Стерилизация. Сүт ақаулары Жоспар: Зарарсыздандыру мақсаты


Үздіксіз зарарсыздандыру әдісі



бет2/3
Дата28.04.2023
өлшемі46,5 Kb.
#87796
1   2   3
Байланысты:
7 дәріс

Үздіксіз зарарсыздандыру әдісі. Сүтті үздіксіз әдіспен зарарсыздандыру бір сатылы және екі сатылы жолмен өтеді. Бір сатылы әдіс кезінде сүт зарарсыздандыруға ағында немесе құмыраға құйылғаннан соң беріледі. Екі сатылы әдіс кезінде сүт екі рет зарарсыздандыруға беріледі-ағында және құмыраға құйылғаннан соң. Үздіксіз әдісті орындау үшін арнайы стерилизатор қолданылады. «Шторк» фирмасының үздіксіз жұмыс істейтін стерилизатор төрт мұнарадан тұрады. Қондырғыда процесс келесі түрде жүреді: төрт мұнара арқылы құмыраларды ұстап тұруға арналған тасымалдағышы бар шынжырлы транспортер өтеді. Екі мұнарадан басқа барлық мұнаралар тік бағытта болатты қоршағыштармен бөлінген. Сүті бар құмыралар стерилизаторға кіреді (70° С). Бірінші мұнарада көтеріліп, олар ең алдымен ыстық ауа зонасына түседі, кейін ыстық суға келіп түседі, одан өткенде 90° С-қа дейін қыздырылады. Екінші мұнарада қаныққан буға толтырылған немесе мұнда сүтті зарарсыздандыру процесі өтеді. Сүт 117-120° С дейін қыздырылып, керек уақытқа дейін ұсталады. Төртінші немесе үшінші мұнара сүтті салқындатуға арналған. Құмыраларды температураның тез алмастырылуынан сақтау үшін олар ең алдымен үшінші мұнараның сол жағы толтырылған ыстық судан өтеді. Кейін оң жақ секциясы бойынша жылы су ағынына келіп түседі, ал төртінші мұнарада сол жақ секциясы бойынша суық суда көтеріліп, ауа ағыны бойынша түседі. Ол мұнараның соңғы бөлігі арқылы цехтан кіреді. Стерилизатордан шыққан кезде сүт температурасы 30-35° С болады.
Cүт қасиетінің әр түрлі ауытқулары ақау деп аталады.

  1. Ащы дәм

а) Жем ақауы. Жануар жемді жеген кезде сүтке ащы дәм беріледі. Егер сүт ащы дәмімен зауытқа келіп түссе, оны сепараторлап, кілегейді өңдейді.
б) Микробиологиялық ақау. Бұл ақау сүтті 10° С төмен температурада екі тәулік ұстағандықтан пайдаболады. Осының әсерінен ақуыздармен қатар, пептондар пайда болады. Бұл ақауды болдырмау үшін сүтті он екі сағат ұстау керек. Санитарлы талаптарды орындау, құрал-жабдықтарды жуып, дезинфекциялау, пастерлеу режимін жене сүтті сақтау ұзақтығын сақтау керек.
2)Қышқыл дәм. Бұл жиі кездесетін ақау. Әсіресе, жазғы мезгілде жиі кездесетін ақаудың түрі. Оның сүтте пайда болу себебі - сүт қышқылды процестің дамуы, соның әсерінен сүт қышқылы бөлінеді, бұл сүтке қышқыл дәм береді. Бұл ақаудың пайда болуы сүтті дұрыс жуылмаған ыдыста 10° С-тан жоғары температурада сақтаудан болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет