Стоматология факультеті


Тақырыптың негізгі сұрақтары



бет32/38
Дата18.05.2022
өлшемі356 Kb.
#34934
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
Байланысты:
Биохимия стом метод каз-2020-2021 (1)

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Гормон дегеніміз не? Анықтама.
2. Гормондардың рецепторлары, нысана-клеткалары (анықтама беріңіз) гормондарға клеткалардың сезімталдығы.
3. Гормондардың химиялық табиғаты.
4. Гормондардың жалпы қасиеттері.
5. Гормондардың әсер ету механизмі:
6. І – механизм мембранды – цитозольды.
а) аденилатциклазды мессенджер жүйесі
б) гуанилатциклазды мессенджер жүйесі
г) кальцийлі жүйе.
7. ІІ-ші цитозольді механизм.
8. ІІІ-ші мембраналық механизм.
9. Гормондардың номенклатурасы және жіктелуі
10. Гипоталамус гормондары, өкілдері, химиялық табиғаты, құрылысы, әсер механизмі, физиологиялық эффекті, биологиялық ролі.
11. Гипофиз гормондары, өкілдері, химиялық табиғаты, құрылысы, әсер ету механизмі, физиологиялық эффектісі, биологиялық ролі.
12. Қалқанша маңы бездерінің гормондары. Химиялық табиғаты, әсер ету механизмі. Нысана клеткасы, минералды алмасуға әсері.
13. Қалқанша безінің гормондары:
- кальцитонин химиялық табиғаты туралы түсінік, әсер ету механизмі, нысана-клеткасы, физиолгиялық әсері, кальцитонин секрециясының регуляциясы;
- трийодтиронин, тироксин түзілуі, химиялық табиғаты әсер ету механизмі, нысана-клеткасы, физиологиялық әсері.
14. Гипертиреоз түсінік, клиникалық белгілері, биологиялық ерекшелігі.
15. Гипотиреоз түсінік, клиникалық белгілері, биологиялық ерекшелігі.
16. Эндемиялық зобтың пайда болу механизмі және алдын-алу жолдары.
17. Қалқанша безі функциясының бұзылыстары: тиреотоксикоз, микседема, кретинизм.
18. Организмнің сәулемен зақымдануы және адаптация процессінің бұзылуы кезінде пайда болатын қалқанша безінің қатерлі ісігі.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтарда оқыту (SGL), мәселелерге/есептелген негізделген оқыту (TaskBL), ауызша талдау, тест тапсырмаларын, жаттығуларды орындау.
6.Әдебиет:
1. Оқулық. Биологиялық химия, 2011. Т.С.Сейтембетов., Б.И.Төлеуов., А.Ж.Сейтембетова.
2. Биологиялық химия пәнінен лекциялар жинағы. Оқу-әдістемелік құрал. 2018. Б.Ж.Шырынбекова.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет