Стоматология факультеті



бет24/38
Дата18.05.2022
өлшемі356 Kb.
#34934
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Байланысты:
Биохимия стом метод каз-2020-2021 (1)

3. Оқыту мақсаты: Организмде белоктардың ролі мен маңызын бағалау өте қиын. Адам организмінде тоқтаусыз белоктар жаңарып отырады, жаңадан белоктар синтезделеді, белоктар молекуласы өзгереді және қолданылып болған белоктар усыздандырылады. Сол себепті студенттер белок алмасуының метаболизмдерін, бауырдың усыздандырудағы ролін, белок алмасуларының аралық өнімдерін және соңғы өнімдерінің түзілу жолдарын, жақсы игерулері қажет.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Амин қышқылдарының дезаминденуі, түрлері, түсінік.
2. Амин қышқылдарының тікелей емес тотығудан дезаминденуі.
3. Аммиактың тағдыры (атап өту).
4. Амидтену және дезаминдену, процесстердің маңызы.
5. Аммиактың түзілуі және усыздану жолдары.
6. Мочевинаның синтезі.
7. Мочевинаны анықтаудың клиникалық маңызы.
8. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының тағдыры.
9. Азотсыз баланс дегеніміз не? Оң және теріс азоттық балансқа түсініктеме беріңіз.
10. Гликогенді және кетогенді амин қышқылдары.
11. Жай белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың түзілуі және бөлінуі.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, шағын топтарда оқыту SGL, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBL, Ауызша талдау, тест тапсырмаларын, жаттығуларды орындау.
6.Әдебиет:
1. Оқулық. Биологиялық химия, 2011. Т.С.Сейтембетов., Б.И.Төлеуов., А.Ж.Сейтембетова.
2. Биологиялық химия пәнінен лекциялар жинағы. Оқу-әдістемелік құрал. 2018. Б.Ж.Шырынбекова.
Электронды оқулықтар:
1. Биохимия. К.Мэри, Кэмпбелл. http://library.ayu.edu.kz/z

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)


Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар
1. Қай амин қышқылдары тотығудан дезаминденуге қатысады; а) серин; б) тирозин;
в) гистидин; д) глютамин қышқылы; г) метионин.
2. Аммиактың ең негізгі усыздану реакциясын жазыңыз.
3. Реакцияның нәтижесін жазыңыз, катализдейтін ферменттерін атаңыз.

Карбомоилфосфат + ? ? + Н3РО4


Цитруллин + ? аргинин сукцинат

4. Аммиак пен глютамин қышқылының әрекеттесу реакциясын жазыңыз. Бұл реакция қайда жүреді? Реакция қалай аталады? Организм үшін қандай маңызы бар? Қайтымды реакция ма?


5. Белок алмасуы кезінде бауырдағы өтетін реакцияларды жазыңыз.
6. Мочевинаның синтезін жазыңыз.
7. Аммиак қай қосылыс түрінде организмнен шығарылады.
8. Мочевинаның синтезіне қатысатын амин қышқылдарын атаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет