Студентке арналған тапсырма: «Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу»



бет28/28
Дата26.03.2023
өлшемі231,85 Kb.
#76291
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде өңдейміз

  2. Стерильді биялай киеміз

  3. Пробирка түбіне 2 тамшы реципиент сары суын, 1 тамшы донор қанын және 1 тамшы 33% полюглюкин ерітіндісін тамызыңыз.

  4. Пробирканы жай шайқаңыз

  5. Пробирканы иіп горизонтальды бағытта жай айналдыра отырып 5 минут ағымында араластырыңыз

  6. Пробиркаға 3-4 мл 0,9% натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін тамызыңыз

  7. 2-3 рет пробирканы айналдыра отырып араластырыңыз

  8. Егер агглютинация болса қанды құюға болмайды

  9. Егер агглютинация болмаса , реакция теріс мәнді жәнеде қанда құюға болады

  10. Биялайды шешіңіз және ҚҰҚ жәшігіне тастаңыз

Ескерту: Бөлме температурасы 15-25 градус аралығында болу керек жалған агглютинация болмау мақсатында.

Резус фактор анықтау.
Мақсаты: науқастың резус тиістілігін анықтау
Керекті заттар: универсалды антирезус реагент;пробирка;капилляр немесе Пастер пипеткасы; натрий хлоридінің 0,9% физиологиялық ерітіндісі; стерильді биялай
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа іс-шара барысын және мақсатын түсіндіріңіз.

  2. Науқастың жалпы жағдайын бағалай алатындай қалып беріңіз.

  3. Қолдың гигиеналық деңгейде өңдеңіз.

  4. Стерильді биялай киіңіз.

  5. Пробирканың қабырғасына капиллярмен 1 тамшы тексерілетін қанды тамызамыз;

  6. Оның үстіне 2 үлкен тамшы универсалды антирезус реагент сарысуын тамызамыз, ара қатынас 1:4 болуы керек.

  7. Пробирканы жайлап горизонталды етіп қозғап, ішіндегі қоспаны 3 минут бойы араластырады, пробирканы сілкуге болмайды;

  8. Сонан соң пробирканың қабырғасына шприцпен 2-3 мл натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісін құямыз;

  9. Егер пробиркада агглютинация реакциясы байқалса, түбінде жапырақша немесе тәрізді тұңба пайда болады, ал бетіндегі сұйықтық мөлдір болып келеді, бұл қанның резус факторы оң болып саналады;

  10. Егер пробиркада агглютинация реакциясы жүрмесе, пробиркада тұнба бай- қалмайды, ал сұйықтықтың түсі сары-қызғыштау (тұман) болып келеді. Бұл қанның резус-факторы теріс мәнді болып саналады;







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет