Жедел аппендицит белгілерін анықтау
бет 15/28 Дата 26.03.2023 өлшемі 231,85 Kb. #76291
Байланысты:
Студентке арнал ан тапсырма «Жараны ал аш ы хирургиялы деу» Жедел аппендицит белгілерін анықтау.
Анықтамсы: жедел аппендицит – соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндінің жедел қабынуы.
Белгілері:
Филатов симптомы – беткей пальпацияда оң мықын аймағының ауырсынуы ;
Кохер - Волкович симптомы- ауырсыну локализациясының ауысуы (эпигастрий аймағынан оң мықын аймағына);
Ровсинг симптомы – сол жақ мықын аймағын түрткілегенде ауырсынудың оң мықын аймағына берілуі ;
Көйлек симптомы – науқастың киімін тартып, қолды эпигастрий аймағынан сол жақ мықын , кіндікке содан соң оң мықын аймағына қарай сырғыту;
Ситковский симптомы – науқасты сол жақ қырына жатқызғанда оң мықын аймағының ауырсынуы;
Бартомье- Михельсон симптомы – сол қырымен жатқанда оң мықын аймағын басқанда ауырсынуы ;
Щеткин- Блюмберг симптомы – оң мықын аймағын басып тұрып жіберіп қалғанда солқ етіп бірден ауырсынуы н/е бұлшық еттерінің тырысуы (жергілікті перитониттің белгісі).
Қайшы симптомы – айқын тахикардияда (пульс-100-120р/мин) дене температурасына сәйкес келмеуі (бұл аппендицитің гангренозды сатысына сәйкес).
Жедел холециститтің белгілерін анықтау.
Жедел холециститке тән: ауырсыну, жеңілдік әкелмейтін құсу , температураның жоғарылауы;
Ортнер симптомы – оң қабырға доғасын қолдың қырымен ұрғылағанда ауырсынудың күшеюі;
Мерфи симптомы – науқас терең тыныс алу барысында оң қабырға астын басқанда қатты ауырсынудан тынысын бірден тоқтату ;
Мюсси симптомы – төс-бұғана-емізікше тәрізді бұлшықет аяқшаларының арсын саусақпен басқанда ауырсыну;
Щеткин-Блюмберг симптомы – қабыну процесінің ішастарға өтуі.
Жедел панкреатиттің белгілерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: