Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет39/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

4. Грамматикалық стилистика. Проф. М.Балақаев грамматика мәселелерін екі ыңғайда қарастырады:
1) тілдің грамматикалық ережелері мен заңдылықтарын айқындау мақсаты тұрғысынан;
2) грамматикалық тұлғалар мен грамматикалық тәсілдерді қалай пайдаланғанда, ойымыз дұрыс, әсерлі шығады деген тұрғыдан.
Бұл екеуі өзара тығыз байланысты болғанымен, алдыңғысы – грамматика, соңғысы – стилистика ғылымының үлесіне тиеді. Яғни грамматикалық стилистика грамматикалық категориялар мен олардың мағыналық түрлерінің қолданылу жүйесін зерттейді. Мәселен, морфологиялық тұлғалардың, оның варианттарының ойды дәл, әсерлі, көркем жеткізудегі қолданылу ерекшеліктерін, принциптерін қарастырады.
Мысалы:
Бір ақын бір ақыннан ақынырақ,
Өйткені ол жүрекке жақынырақ.
Қашанда мықты ақындар Махамбеттеу,
Кемеңгер ойлы ақындар Абайырақ (К. Салықов).
Мұнда бір шумақ өлеңге стильдік рең беріп тұрған морфологиялық тұлға – шырай жұрнақтарының қызметі екені айқын. Немесе «...бір сағаттан кейін ілгері басқан аяғы кейін кетіп, Нұрәлі Өріктің жатақханасына келді» – сөйлемінде діңкесі құрыған, шаршаған Нұрәлі демей, ілгері, кейін деген қарама-қарсы мәндегі үстеу сөздерді әдейі қолданып, «ілгері басқан аяғы кейін кеткен Нұрәлі» деп жұмсау – Нұрәлінің әлсіздігін күшейтіп тұрған стильдік амал.
Синтаксистік стилистика – сөйлеуде не жазуда болсын, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, сөйлемнің құрылысы арқылы берілетін әртүрлі стильдік рең, мағына-бояуларды, оны дұрыс пайдалану тәсілін зерттейді. Сонымен қатар синтаксистік қайталаулардың, авторлық баяндау мен кейіпкер сөздерінің құрылымдық ұйымдасу ерекшеліктерін де нысанаға алады. Мысалы, «Есебім былғанған да жоқ, былғанбайды да», - деп жауап қайырды (Ғ. Мүсірепов). Бұл сөйлемде синтетикалық және аналитикалық формадағы болымсыз баяндауыштардың қатарласа қолданылуы болымсыз мағынаға стильдік мән берудегі тәсіл болып саналады.
Абай «Байлар жүр жиған малын қорғалатып...» 18 жолдағы қорғалатып, құдай атып, бұтып-шатып, есіріп, ісіп-кеуіп, ырылдатып, қалжыратып... – образды етістіктің өткен шақ -ып, -іп кесемше тұлғасы поэтикалық-көркемдік міндетті өтейтін стильдік құрал ретінде қолданылған.
Қорыта айтқанда, тіл құралдарының стилистикасы тілдік өлшемдердің (дыбыс, сөз, сөз тіркесі. сөйлемнің) жұмсалу зандылықтарын зерттейді, тілдік тәсілдердің дұрыс жұмсалу нормасын белгілейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет