2. Мақсаты: Студенттер энергия алмасуы сатыларының зат алмасудағы ролі жөнінде білімдерін қалыптастырулары тиіс. Энергия алмасу, оның І, ІІ, ІІІ және ІV сатылары, биологиялық тотығу және тотығудан фосфорлану туралы және тотығудың типтері туралы түсінік алулары тиіс.
3. Оқыту мақсаты: Адам организмінің тканьдерінде қорек заттардың молекулаларында шоғырланған энергияны бөліп алу процесі бірнеше сатыда жүреді. Энергия алмасуларының сатыларының жүруі, реакцияларын, маңызын толық игеру, яғни, студенттердің білімін нығайту болып есептелінеді.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Энергия алмасуының сатыларын атау.
2. Көмірсу, липид, белоктардың ортақ аралық өнімдерге дейін ыдырау жолдарын схема
түрінде көрсету.
3. Белоктардың активті сірке қышқылына дейін ыдырауы, қатысатын ферменттері.
4. Кребс циклі, маңызы, реакциялар реті.
5. ЦТК-ң субстраты және катализаторы.
ЦТК-ның мәні мен маңызы.
7. ЦТК мен биологиялық тотығу тізбегінің байланысы.
8. Энергия алмасуының 3-ші сатысы биологиялық тотығу, түсінік беру, маңызы.
9. Ткандық тыныс алу тізбегінің өкілдері, сутегі атомдарын және электрондарды тасымалдауға қатысатын ферменттер, олардың клеткадағы орны.
10. Биологиялық тотығу (тканьдық тыныс алу) тізбегінде энергияның бөлінуі, түзілген энергияның пайдаланылуы?
11. Биологиялық тотығу тізбегінде ферменттердің рет-ретімен орналасуы неге байланысты?
12. Энергия алмасуының 4-ші сатысы тотығудан фосфорлану. Р/О коэффициенті, маңызы, механизмдері.
13. Оттегі мен тотыққан субстраттың арасындағы тотығу-тотықсыздану потенциялының айырмашылығы, тотығудан фосфорлану энергиясының көзі.
14. БТ және ТФ арасындағы шектесетін нүктелері.
15. Электрондарды тасымалдау тізбегінің реттелуі. Тканьдық тыныс алуды бақылау.
16. БТ мен ТФ-ды шектеспеуі, ферменттердің ансамбльдері.
17. Тотығудын типтері: а/ оксидазды, б/ пероксидазды, в/ пероксидті, г/ оксигеназды.
Достарыңызбен бөлісу: |