Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет101/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106
Байланысты:
367986 (2)

58-тапсырма. Берілген мәтіндерден лепті, бұйрықты, сұраулы сөйлемдердің стиль түріне қарай қолданылу ерекшеліктерін айырып, талдау жасаңыздар.
а) – Итбай Байсақалов бар ма, мұнда? – деді ол жақындай беріп.
– Бар. Оны қайтесің?
– Андрей жіберді. Тез келсін, деді. Губернатор шақырады, деді.
– Барайын, - деді қуанып кеткен Итбай, – тымағымды алып берші, Бүркітбай!
– Шай ішіп барсаңыз қайтеді? – деді Асқар. Оның ұшқалақтауын ұнатпай.
– Шай да, ет те, май да, арақ та көп онда, – деді Антон. – Ұмытқан екем. Учитель қазақ бірге келсін, деді Андрей.
– Мен не алам, сіз барыңыз, – деді Асқар барғысы келмеп еді:
– Нең кетеді, жүр, керегің боп қалар! – деп Итбай тағы да қолқалағасын, Асқар бірге кетті (С.Мұқанов).
ә) – Желікпе, әрмен әрі! Қартайғанда біреудің қолы тисе, тілі тисе, қайтесің? Өлім-дағы! Желіктірме, Сыздық. Мынау біреудің қолында өледі. Келіп-келіп, кәртайғанда, балаң ержеткенде, не іздей барасың?!
– Тарт, босат етегімді! Жаманның жаны балдан тәтті.
– Ұста, Сыздық, жіберме! Атың құрсын, онан әрі кетсін. Балалар, жүгір! Ағаңды тап! (Ғ.Мұстафин)


59-тапсырма. Берілген мәтіндердегі жай сөйлемдерді салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдерге айналдырып, ондағы стильдік қолданылу айырмашылықтарын түсіндіріңіздер.
а) Барлық ауылнай барды. Қысып-қысып жіберді. Тағы да салық келіпті. Біздің ауылнайға он ірі қара, он бес көлік түсті. Болыс өзі бізбен ере шықты жинауға. Қасында екі милициясы, өзінің екі шабарманы бар. Қазір мына су бойындағы елден шығып, осылай келгелі жатыр, соның алдын ала жортып келдім. Қайтеміз мырза? Беті қатты. Қолма-қол жинап келеді (Ғ.Мұстафин).
ә) ...Өгіздер өрге қарай әзер шығып келеді. Қалтай кәдімгі мереке кезінде Күрекенмен күресетін, Ақшал екеуі алда салт келе жатты. Қалтай бригадаға берілген бұзаулы сиырды айдап келеді. Ақ көңіл, бала мінезді Ақшал жер жағдайын білгір саналады. Бір өзіне ғана аян белгілер бойынша ол тауда әк тасының ең мол орнын, ал құмда судың қай жерде екенін табатын еді.
Қалтай Ақшалды сый көңілмен «инженер» деп атады (Ә.Әлімжанов).
б) Ол тілегіне қолының қысқалығы жеткізбеген Асқар «ең болмағанда бір көрсем» деген арманынан қол үзбейтін.
Міне, сондай, көрмей сағынған Петербургке ол келе жатыр.
Жарты сағат уақыт, асыққан Асқарға, жарты жылдан асық сияқтанды. Түнге терең сүңги зымыраған поезд Асқарға, поезға мінген халықты сүйремей Асқардың шыдамын сүйреген сияқтанды.
Поезд тоқтады. Тысқа жұртпен бірге Асқар мен Итбай да шықты. Дала қою тұман. Сонда да түн реңкі бозымық тартқан (С.Мұқанов).
в) Бұлар ауылдан он шақты шақырым ұзамай-ақ егіс даласына ілікті. Машина ескі аңыздың арасымен батпақтап зорға жүріп келеді. Жер жыртқанда жолды қоса жыртатын әдет шықты ғой кәзір... Егіс даласы дегенде, мұнда шетсіз-шексіз созылып жатқан дала жоқ, жота-жотанаң арасын бір-біріне жалғап, дөңін де, ойпатын да қыртысын айналдырып, қопарып тастаған. Жері – тастақ, құм-қиыршық. Кесек-кесек тастар өредегі құрт тәрізді тақтаның бетіне шығып жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет