіліктерін, дағдыларын дамытуға бағытталған. STEM оқыту бойынша пән мұғалімі әсіресе сабақта пәнаралық байланысқа көп көңіл бөлуі керек. Шығармашылық тапсырмаларға, шағын жобаларға, оның ішінде топтық, жұптық жоба қорғау жұмысына көп көңіл бөлуі керек. Ол оқушының әлеуметтенуіне үлкен үлес.
STEM технологиясын мектепке енгізу шарттары
1.Жалпы мектептік орын жайлардың жетіспеушілігі,
2. оқу ұжымдарын құрылымды ұйымдастыру қажеттілігі,
3. білім беру құрамының өзгерісі,
4. мектеп учаскелерін тиімді пайдалану,
5.ғылым мен техника жетістіктерін білім беру процесіне енгізу.
STEM (Science, Technology, Engineering and Mathematics) - жаратылыстану, технология, инженерия және математика. STEM оқу пәндерін біріктіру үшін қолданылатын кең термин. Сондай-ақ, бұл термин білім беру үдерісіне көзқарасты білдіреді, оған сәйкес білім алудың негізі ғылыми құбылыстарын қарапайым және қол жетімді білім алуды жеңілдетеді және процестерді терең түсінуге көмектеседі. STEM аббревиатурасы 2001 жылы АҚШ-тың Ұлттық ғылым қорының (АҚШ үкіметі жанындағы тәуелсіз агенттік, медицинадан басқа ғылымның барлық салаларында фундаменталды зерттеулер мен білім беруді ұсынатын) ғалымдары білім беру және кәсіптік салалардағы тенденцияны белгілеу үшін ұсынылған.
STEM (science, technology, engineering and mathematics) деген бір сөзбен біріктіріп отыр. STEM (science-ғылым, technology-техника, engineering - инженерлік,mathematics - математика, бұрын METS деп аталатын)- бұл ғылым, техника, инженерлік және математика бойынша оқу пәндері.