Студенттердің психиатриялық стационардағы жұмысы



бет6/10
Дата18.11.2023
өлшемі31,7 Kb.
#124777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Науқасты тыңдай білу. Клиникалык зерттеудің маңызды элементі. Сіздің
тыңдай білу кабілетіңізге кызығушылык тудырып отырған бұзылысты табуыңыз
тексерудің аяғына дейін жету-жетпеуіне байланысты.
Науқасты «сұрак-жауап» деңгейінде тыңдай білу, яғни ол сізді наукастың
дұрыс түсінгендігін, каншалыкты толык жауап бергендігін, жауапты нактылау
кажет пе, жок па, осыларды байкай алу кабілетіңіз.
Наукасты сұрастыруды эмоциялык ынталандырып отыру кабілеті.
Біріншіден, науқаска, оның күйзелістеріне, өміріне, тағдырына шынайы
кызығушылык таныту формасында. Психикалык наукастар өздеріне деген
қайырымды, формальды және т.б. қатынасты жақсы сезінеді. Егер науқас жақсы
көзкарасты сезінсе, тексеру сәтті болады деп айтуға болады.
Екіншіден, әңгімелесуді жауаптарына баға бере отыра («бұл өте кызыкты»),
жауабы үшін алғыс білдіру («рахмет, бұл түсінікті») түрінде эмоционалды ынталандыру.
Науқасты тыңдай білу — ол оның психикалык күйін бакылау, осы күйіндегі
өзгерістерді, жүріс-тұрысын бақылай білу қабілеті. Кейбір науқастар әңгімелесуге
кызығушылығын жоғалтады, кейбірінде тітіркену байкалады, біркатарында
сенімсіздік, күмәншылдық пайда болады. Осыларды байқап отыру —
тексерушінің маңызды міндеті. Бұл наукастың психикалык күйін бағалап, әрі
карай сұрастыру такгикасын өзгерту үшін кажет.
Бақылау әдісі. Психикалык бұзылыстарды — галлюцинациялар, сандырак,
интеллект бұзылыстарын, тұлға деградациясын және т.б. аныктауға бағыгталған
наукас жүріс-тұрысын бакылау әдісі.
Бұл әдісті іске асыру үшін төмендегілерді игеру кажет.
1. Психикалык аурулардың симптомдары мен синдромдарының объективті
көріністерін білу.
2. Психикалык аурулардың объективті белгілерін бакылай білу және баға
бере білу.
Психикалық бұзылыстардың басым көпшілігі науқастың жүріс-тұрысы
өзгерістерімен жүретіні сіздерге белгілі. Студенттердің психикалык аурулардың
объективті көріністерін нашар білетіндігін тәжірибе көрсетті. Мысалы, студент
есеңгіреу синдромының мазмұнын, симптомдарын тізіп айтып беріп, есеңгіреу
күйіндегі науқастың сыртқы бейнесін суреттеп беруде киналады. Бұған екі
себеп бар:
1) кафедра көпгеген психикалык бұзылыстарды студенттерге көрсете алмайды;
2) психикалык бұзылыстардың ішкі болмысы мен сырткы көріністері
арасындағы байланыстың жетілдірілмегендігі.
Сондықтан, психикалык аурулар симптоматологиясын зерттеуде әр түрлі
бұзылыстардың объективті көріністерін есте сактап коймай, неге дәл осылай
көрініс беретіндігін түсінуге тырысыңыз. Мысалы, есеңгіреу синдромының
мәні сергектік деңгейінің төмендеуі және психикалық қозу табалдырығының
жоғарылауы болып табылады. Бұл кезде сана тек «сандық» сипатта өзгереді.
Бұл науқас белсенділігінің азаюымен көрінеді: ол аз қозғалыспен тұруы мүмкін
немесе, отыруы, кейде жатуы мүмкін. Ол ешнәрсеге қатыспайды, ешнәрсеге
қызығушылық танытпайды, жиі қайталап қойылған сұрақтарға баяу жауап
береді. Жауаптары дұрыс, бірақ біртекті, кейде персеверациялар байқалуы
мүмкін. Есеңгіреу тереңдей түскенде, науқас ұйқылы күйде тәрізді болады.
Бақылау, жүріс-тұрыстағы ауытқуларды анықтай білу, олардың себептерін
бағалай білу қабілеті тәжірибе үрдісінде келеді. Өз бойыңда қырағылық қасиетін
түзу маңызды болып табылады.
Бақылау әдісі сұрастыру әдісімен тығыз байланысты. Науқасты зерттеудегі
олардың нақты қатынасы әрқилы болуы мүмкін.
Бір жағдайларда, субъективті күйзеліс тудыратын симптомдарды анықтап
алған соң, дәрігер олардың объективті көріністерін іздей бастайды. Мысалы,
науқас жоғары шаршағыштыққа, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне, яғни
астениялық синдромға тән белгілерге шағымданды. Әңгімелесу кезінде науқас
бірде бозарды, бірде қызарды, терге малынады, зейіні жылдам қажиды, болған
жайттарды қиындықпен есіне алады, эмоциялық реакциялар танытады. Осылайша, астениялық синдромның объективті белгілері көзге түсті.
Бірқатар жағдайларда науқас күйін объективті бақылау науқастың субъективті
шағымдарымен сәйкес келмеуі мүмкін. Мысалы, науқас әлсіздікке, қажу
жағдайына, еңбек қабілетінің төмендеуіне шағымдануы мүмкін. Ал, дәрігермен
сөйлескенде науқас белсенді — сағаттар бойында өзінің күйзелістері жөнінде
белсенді әңгімелейді, эмоционалды түрде өзінің әлсіреуі, шаршағыштына шағым
айтады. Объективті бақылау мәліметтері бұл жерде астениялық синдром
көріністерін емес, ипохондриялық синдром (өз күйінің ауырлығын әсіре бағалау)
көрінісін дәлелдеп отыр.
Кейде дәл осы объективті бақылау мәліметтері сұрастыру жүргізудің бүкіл
жолын анықтап береді. Мысалы, әлсіздік, нашар ұйқыға шағымданған науқаста
сіз оның баяу, жай сөйлейтіндігін, көздерінің мұңлылығын, кезеңмен күрсініп
отырғандығын байқай аласыз. Егер сіз бұл депрессияның объективті белгілері
екенін білетін болсаңыз, онда ары қарай сұрастыру сізге дұрыс диагноз қоюға
мүмкіндік береді.
Кейбір науқастардың өздерінің дертті күйлерін жасыратындықтарын ескеру керек. Тек түпкілікті объективті бақылау ғана науқастың психопатологиялық
көріністерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жиі галлюцинациялар мен
сандырақтық күйлерге қатысты.
Кейде психикалық аурулар науқастың кабинет алдындағы тұрысымен, қалай
кіргендігімен, сәлемдесуімен, отырысымен, киім киісімен, қалай
сөйлейтіндігімен анықталады.
Объективті бақылау мәліметтерін алуға психиатрлар әр түрлі жолмен қол
жеткізеді:
1) науқасты тікелей тексеру үрдісінде;
2) науқасты медицина персоналының бақылауы үрдісінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет