2. Сабақтың мақсаты: Организмде глюкозаның катаболикалық процесстерге ұшырауы және оның энергетикалық тиімділігі жөнінде және гликогеннің алмасуы, глюкозаның реттелуі және көмірсу алмасуларының бұзылу жолдары туралы түсінік қалыптастыру.
3. Оқыту мақсаты:Аэробты гликолиз ми тканінің негізгі энергия көзі болып табылады. Аэробты гликолиздің жүру жолдарын, қанның құрамында глюкозаның қалыпты жағдайда тұрақты мөлшерін, не себепті глюкозаның тұрақты мөлшері гомеостаз үшін қажеттілігін, аэробты гликолиздің энергетикалық шығымдылығын-келешек дәрігер білу керек және де келешек мамандарға глюкозаның пентозофосфатты жолмен ыдырауын, организмге биосинтетикалық процесстерге қолданылатын субстратты энергияларды, глюкозаның ыдырау жолдарын білудің маңызы зор.
Негізгі биологиялық зерттеулер қатарына қан құрамындағы глюкозаның деңгейін анықтау тәсілі де кіреді, сондықтан болашақ дәрігерлерге қан құрамындағы глюкозаны анықтау тәсілдерін білу және анализді дұрыс шеше білудің диагностикалық маңызы зор.
Гликогеннің алмасуы, глюкозаның қанның құрамында реттелуін және көмірсу алмасуының бұзылу жолдарын студенттерге оқытып үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Глюкозаның тканьдердегі өзгерістерге ұшырауы. Глюкозаның ыдырауының негізгі жолдары.
2. Глюкозаның гликолитикалық ыдырау жолдары.
а/ аэробты гликолиз, түсінік процесстің орналасқан жері.
б/ ПЖҚ-ға дейінгі жүретін реакциялардың реті. Энергетикалық тиімділігі.
в/ ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилденуі, пируват-дегидрогеназды комплекс құрамына кіретін витаминдер. Реакцияның энергетикалық шығысы.
3. Цитазоль және митахондрий ферменттерінің аэробты глюколиз кезіндегі өз-ара байланыстары.
4. Шөрнек механизмдерінің биологиялық ролі.
а/ глицерофосфатты шөрнек механизмі.
б/ малатты шөрнек механизмі.
5. Көмірсулардың тотығуының ЦТК, БТ, ТФ-мен байланыстылығы.
Глюкоза аэробты жолмен тотыққандағы энергетикалық шығымы.
Глюкозаның петозофосфатты жолмен тотығуының биологиялық ролі. Осы процесске қатысатын ферменттер.
Көмірсу алмасуындағы бауырдың ролі.
9. Көмірсу алмасуының соңғы өнімдері. Олардың түзілуін қамтамасыз ететін процесстер. Бөлінуі.
10. “Қандағы қант” деген ұғымды қалай түсінесіз. Оның мөлшері қандай? Гипергликемия. глюкозурия дегеніміз не? Глюкозаның бүйректегі деңгейі қандай?
11. Көмірсу алмасуының бұзылыстары. Гликогеноздар, түрлері.
12. Гликогеногенез, гликогенолиз, глюконеогенез – бұл процесстердің маңызы.
13. Гликогеннің алмасуы, түсінік, маңызы.
14. Гликогенолиз, гликогенолиздің жүру жолдары, фосфорилазаның ролі, гликогеннің ыдырау процесі кезінде протеинкиназаның және ц-АМФ маңызы.
15. Бауырда фосфорилазаның ерекшелігі, қатысатын ферменттер.
16. Қанның құрамында глюкозаның реттелуі.
17. Көмірсу алмасуының реттелуі.
18. Көмірсу алмасуында бауырдың ролі.