Студентке арналған тапсырма: «Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу»



бет14/28
Дата26.03.2023
өлшемі231,85 Kb.
#76291
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
Студентке арнал ан тапсырма «Жараны ал аш ы хирургиялы деу»

Іс-әрекет алгоритімі:

  1. Мейірбике науқасты тыныштандырып, науқасқа іс-шара барысын түсіндіріп, келісімін алады, егер науқас ес-түссіз болса туыстарынан н/е дәрігерлер консилиумы шешеді.

  2. Науқасты горизонтальды жатқызады;

  3. Кіндіктен 3 см төмен жерден операциялық майдан 2-рет бетадинмен, 1-рет спиртпен өңделеді;

  4. Жергілікті жансыздандырылғаннан кейін, іштің алдынғы қабырғасы № 4 жібек жіппен ілініп алынып жоғары көтеріледі;

  5. Кіндіктен төмен 2см көлемінде скальпелмен кесіледі;

  6. Троакармен пункция жасалған соң, гильза арқылы іш қуысына хлорвинилды түтікше енгізіледі;

  7. Егер түтікше арқылы іш құысынан патологиялық сұйықтық бөлінбесе, түтікше арқылы Жане шприцымен іш қуысына стерильді 400 мл фурациллин ерітіндісі жіберіледі. Кейін қайта сорылады.

  8. Егер фурациллин ерітіндісі қызыл түске боялса, ішке қан кету жағдайы дәлелденеді.

  9. Түтікше іш құысынан алынып, жарақатқа тігістер салынады, асептикалық таңғыш қойылады.

Науқасты колоноскопияға даярлау
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, жуан ішектің жоғары орналасқан бөлігінің сілемейлі қабығын қарау.
Дайындаңыз: колоноскопты, Эсмарх крушкасын, шылапшынды, қайнатылған суды, фортрансты, клеенканы, жайманы, судноны, салфеткаларды, резеңке қолғаптарды, вазелинді, шпательді, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, жолдаманы.
Колоноскопияны дәрігер жасайды,
мейірбике көмекші қызметін атқарады
Іс-әрекет алгоритімі:

  1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оны жасауға келісімін алыңыз.

  2. Науқасқа психологиялык дайындықты жүргізіңіз.

  3. Дайындық ережесінің бұзылуы салдары туралы ескертіңіз (зерттеу нәтижесі дұрыс шықпайды).

  4. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз.

  5. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін шлаксыз диета тағайындалады, науқастың тағамынан газ түзетін азық-түліктер, көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, нан алынып тасталады.

  6. Зерттеуді жасар алдында 2 күн бойы іш жүргізетін дәрілер тағайындалады (фортранс схемаға сәйкес). 1 литр ерітіндіні 15-20 кг дене салмағына, бұл 3-4 литр ерітіндіге сәйкес келеді. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай немесе бірдей бөлікке бөліп кеш қарсаңында және зерттеу жасайтын күні таңертең қабылданады. Соңғы препарат емшара алдында 3-4 сағат бұрын қабылданады.

  7. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай науқасқа биік тазарту клизмасын 1,5 литрдей сумен жасаңыз.

  8. Таңертең зерттеу жасайтын күні зерттеуден 2 сағат бұрын 1 тазарту клизмасын жасаңыз.

  9. Белгіленген сағатқа науқасты эндоскопиялық кабинетке ертіп апарыңыз (ауру тарихымен).

  10. Зерттеуден кейін науқасты палатасына дейін шығарып салыңыз.

Ескерту: жуан ішекті нәжістен, сұйықтықтан және сілемей сұйықтықтардан тазарту –дайындықтың негізгі міндеті, осының дұрыс шешілуі зерттеудің жетістігін қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет