Стилистикалық категориялардың мәтін өрісіндегі табиғаты
Стилистикалық категориялардың қатарына бағалау категориясы, акценттік категория, гипотезиялық категория, диалогтық категория, «автор бейнесі» категориясы, мәтін категориясы т.б. жатады. Акценттік категория – мәтіндік категориялардың бірі. Акцентік категория концептуалды тілдік бірліктердің мағыналық жақтан көңіл аударуын қажет етеді, адресат автордың көзқарасына көз жеткізу сенімділігін көрсетеді, сол арқылы қабылдаушы мен тыңдаушының ортақ түсінікке ие болуын қамтамасыз етеді. Ғылыми стильде акценттік категория микроөрістерге бөлінеді: дәлелдеу, нақтылау, бағалау, категориялық, белсенділік т.б. ғылыми стильде акценттік категорияны ғылыми жүйелеудің танымдық процесінің динамикасы мен табиғаты арқылы түсіндіріледі. Сонымен қатар, бірақ, алайда, керісінше, дегенмен, сияқты шылаулар акценттік категорияның қызметін атқарады. Ғылыми мәтіндегі осындай акценттік категориялар өзінің күрделі ғылыми хабарларға толы мәтінінің мазмұнын қабылдаушыға түсіндіруді жеңілдетеді. Көз ауруының 200 түрі бар. Бұл ғылыми анықтамалық сөйлемді қабылдаушы толқымай оқи алмайды.
Гипотезиялық категория ғылыми және көркем әдебиет стилінің кейбір жанрларына тән болып келеді. Бұл категорияның экстралингвистикалық негізі ғылыми танымның өзіндік ерекшелігіне және ойлау процесіне байланысты болса, фантастикалық шығармаларда қиял сияқты сезімнің ерекше сәтінен туындайды. Гипотеза білім формаларының бірі және жаңа білімнің өндірістегі процесінің таным әдісі ретінде көрінеді.
Стилистикалық категорияның тағы бір саласы – «бағалауыштық». Бағалауыштық философиялық-әлеуметтік әдебиеттерде кең қолданылатын термин ретінде философиялық категорияның құрамында айтылады.
Ғылыми стильде стилистикалық бағалау категориясына жататындар: аксиологиялық баға: тамаша идея, жоғары деңгей, ғажайып үлгі, ментальды баға, маңызды үлес, рационалды ыңғай, тәжірибелік баға, ұтымды класигентация, академиялық еңбек, ғалымды бағалау, үлкен ғалым, білікті маман, жоғарғы маман.
Публицистикалық стильде бағалау категориясы полемика, теледебат, сөз сайысы сияқты бұқаралық-ақпараттық жанрларында сапалық-қатыстық сын есімдер, зат есім, фразеологиялық құралдар, экспрессивтік синтаксиситік конструкциялар арқылы жүзеге асып жатады. Публицистикалық стильде стандартталған құрылымдар да экспрессия тудырушы тәсілдер стилистикалық бағалау категориясын беріп, оның стильдік сапасын арттырып отырады. Ауызекі сөйлеу стиліне рационалды, обьективті-логикалық бағалау тән емес. Ауызекі сөйлеу стилінде бағалау интонациямен, одағай сөздермен, эмоционалды-экспрессивті лексикамен т.б. бейнелі сөздермен келеді. Көркем әдебиет бейтарап лексика да бағалау коннатациясымен жиі көріне алады.
Достарыңызбен бөлісу: |