3. Оқыту мақсаты: Көмірсулар сияқты, липидтерде организмге сыртқы ортадан жануар және өсімдік текті тағам құрамында түсіп отырады. Организмде липидтер - энергия көзі ретінде, мембрананың негізгі бөлігі ретінде маңызды роль атқарады. Сондықтан студенттер, липидтердің қорытылуы, сіңірілуі, олардың тасымалданатын формалары т.б туралы терең меңгерулері қажет.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Липидтердің қорытылуы, осы процесске қатысатын ферменттер.
2. Триацилглицериндердің гидролиз кезінде түзілген заттардың сіңірілуі
3. Липидтердің алмасуындағы жұп өт қышқылының ролі.
4. Мицелланың түзілуі мен тағдыры.
5. Липид алмасуындағы ішек қабырғасының ролі. Майлар ресинтезі.
6. Хиломикрондар, түзілетін жері, құрамы,тағдыры,жануар организміндегі ролі.
7. Липидтер алмасуындағы өкпенің ролі.
8. Липидтер алмасуындағы бауырдың ролі.
9. Липидтер алмасуындағы май тканінің ролі.
10.Липопротеидтердің тасымалданатын түрлері.
11. Липопротеидтердің құрамы, тағдыры, жануар организміндегі ролі.
12. Организмде бос май қышқылының және глицериннің қолданылуы.
а) Триацилглицериннің және фосфолипидтің синтезіне
б) Энергия көзі ретінде
13. Холестеринді анықтау тәсілдері.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBL, Ауызша талдау, тест тапсырмаларын, жаттығуларды орындау.
6.Әдебиет:
1. Оқулық. Биологиялық химия, 2011. Т.С.Сейтембетов., Б.И.Төлеуов., А.Ж.Сейтембетова.
2. Биологиялық химия пәнінен лекциялар жинағы. Оқу-әдістемелік құрал. 2018. Б.Ж.Шырынбекова.
Электронды оқулықтар:
1. Биохимия. К.Мэри, Кэмпбелл. http://library.ayu.edu.kz/z
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар
1. Фосфатид қышқылы, химиялық табиғаты, қолданылу жолдары.
2. Мицелланың-құрамы, маңызы
3. Хиломикрон мен липопротеидтердің ұқсастылығы мен айырмашылығы.
4. Жұп өт қышқылдарының түзілуін жазыңыз: таурохоль, гликодезоксихоль қышқылдары.
5. Өт қышқылдарының түзілуі, түзілу орны
6. Липазаның активтілігіне өт қышқылының әсері.
Достарыңызбен бөлісу: |