Студенттердің психиатриялық стационардағы жұмысы


Науқастардын психикалық жағдайын зерттеу



бет4/10
Дата18.11.2023
өлшемі31,7 Kb.
#124777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
студент жұмысы стацонар

Науқастардын психикалық жағдайын зерттеу


Клиникалык зерттеу здістері. Психиатрияның айналысатын мәселесі — ол
ағза мен мидағы дертті патологиялык үрдістермен көрінетін психикалык
ауытқулар (бұзылыстар) болып табылады. Өкінішке орай, психиатрияда
психикалык бұзылыстардың лабораторлы және инструментальды зерттеу
әдістері жок. Осы уакытка дейін психикалык ауыткуларды аныктаудың негізгі
әдісі оларды сипаттау болып табылады. Бұл әдіс клиникалык деген атауға ие
болды.
Психикалык бұзылыстарды клиникалык зерттеудің екі әдісі бар:
1) сұрастыру эдісі;
2) бақылау эдісі.
Бұл әдістер психикалык бұзылыстар көріністерінің ерекшелікгерімен тікелей
байланысты. Осылайша барлык психикалык бұзылыстар негізгі үш топка
бөлінеді.
Бірінші топ науқастардың субъекгивті сезімдерімен анықталатын психикалык
бұзылыстардың аздаған көлемі. Осылайша дереализация — шынайы емес күйді
сезіну, деперсонализация — бөтендену күйзелісі, психосенсорлы бұзылыстар,
жабыскак естеліктер және т.с.с. көрініс береді.
Екінші топ наукастың субъективті сезімдерімен, сонымен катар, объективті
де анықталатын (науқас сөзінен, тәртібінен және т.б.) психикалык бұзылыстарды
біріктіреді. Оларға есту галлюцинациялары («дауыстар») жатады, олар объекгивті
де көрініс беруі мүмкін, олармен наукас сөз алмастырып, бұйрыктарын орындауы мүмкін; мысалы, тамак кабылдаудан бас тартуы мүмкін. Бұл бұзылыстар
жөнінде наукастан сұрау және жүріс-тұрысын бакылау аркылы біле аламыз.
Үшінші топ, ең алдымен, объективті көрініс беретін психикалык бұзылыстардан тұрады. Мұнда мінез-кұлык бұзылыстары, ес, интеллектінің айқын
өзгерістері, сана күңгірттенуі және т.б. жатады. Бұл бұзылыстар наукас тәртібін,
күйін бакылау аркылы диагностикаланады.
Сұрастыру әдісі. Субъективті күйзеліс тудыратын психикалык бұзылыстарды
аныктауға бағытталған.
Студенттің келесі тәсілдерді игеруін талап етеді.
1. Наукаспен контактіге түсе білу.
2. Наукасты сұрастыра білу.
3. Наукасты тыңдай білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет