Щеткин-Блюмберг белгісі- қабыну процесінің іш қуысына тарауы.
Асқазан және 12-елі ішек жарасының перфорациясының белгілерін анықтау.
1 Пышақ сұққандай ауырсыну – науқас эпигастрий н/е орта сызықтан оңға қарай ештеңемен салыстыруға келмейтін ауырсыну нүктесін дәл көрсетеді;
2 тақтай тәрізді іш – іштің тік бұлшықеттерінің қатюы, мұндайда пальпация жасау мүмкін емес;
3 тимпанит дыбысы – оң бұғана орта сызығымен бауыр үстін перкуссиялағанда бауырдың тұйық дыбысының тимпанитке ауысуы;
4 орақ белгісі – іш қуысының жалпы шолу Р-графиясында бауыр мен диафрагма арасында ақ сызық (ауаның) пайда болуы;
Қысылған жарықта алғашқы көмек көрсету. Қысылған жарық –жарық қапшығында орналасқан іш қуысы ағзалардың (шарбы май, жіңішке ішек, қуық) жарық қақпасында қысылып, олардың қан айналымының бұзылуына және өліеттенуіне алып келуі мүмкін.
Клиникалық көрінісі: қысылған жарық жедел басталады, жергілікті белгілеріне:
Жарық аймағының кенеттен ауырсынуы немесе барлық іштің ауырсынуы.
Жарықтың іш қуысына енбеуі.
Пальпацияда жарықтың қатаюы және ауырсынуы.
Жарық қапшығының үстінен жөтел түрткісінің болмауы.
Алғашқы көмек:қысылған жарықта алғашқы көмектің міндеті – науқасты шұғыл түрде хирургия бөлімшесіне жеткізу болып табылады.
Өмірге маңызды ағзалар мен жүйелердің қызметін бақылай отырып тасымалдайды.
Ескерту: Науқасқа анальгетик, спазмолитиктер салуға, жарық аймағына жылытқыш басуға, жарықты күштеп енгізуге болмайды.