Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді


Стилистика фонетиканы объект ете алады



бет38/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

2. Стилистика фонетиканы объект ете алады. Фонетика тіл дыбыстарының жүйеленуін, жасалуын зерттесе, стилистика сан алуан дыбыстық қайталауларды, ассонанс, аллитерациялық құбылыстарды, әуезді мәнерін, дұрыс дыбыстау мәдениетін т. б. қарастырады.
Алатауды айналсам,
Алғадайым табам ба ?
Сарыарқаны сандалсам,
Саңлағымды табам ба? (Ж. Жабаев) – әке зарын күшейтудегі стильдік тәсіл – ассонанстық, аллитерациялық құбылыстар.
Жо-о-оқ! Қазақы дәстүр, ұяттан аттап кете алмай жүр. (Ғ.Мүстафин) – сөйлемінде ойдың эмоциялы-экспрессивтілігін күшейтуге қызмет еткен амал – эмфативті екпіннің қажетті интонациямен айтылуы.
3. Лексикалық стилистика – ұлттық әдеби нормадағы сөздердің де, бейнормалық элементтердің де стильдік қызметін қарастырады, яғни әрбір сөзге стильдік реңк беріп, бейнелеп, әрбір сөздің эмоционалдық бояуын түрлендіріп жұмсау жолдарын көрсетеді. Сөздің ауыс, контекстік мағыналарының, мәндес, қарама-қарсы мағынадағы сөздердің жұмсалу ерекшеліктерін де қарастырады. Айталық, әр сөз стильдік бояу, сипатына қарай белгілі бір стиль түріне бейім қолданады. Мысалы, суайт, ынжық, сүмелек, кеңкелес, су аяқ – экспрессивті бояуы қалың сөздер, олар қарапайым ауызекі сөйлеу стиліне тән болса, долы жүрек, кірлеген жүрек, ызалы жүрек, көңіл кірі, қоңыр тіршілік т.б. ауыс, контекстік мағыналарда жұмсалып, көркем стильді белгілейді. Немесе Ә.Кекілбаевтың "Құс қанаты" повесіндегі қарапайым, тұрпайы сөздер, диалектизмдер – (телпек – тақия, ұшпақ – жұмақ, шұқыншақ – еңбеккер, қағаз күйелеу – сурет салу, дызықтау, жырқылдау, қақшаңдау т.б.) – стильдік мақсатта жұмсалған лексикалық бірліктер.
Стилистикадағы тіл құралдарына фразеологиялық сөз орамдары да жатады. Өйткені ойды тартымды, бейнелі, әсерлі, көркемдеп жеткізуде тұрақты тіркестердің де қызметі ерекше, идиома мен фразаның, мақал-мәтел мен қанатты сөздердің қолданылуында көптеген стильдік ерекшеліктер байқалады. Сөз зергерлері дайын сөз тіркестерін стильдік мақсатына орай ешбір өзгеріссіз пайдаланса, енді бірде өзгертіп, өзгеше мәнерде ауыстырып қолданады.
Тұтылып шелек жалап тамам нашар,
Әлділер құтылысты айран ішкен (С. Торайғыров).
Ақын бұл жолдарды оның мақал екенін ажыратып көрсетпей, екі қарама-қарсы ұғымды ажыратып түсіндіруде бұл мақалды өте әсерлі қиыстыра білген. Академик І.Кеңесбаев: «... стиль – өлгенді тірілтіп, өшкенді жандандыратын дүние, – дей келіп, – кейбір фразеологизмдердің (Қу бастан қуырдақтық ет алған (кекесіннің), аузын айға білеген (әсірелеудің), атау-кереңді іш (қарғыстың)) сыр-сипаты оның стильдік функциясында жатыр» - дейді [26, 602-б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет