Стоматология факультеті



бет18/38
Дата18.05.2022
өлшемі356 Kb.
#34934
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
Байланысты:
Биохимия стом метод каз-2020-2021 (1)

Ситуациялық есептер
1. Ішек қабырғасында моноацилглицериндер, бос май қышқылдары, глицерин, өт қышқылдары бар. Бұл қосылыстардың тағдыры.
2. Ішек сөлінің липазасының әсерінен триацилглицериндердің гидролизі жүреді. Бұл кезде қандай өнімдер түзіледі?
3. 12-елі ішек қабырғасында өт қышқылдары кездеспейді. Бұл неге алып баруы мүмкін?
4. Метионин аминқышқылы жоқ болуының себебінен бауырда фосфолипидтердің синтезі бұзылады. Қандай бұл өзгерістерге қандай жағдайлар алып келуі мүмкін?


Тест сұрақтары
1. ФЛ липидтердің келесі тасымалдау формасының құрамына кіреді:
а/ мицелла, ХМ
б/ ХМ, ӨТТЛП, ТТЛП, ЖТЛП
в/ мицелла, ӨТТЛП, ТТЛП, ЖТЛП
г/ ТТЛП, ЖТЛП, ХМ
д/ ӨТТЛП, ТТЛП, ЖТЛП
2. ТАГ ең көп мөлшерде кездеседі:
а/ хиломикрондарда г/ мицеллаларда
б/ ӨТТЛП-де д/ ЖТЛП-де
в/ ТТЛП-де
3. Ас қорыту сөлінің қай түрінде липаза активсіз:
а/ асқазан г/ ұлтабар
б/ ішек д/ сілекей
в/ ұйқы безі
4. ФЛ бауырда түзілуі клеткада мына заттың бар жоқтығына тәуелді:
а/ азотты негіздер г/ БМҚ
б/ глицерин д/ глюкоза
в/ фосфор қышқылы
5. БМҚ цитоплазмадан митохондрияға тасымалдауы мына зат арқылы
жүреді:
а/ диоксиацетонфосфат г/ малат
б/ ҚСҚ д/ лактат
в/ карнитин
6. Қанда кетон денелерінің мөлшері мына кезде көбейеді:
а/ қантты диабет кезінде
б/ ашыққан кезде
в/ метаболиттік
г/ көмірсулар көп мөлшерде организмге түскенде
д/ ұзақ уақыт бұлшық ет жұмысында
7. Өт қышқылдары мына заттардан түзеді:
а/ БМҚ г/ амин қышқылдары
б/ кетон денелері д/ ҚСҚ
в/ холестерин
8. Жұп өт қышқылдарының тұздары мына реакцияларға қатыспайды:
а/ ұйқы безінің липазасын активтендіруге
б/ ЛП-терді түзуге
в/ майларды эмульсиялауға
г/ мицелла түзуге
9. ТАГ липолизіне қатысатын фермент:
а/ фосфорлипаза А
б/ фосфолипаза
в/ липаза
г/ фосфодиэстераза
д/ фосфатаза
10. Хиломикронның құрамына кірмейді:
а/ ТАГ - 80%
б/ БМҚ - 30%
в/ ХС - 11%
г/ ФЛ - 7%
д/ белоктар - 2 %
11. Фосфолипидтердің гидролизіне қатысатын фермент :
а/ липаза
б/ фосфолипазалар А1, А2, С, Д.
в/ липопротеидлипаза
г/ фосфолипаза А, С
д/ фосфатаза
12. Өкпеде жүрмейтін процесс:
а/ хиломикронның қор ретінде жиналуы
б/ ТАГ-нің гидрролизі
в/ хиломикронның ыдырауы
г/ БМҚ-ның энергия бөле отырып тотығуы
д/ липонеогенез
13. Ас қорыту жолдарында түзілмейтін липидтер алмасуына
қатысатын ферменттер:
а/ асқазан және ішек сөлдерінің липазасы
б/ фосфолипаза г/ ұйқы безінің активті емес липазасы
в/ ұйқы безінің липазасы д/ пальмитатсинтетаза
14. Алмастырылмайтын май қышқылдары:
а/ линоль, стеарин, арахидон қышқылдары
б/ пальмитин, стеарин, линолен қышқылдары
в/ арахидон, бета-гидроксимай, мевалон қышқылдары
г/ линоль, линолен, арахидон қышқылдары
д/ стеарин, пальмитин, май қышқылдары
15. Липидтердің қандағы тасымалдау формаларына жатады:
а/ мицелла, ХМ
б/ ХМ, ӨТТЛП, ТТЛП, ЖТЛП
в/ мицелла, ХМ, ТТЛП, ЖТЛП
г/ ТТЛП, ЖТЛП, ХМ
д/ ӨТТЛП, ТТЛП, ЖТЛП
16. БМҚ-сыз өтетін реакциялар:
а/ бета-тотығу г/ холестериннің түзілуі
б/ простагландиндердің түзілуі д/ холестеридтердің түзілуі
в/ ТАГ синтезі
17. Қан құрамындағы хиломикронның ыдырауына қатысатын фермент:
а/ ЛХАТ г/холестеринэстераза
б/ липопротеидлипаза д/ фосфолипаза А
в/ фосфолипаза
18. Асқазан сөлі липазасының рН оптимумы:
а/ 1-2 г/ 7-8
б/ 2-3 д/ 9-10
в/ 4-5
19. Мына процесске жұп өт қышқылдары қатыспайды:
а/ хиломикрондардың түзілуіне қалыптасуына
б/ липидтердің сіңіуіне
в/ липидтердің эмульсиялануына
г/ май тамшыларының беткі тартылыс күшінің азаюына
д/ ішек сөлінің липазасының активтендіруіне
20. Липопротеид гидролизіне қатысатын фермент:
а/ холинэстераза г/ фосфолипаза
б/ липаза д/ липопротеидлипаза
в/ ЛХАТ

8.Тақырыбы: Триацилглицериндер, фосфолипидтер мен холестериинің клетка ішілік алмасуы. Липидтердің алмасуының бұзылуы мен реттелуі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет