Стоматология факультеті



бет21/38
Дата18.05.2022
өлшемі356 Kb.
#34934
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Байланысты:
Биохимия стом метод каз-2020-2021 (1)

2. Мақсаты: 1. Студенттердің, белоктардың асқазан-ішек трактінде қорытылуы, шіруі және сіңірілуі жөніндегі білімін қалыптастыру.
2. Студенттерге асқазан сөлін физико-химиялық жолдарымен зерттеу жүргізуді үйрету.
3. Асқазан-ішек трактінің функционалды жағдайын түсіну үшін, алынған
биохимиялық көрсеткіштерді пайдалана білуді үйрету.
3. Оқыту мақсаты: Асқазан-ішек трактісінің функциясы бұзылу кезінде түзілген аурулар - өте көп таралған патология болып табылады. Сол себепті қорытылу, сіңірілу процесстерінің бұзылуына және белоктардың шіру процесстерін медицинада зерттеу үлкен актуальды проблема болып табылады. Биохимиялық лабораторияда асқазан-ішек трактісінің патологиясын анықтау үшін асқазан сөліне анализ жасаймыз.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Қалыпты асқазан сөлінің физикалық қасиеттері және патология кезінде өзгеруі.
2. Асқазан сөлінің неорганикалық құрам бөліктері.
3. Асқазан сөліндегі тұз қышқылының ролі.
4. Асқазан сөлінің қышқылдығы, қышқылдық түрлері, өлшем бірлігі, қалыпты мөлшері.
5. Бос тұз қышқылының дебит-сағаты және “Сағаттық зорлану” секрециясы туралы түсінік.
6. Патологиялық жағдайдағы асқазан сөлінің қышқылдығының өзгеруі (гипер-, гипо-, ахлоргидрия және ахилия) туралы түсінік.
7. Асқазан сөлінің органикалық құрам бөліктері.
8. Асқазан сөлінде әртүрлі патологиялық жағдайларда түзілетін өнімдер, олардың түзілу себептері.
9. Асқазан ішек трактісінде белоктардың қорытылуы. Осы процестерге қатысатын ферменттер, олардың сипаттамасы.
10. Белоктардың қорытылуы нәтижесінде түзілген өнімдердің сіңірілуі.
11. Ішекте белоктардың шіруі, шіру нәтижесінде түзілетін улы өнімдер.
12. Белоктың шіруінен түзілген улы өнімдерді усыздандыру.
13. Жануар организміндегі амин қышқылдарының тағдыры (кесте).
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, шағын топтарда оқыту SGL, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBL, Ауызша талдау, тест тапсырмаларын, жаттығуларды орындау.
6.Әдебиет:
1. Оқулық. Биологиялық химия, 2011. Т.С.Сейтембетов., Б.И.Төлеуов., А.Ж.Сейтембетова.
2. Биологиялық химия пәнінен лекциялар жинағы. Оқу-әдістемелік құрал. 2018. Б.Ж.Шырынбекова.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет