Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет100/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

56-тапсырма. Берілген мәтіндегі сұраулы сөйлемдердің жұмсалу мақсаттарын түсіндіріңіздер.
а) жақсы тұрмыс, тәуір өмір көрсек, сенімен, кейінгі бір он-он бес жылдың ішінде көрген болармыз. Оған дейін мынау иық тесік емес пе еді? Мына қолды күс баспап па еді? Мына арқамызбен не көтермедік? Сонау бір жылдары колхоздың қызыл қасқа өгізінің екінші жағына жегіліп, осы иығыммен соқа сүйрегенмін. Сен де сөйткенсің.
ә) - Құрып қал, ұялмай-қызармай айтып отырғаны несі? Түнде кетсе бір сәрі, тал түсте адам тірі боп қызын жібере ме екен? Біреудің жанына байлап жіберетін жан торсық па еді ол? Ондай бетпақтың шашын талдап тұрып жұлмас па? – деп, Шәрипа қызуланып, орнынан қозғалып-қозғалып қойды (Б.Майлин).
б) Қоғалы көлдер, қом сулар,
Кімдерге қоныс болмаған?
Саздауға біткен құба тал,
Кімдерге сайғақ болмаған?
Басына жібек байлаған,
Арулар кімнен қалмаған?
Таңдап мінген тұлпарлар,
Иесін қайда жауға салмаған?
Садағына сары шіркей ұялап,
Жау іздеген ерлердің,
Қайда басы қалмаған? (М.Өтемісұлы)


57-тапсырма. Берілген мәтіндердегі бұйрықты сөйлемдердің қандай мағыналық реңктерде жұмсалып тұрғанын анықтаңыздар.
а) 1. Айта алмай шын сөзіңді қорғалайсың,
Туғанын бүйтіп қор боп құрысын да!
Бар пайдаң өз басыңнан артылмаса,
Мал ғұрлы мағына жоқ тұрмысында.

  1. Бергенге жұмақ,

Бермесе – дозақ
Деп үйретер халыққа.
Жұмақтың кілтін,
Алланың мүлкін,
Арендаға алып па?
Молда сатса тиынға,
Ол алла емес сиынба!
Шалқаңнан жатып,
Алланы сатып,
Аламын деп қорлама!
Еңбексіз ит жер,
Бейнетсіз бит жер,
Берсеңдер, бер молдаға!
Өзіңді бірақ алдама! (А.Байтұрсынұлы)
ә) –Тараңдар! Тастаңдар жалғыз ұлықты! – деді... –Түнде жылқыны ұйықтап қап, қалың жылқы егінге түсіп кетіп жүрмесін. Осыны бар жалқышыға айта көр, жарықтығым! – деген Абай енді ашулана сөйледі: –Жә, тоқтат, ақсақал! Қырық жыл достық болмаса, қырық жыл жаулық та жоқ. Базаралыдан алмаған өшің бар ма еді? (М.Әуезов)
б) Сап-сап, көңілім, сап, көңілім!
Сарқа берме санасын.
Бәрін өзің білсең де,
Әлі-ақ өзің танасың,
Өртенесің, жанасың.
Өз-өзіңнен бейнетке
Өз басыңды саласың (Абай).
в) Тап бетін ашқан кедей-батырақ Мұқаштан именбейді, жауапты қысқа берді.
– Онан арман ізден, қараңды батыр! – деді...
Мұқыштың азғырып алған он екі кедейі жиналыста қатесін мойнына алып:

  • Бізді орталарыңа ал! – деді.

  • Алайық! – деді жиылыс (Б.Майлин).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет