Студенттердің психиатриялық стационардағы жұмысы



бет8/10
Дата18.11.2023
өлшемі31,7 Kb.
#124777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Синдромальды диагноз

Психикалық күйді суреттеп болған соң сіз науқасқа синдромальды диагноз


қоюға тиіссіз. Психиатрияда ол өте маңызды, өйткені ол келесіні анықтайды.
Біріншіден, зерттелушіде психикалық ауру бар-жоғын анықтайды, өйткені
психикалық аурулар психопатологиялық синдромдармен көрініс береді.
Екіншіден, болжамды нозологиялық диагнозды анықтауға, яғни нақты
психикалық ауру диагнозын қоюға мүмкіндік береді. Бұл әр ауруда басым
кездесетін «өзінің»синдромдары болатындығымен түсіндіріледі.
Үшіншіден, синдром психикалық ауруды емдеу тәсілін анықтайды.
Психикалық аурулар емінің негізгі принциптерінің бірі клиникалық сәйкестік,
яғни нақты науқастағы бар психопатологиялық синдромға әсер ететін препараттарды тағайындау принципі болып табылады.
Төртіншіден, психопатологиялық синдром шұғыл көмек қажеттілігін немесе қажетсіздігін, күтім және бақылау түрін анықтайды. Синдромальды диагноз диагностикалық үрдістің екі сатысынан тұрады.
Психикалық күйді талдау және жеке психикалық симптомдарды анықтау
сатысы. Бұл кезде сіз өзіңіз анықтаған психикалық симптомдардың барлығын
жазып алып, жүйеге келтіруіңіз керек. Бұл жұмысты жеңілдетуіңіз үшін келесі
бөлімде психикалық симптомдар тізімі беріледі.
Симптомдар мен синдромдарды синтездеу сатысы. Бұл жерде сіз әрбір
синдромның негізгі симптомдардан тұратындығын ескеруіңіз керек. Олар
синдром диагностикасын және синдром түрін анықтайтын қосымша симптомдарды білдіреді. Сондықтан науқастағы психопатологиялық синдромды сипаттайтын негізгі симптомдарды іздеуден бастаңыз. Синдромдарды қандай да
психикалық функцияның басым бұзылысына қарай жіктеңіз. Науқаста қай
функция басымырақ зардап шеккендігін байқаңыз. Бірақ, басқаша көзге түсетін
симптомдар бар екендігін есте сақтаңыз — ол күрделі синдромдар. Синдромальді
диагностикада сізге синдромдар тізімі көмектеседі.


Негізгі психопатологиялық симптомдар тізімі
Түйсік бұзылыстары. Гиперестезия — жалпы, таңдамалы, анестезия, гипостезия, парестезия, сенестопатиялар.
Қабылдау бүзылыстары. Иллюзиялар — аффективті, вербальды, парейдолиялық; галлюцинациялар — анализаторлар бойынша, толықтылығы бойынша — шынайы және псевдогаллюцинациялар; күрделілік дәрежесіне қарай —
элементарлы, қарапайым, күрделі; тұлғаға қатыстылығы бойынша — нейтралды,
комментирлеуші, императивті, функционалды галлюцинациялар, ойлар дыбысталуы симптомы және ой ашықтығы симптомы. Метаморфопсиялар — микропсия, макропсия, дисмегалопсия, перропсия, дене және оның бөліктерінщ
схемасының бұзылысы, дереализация, деперсонализация. Агнозиялар. Уақытты
қабылдау бұзылысы. Истериялық саңыраулық, зағиптық.
Ес бузылыстары. Гипермнезия, гипомнезия — фиксациялық, репродукциялық,
амнезия — ретроградты, антероградты, парамнезиялар — псевдореминисценция, конфабуляция, криптомнезия.
Зейін бузылысы. Зейін аудару қабілетінің төмендеуі, алаңдаушылығы, зорығуы,
жоғары бекемделуі, шашырандылығы.
Елестер бұзылысы. Елестер визуализациясы, статистикалық елестердің
әлісіздігі. Қиял галлюцинациялары, сандырақ тәрізді фантазиялар, патологиялык
фантазиялау.
Ойлау бузылысы. Баяулауы, жылдамдауы, тоқтауы; байымдылық, резонерлік,
сырғушы (калкымалы) ойлау, ментизм, аутистикалык ойлау, символикалык
ойлау, паралогикалык үзілген және байланссыз ойлау. Жабыскак идеялар, аса
бағалы идеялар, сандырақтық идеялар — паранояльды, параноидты,
парафренді.
Сөйлеу бұзылысы. Алалия, тіл мүкісі, дизартрия, аграмматизм, тұтығу, мутизм — тотальды, таңдамалы. Неологизмдер, персеверация, вербигерация,
логорея.
Эмоция бұзылыстары. Эйфория, мания, гипотимия, дисфория, эмоционалды лабильділік, боскөңілділік, жоғары аффективті козғыштык, эмоциялар
адекватсыздығы, амбиваленттілік, апатия, эмоционалды топастык.
Әуестік бұзылыстары. Тағамдык әуестіктер бұзылысы — булимия, акория,
полифагия, анорексия; тағамдык әуестік бұрмалануы.
Жыныстык әуестік бұзылысы — күшеюі, әлсіреуі, бұрмалануы — онанизм,
гомосексуализм, садизм, мазохизм, фетишизм, эксгибиционизм. Өзін-өзі
сактауға талпыныс бұзылысы — суицидомания. Клептомания, пиромания,
дромомания.
Қимылдық-еріктік сфера бұзылыстары. Истериялык парездер мен салданулар,
астазия, абазия, тиктер, жабыскак, күштеуші және импульсивті әрекеттер.
Патологиялык әдеттенген кимылдар — саусақгарын сору, тырнактарын
тістеу, акгазия, трихотилломания, ритуалдар, мәнерлілік.
Гипербулия, абулия, гипобулия, пассивті бағынушылық, балауыздық
иілгіштік, стереотипия, эхолалия, эхопраксия, эхомимия.
Сана бұзылысы. Шынайы ортадан ажырау, өз тұлғасы, орын, уақыг, қоршаған
ортаға байланысты бағдар бұзылысы, бөліктік немесе толык амнезия.
Өзіндік сана бұзылысы. Өзіндік «Меннің» бірлігінің белсенділігінің бұзылысы,
өзін бағалау өзгерісі — төмендеуі, жоғарылауы.
Дертке көзқарас. Анозогнозия, ипохондриялык баға беру. Диссимуляция,
симуляция, аггравация.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет