Студенттердің психиатриялық стационардағы жұмысы


Экспериментальды-психологиялык әдісті жүргізу кезінде келесі ережелерді



бет7/10
Дата18.11.2023
өлшемі31,7 Kb.
#124777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Экспериментальды-психологиялык әдісті жүргізу кезінде келесі ережелерді
ұстану керек.
1. Нені, кандай әдіспен аныктағыңыз келетіндігін және кандай нәтиже
алуыңыз мүмкіндігін жаксы білуіңіз керек.
2. Науқаска берілетін тапсырмаларды өте дәл, түсінікті кұру керек, яғни,
наукас нені, калай жасау керектігін.
3. Тексеруді тыныштык жағдайында, бөтен адамдарсыз жүргізу керек.
4. Эксперимент үрдісінде науқас жұмысына араласпай, сабырлы түрде
бакылауға алып, тіркеу керек.


Психикалық күйді суреттеу ережелері

Науксатың психикалык күйін сипатгау белгілі бір ережелерді ұстануды талап


етеді.
1. Накты психикалык бұзылыс немен көрініс беретінін міндетті түрде сипатгау. Іс жүзіндегі көрінісін суреттеусіз, симптомдарды тек терминдермен
жазуды колдануға тыйым салынады. Мысалы, «наукаста дене схемасының
бұзылыстары бакыланады» деп шектелуге болмайды, өйткені бұл
бұзылыстар әркилы көрініс береді. «Наукас кейде өз аяктарының кенеттен шамамен 40 см ұзаратындығын, сол сәтте олардың өте ауырлап
кететіндігін сезінеді. Бұл күй 2—3 мин созылып, өздігінен басылады. Бұл
сәтте наукас осының барлығы шын мәнінде жок екендігін түсінеді, бірак
қоркыныш сезімі баурайды» деген тәрізді суреттеу керек.
2. Суреттеу толык болуы тиіс. Суреттеу толықгылығы — бұл симптомдардың
ерекшелігі және ағымының ұзактығы, олардың пайда болуына не ыкпал
ететіні және наукастың оларға көзкарасы.
3. Психикалык бұзылыстар суреттемесі аса дәлдікгі кажет етеді. Аурулардың
көріністерін суреттеуде нактылыкка, дәлдікке талпыныс көне дәрігерлік
антта бейнеленген: «Бұл симптом бар екендігін дәлелдеу үшін өз колымды
кесуге бармын». Симптомдарды жеңілдетуге немесе әсірелеуге тырыспаңыз,
белгілі бір синдромға сәйкестендіру үшін симптомдарды іздемеңіз.
4. Егер наукаста психикалык функциялар бұзылысы жок болып, тек
субъективті көрініс беретін бұзылыстар, мысалы, ой ашыктығы симптомы, дереализация, деперсонализация және т.б. бакыланса, онда функцияларды суреттеуде науқаста кандай симптомдар жок екендігін міндетті
түрде тізіп өтуіңіз керек. Жок симптомдарды тізіп шығу сіздің кандай
симптомдарды тексергендігіңізді көрсетеді.
5. Егер наукаста объективті де көрініс беретін психикалык функциялар
бұзылысы жок болса, мысалы, зейін, ес және т.б., онда сіз наукаста зейін
бұзылысы жок екендігін жазғаннан кейін, артынан бірден оған дәлел
келтіруіңіз керек. «Зейін бұзылыстары жок, зейіні жылдам аударылады,
ол тұракты, наукас әңгіме аркауына зейінін жинактаған, алаңдамайды.
Тексеру сәтінде зейіні бірқалыпты, алмасуы дұрыс, жаңа қойылған сұраққа
бірден жауап береді де әңгіменің өзге такырыбына көшеді».
6. Психикалык күй мәдени тілде, сауатты жазылуы тиіс. Психикалык күйді
суреттеуді жазушылардан үйреніңіз, көркем әдебиетті көбірек окыңыз.
Адамдардың сырткы келбетін калай суреттейтініне көңіл бөліңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет