Бақылау жұмыстары:
Билет 1.
1. Диурез, түсінік. Патология кезінде өзгеруі.
2. Зәрдің бейорганикалық құрам бөлігі.
3. Креатининнің химиялық табиғаты.
Билет 2.
1. Қалыпты зәрдің рН.
2.Протеинурия туралы түсінік, пайда болу себептері.
3. Мочевинаның химиялық табиғаты.
Билет 3.
1. Зәрдің түсі, патологиялық жағдайда өзгерістерге ұшырауы.
2. Глюкозурия, пайда болу себептері.
3. Зәр қышқылының химиялық табиғаты, қандай алмасу процесінің өнімі.
Билет 4.
1. Зәрдің тығыздығы, патологиялық жағдайда өзгерістерге ұшырауы.
2. Кетонурия, түзілу себептері.
3. Гиппур қышқылының химиялық табиғаты, оны анықтаудың маңызы.
Билет 5.
1. Зәрдің мөлдірлігі, патологиялық жағдайда өзгерістерге ұшырауы.
2. Гемоглобинурия, гематурия, түзілу себептері, айырмашылығы.
3. Билирубиннің химиялық табиғаты, қандай заттың ыдырауы нәтижесінде түзіледі.
Билет 6.
1. Қалыпты зәрдің органикалық құрамы.
2. Креатинурия, түзілу себептері.
3. Индиканның химиялық табиғаты.
Билет 7.
1. Зәрдің химиялық құрамы, жүйе түрінде беру.
2. Билирубинурия, түзілу себептері.
3. Кетондық денелердің химиялық табиғаты, зәрде пайда болу себептері.
№13. Тақырыбы: Гормондардың биохимиясы. Заттар алмасуының гормондармен реттелуі.
2. Мақсаты: Студенттер гормондар, гормондардың әсер етуінің әр-түрлі механизмдерін, нысана клеткалары туралы, рецепторлы аппарат, гормондардың жіктелуі, жалпы қасиеттері туралы өз білімдерін қалыптастырулары тиіс.
3. Оқыту мақсаты: Гормондар жалпы адам организмінің мүшелері мен тканьдерінің макро-микро құрылысын, физиологиялық функцияларының жағдайын, организмде өтіп жатқан барлық биологиялық процестерді реттеп, белгілі бір деңгейде ұстап отыратын, ішкі секреция бездерінің арнайы клеткаларынан қанға бөлініп, орталықтан басқаруға қабілетті биологиялық активті заттар. Гормондардың қабілетінің бұзылыстары кезінде әр-түрлі патологиялар: мысалы қант диабеті, семіздік т.б. дамуы мүмкін.
Сондықтан, гормондардың қалыпты жағдайдағы әсер ету механизмін, биологиялық ролін және ол қасиеттерінің өзгеруі салдарынан әр-түрлі патологиялық жағдайларға алып келу мүмкіндіктерін білу болашақ стоматолог дәрігерлер үшін ХХІ ғасырда өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |