Стоматология факультеті



бет33/38
Дата18.05.2022
өлшемі356 Kb.
#34934
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Биохимия стом метод каз-2020-2021 (1)

Электронды оқулықтар:
1. Биохимия. К.Мэри, Кэмпбелл. http://library.ayu.edu.kz/z

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)




Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар
1. Нысана-клетка, анықтама беріңіз.
2. Қандай заттарды гормондарға жатқызамыз. Оларға қандай жалпы қасиеттер тән.
3. ІІ-механизм бойынша әсер ететін гормондардың жалпы құрылысын көрсетіңіз.
4. Қай клетканың бөлігінде гормондардың рецепторлары орналасады.
5. Клеткалардың гормондар әсер етуіне сезімталдығы неге байланысты? Не себепті 1-механизм бойынша әсер ететін гормондар қысқа мерзім әсер етеді?
6. Белок-пептидті гормондарды атаңыз.
7. Қандай гормондар анаболикалық гормондарға жатады.
8. Гормондар өздерінің әсерін қалай атқарады? Схема түрінде көрсетіңіз.
9. Гормондар клеткадағы метаболизм процесіне өз әсерін ферменттерді активтендіру арқылы тигізеді ме? Дәлелдеңіз.
10. Статиндер мен либериндерге анықтама беріңіз. Олардың әсерінің ерекшеліктері.
11. Зат алмасу процессінің нейрогуморальді реттелуін схема түрінде түсіндіріңіз.
12. Эндемиялық зобтың токсикалық зобтан айырмашылығын көрсетіңіз.
13. Д витамині және оның алмасатын активті формаларының минерал алмасуын реттеудегі ролі.
14. Организмнің сәулемен зақымдануы және адаптация процессінің бұзылуы кезінде пайда болатын қалқанша безінің қатерлі ісігінің даму механихмдерін түсіндіріңіз

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

1. Зәрдегі фосфаттардың концентрациясының артуы қандай гормонның жұмысына байланысты. Науқас тітіркенгіш, құрысу байқалады. Қанда Са2+-дің мөлшері 0,8 ммоль/л. Қандай диагноз қоясыз. Және қалай емдейсіз?


2. Науқасты ұзақ уақыт Д витаминімен емдегеннен кейін сүйектері сынғыш, қанда Са2+-ді мөлшері 12 ммоль/л, болуының себебі неде? Бұл неге әкеліп соғуы мүмкін?
3. Науқастың сынған сүйегінің жазылуы баяу жүруде. Емдеу үшін қандай гормон қолдануға болады?
4. Жас бала кретинизммен ауырады. Бұл қай бездің қызметінің бұзылуымен байланысты? Жас баланың ойлау қабілеті мен дене бітімінің жетілуінің бұзылуын түсіндіріңіз.
5. Дене қызуының жоғарылуы мен тердің көп бөлінуі қай гормонның әсер етуімен пайда болады?
Осы құбылысты молекулалық деңгейде түсіндіріңіз.
6. Науқас адамның салмағы артық, жоғары әлсіздік, тез шаршайтындығы байқалады, денесінің қызуы төмен, терісі мен тілі ісінген. Зәр бөлінуі төмен. Бұл симптомдар қай гормон жетіспегенде байқалады? Организмдегі судың мөлшерінің көптігінен ісіктің болуын қалай түсіндіресіз.
7. Қалқанша безінің гормонының аз (гипо-) және көп (гипер-)бөлінуі әлсіздікке және тез шаршағыштыққа әкеліп соғады. Осы жағдайды тудыратын себептерді түсндіріңіз. Осы процестің негізін құрайтын молекулалық механизмдерін түсіндіріңіз.
8. Науқас адамның тілі ісінгендіктен өте үлкен, ауыз қуысына симайды, тілдің бетінде тістердің ізі бар. Қай эндокринді бездің бұзылуында бұл өзгеріс байқалады? Ісіктің биологиялық механизмін түсіндіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет