STEM дегеніміз – оқытудың біріктірілген тәсілі. Яғни, бұл тәсіл аясында академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Мұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату. STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату (Tsupros, 2009).
«STEM» мақсаты – балаларға білім беру робототехникасының әртүрлі бағыттарын және STEAM меңгеруге, сонымен қатар күрделі тәжірибелік тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беретін ашық және тұжырымдамалық жиектемені әзірлеу. Жобаның шеңберінде білім беру робототехникасынан бес мемлекетте 4000 астам бала үшін семинарды өткізу қарастырылған.
STEM-білім беру – инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі.
90. STEM әдеттегі мамандандырылған мектептен несімен ерекшеленеді?
Кез – келген мұғалім кез - келген технологияны, әдіс - тәсілді пайдаланғанда бала үшін тиімдісін іздейді. Оқушы жаратылыстану, физика, география т. б сабақтардан білімін жетілдіру үшін теорияны оқиды. Біреу жақсы түсінсе, біреу өз шамасына қарай түсінеді. Бірақ, осы білімді қалай? қайда? қолданамын деп ойлайды. Бізден сұрайды? біз ертең үлкен болғанда, маман болғанда қолданасың деп айтамыз. Оқушы оны түсінбейді, сол арқылы ол теорияға қызықпайды, теория қиын секілді көрінеді. Оқушы алған білімін, теорияны, формуланы, ережені есінде қанша уақыт сақтай алады. STEM ерекшелігі - бұл пәнаралық байланыс принцпі, яғни бірнеше пәнді біріктіре отырып, бірнеше пәндерден алған білімді қоса отырып, жаңа бір қолданбалы зат жасап шығарады.
Яғни, сол затты жасап шығарғанда мысалы; ол кішкентай бір конструктор, кішкентай бір гидровликалық кран болсын соны жасағанда химия, физика, математика, геометрияны да қолданып есептей алған білімдерін біріктіре отырып жасайды. Сол арқылы оқушы ойлайды, мен білімді қолданып жатырмын деп. Міне осылай, STEM техникасында жұмыс жасау, оны өмірде қолдана алу бала үшін өте маңызды. Бала өзінің жасаған бұйымын, өнімін көру, жасау арқылы мотивациясы артады. Ал егер алған білімін қолданып, бір өнім жасай алмаса, оны не істейді? Ал, STEM әрбір оқушыға алған білімінің нәтижесін көрсетеді. Оқушыларға арналған инновациялық құрал - саймандар, 3D принтрлар бар. Солардың бәрін қолданып, жоба шығарады. STEM орталық болып басталған, қазіргі таңда бірнеше жобалар STEM зертханасы, STEM кітапханасы, ойыншық конструкциялар Қазақстанда жасалуда жоба жетекшісі Залқарбек Мұраталиұлы.