Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді


Стиль түзуші прагматикалық фактор



бет17/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Стиль түзуші прагматикалық фактор


Әлемдік және орыс тіл білімінде прагматикаға қатысты зерттеулердің көбі лингвистикалық талдаулардың өн бойында прагматикалық фактордың бар екеніне назар аударған. Стилистиканың прагматика, психология, гносеология, логика сияқты лингвистикалық емес пәндермен байланысы да прагматикалық фактордың маңызын жан-жақты айқындауда.
Прагмалингвистика адамның статусын үш бағытта қарастырады:
1. Конверсациялық (сөйлеу актісі); 2. Функционалды (риторика – стилистикалық); 3. Психолингвистикалық. Т.Гоббс адам қабілетінің табиғатын төртке бөледі: 1. Дене күші, 2. тәжірибесі, 3. ақыл-ой, 4. сезімі, Ю.Н.Караулов «тілдік тұлға» тұжырымын үш деңгейде қарастырады: 1. тілдік тәсілдер жиынтығы; 2. когнитивтік; 3. прагматикалық (мақсаты, әрекетке бағытталуы, қызығушылығы), М.П.Катюрова ғылыми стильдегі экстралингвистиканың негіздері «мен», «субьектінің» іс-әрекеті ғылыми-танымдылық қисындылыққа тән деп бағалайды. Г.В.Колшанский стильдік даралық мәтіннің мазмұнының тереңінде әрі автор немесе жеке тұлғаның шығармашылығы ретінде көрінеді деген тұжырым ұсынады.
Психологияда «жеке субьектінің», «адресант» немесе дара стильдік қызметі нерв жүйесінің типологиялық қасиетіне байланысты деп қарастырады.
Тілден тысқары тұратын экстралингвистикалық факторлардың табиғатына үңілген сайын прагматикалық фактордың ерекшелігі айқындала түседі.
Ғылыми стильдегі ойлау, көркем әдебиет стиліндегі бейнелеу, публицистикалық стильдегі ықпал ету қызметі стиль жасаушы прагматикалық фактор арқылы өтеді.
Прагматикалық факторға жататын айтушы мен қабылдаушы – барлық коммуникативтік процесті құраушы, ұйымдастырушы және жүзеге асырушы. Дискурс пен мәтінді түзуші прагматикалық фактор – қазіргі мәдениеттің барлық жиынтығын таратушы: тіл мәдениеті, ойлау мәдениеті, қарым-қатынас мәдениеті т.б. Адам – жан мен рух моделі, сондықтан физиологиялық, биологиялық құбылыс және рухани, эстетикалық бағдардың жиынтығы. Адресант пен адресаттың қызметін салыстыратын болсақ, онда айтушыға қарағанда тыңдаушының рөлі өте маңызды. Бірақ адресант пен адресаттың физиологиялық және психологиялық табиғатының ортақтығы ескерілуге тиіс.
Адам өзінің ақыл ойымен, танымдық көзқарасымен және интеллектуалдық мәдениетімен, ойлау дәрежесімен сапалы түрде ұйымдастырылған ниет-пиғылымен мынандай коммуникативтік жетістіктерге жетеді: сөйлеу актісін ынтасымен тыңдайды, айта біледі, қарым-қатынастың қалыпты сарынын сақтайды, өзінің түпкі ойының жүзеге асуын қамтамасыз етеді, ең бастысы стиль ұсынады, қалыптастырады.
Адресант жалпы, эстетикалық және моральдық постулаттарын бар екенін жадында ұстайды. Оларға мыналарды жатқызуға болады: тыңдаушымен қарым-қатынаста әдепті болу, дөрекі сөзден қашу, белгілі тақырыпта бейтаныс адамдармен сөйлесуге шек қою т.б.
Ауызекі сөйлеу стилінде прагматикалық фактор дайындықсыз айтылып, ой-пиғылы ситуацияға қарай өзгеріп отырады. Жүр шығарып салайын адресант мақсатын жүзеге асыру үшін айтып тұр. Мен сенімен... бірге кетеміз деген тілдік нормадан ауытқыған сөйлемде бейвербалды тілдік тәсіл есепке алынып түрткі ой тастауға итермелеп тұр. Ғылыми стильде адресант адресатқа бағалау категориясын бергенде өзінің прагматикалық мақсатын ескеріп отырады: ғылыми ортаның этикасын сақтайды; «ғылыми мәдениет аясынан» шықпауды көздейді; сондықтан адресант өзінің білім аясының жетістігін, нәтижесін көрсетіп отырады, қабылдаушы да «ғылыми ортаның» жалпы прагматикалық ерекшелігін толық есепке алып отырады.
Ғылыми стильде профессор мырза, сізді шығарып салуға рұхсат етіңіз – адресант өз ниетін жүзеге асырғысы келіп тұр. Профессор мырза, сізді шығарып салуға рұхсат етесіз бе – адресант құрмет тұтуды прагматикалық нысанға алып отыр, мәдени субкодты пайдалануда. Профессор мырза, сізді шығарып салайын деп едім – бұл сөйлемде адресанттың интеллектуалдық дәрежесі көрінеді. Ғылыми стильде адресант эпистемиалық және коммуникативті-прагматикалық аспектіні ситуациямен нақтылап береді: эпистемиа және ситуация – таным процесінің метамоделі. Бұл автордың жеке ғылыми әдісті ұйымдастыра білуі, танымдық, ойлау стилі жаңа мен бұрынғы ғылымды салыстыра білу, жеке психологиялық қабылдау, қорытындылау сияқты қасиетімен айқындалады.
Стилистика ғылымының міндеттерінің бірі – дискурс пен мәтіндегі стилистикалық амал-тәсілдерді анықтау. Стилистикалық амал-тәсілдер деген атаумен аталатын стилистикалық мүмкіндіктердің қайнар көзінің сапалық және сандық ерекшеліктерін көрсететін стилистиканың толыққанды зерттеу көздерінің ең бастылары болып табылады. Стилистикалық амал-тәсілдердің ең ұтымды жағы қай стиль түріне телінсе де әлеуметтік талап мүддені белгілі прагматикалық мақсатқа үйлестіріп, орында қолданыс шарттарының мазмұндық-ақпараттық, эстетикалық мәнін көрсетуге негізделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет