Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді


Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау



бет37/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау
сұрақтары:

  1. Ауызекi сөйлеу стилінің шағын түрлерi (подстильдер)

  2. Ауызекi сөйлеу стилiндегi әлеуметтiк жағдайлар. Ауызекi сөйлеу стилiнiң прагматикалық факторға негiзделуi.

  3. Коммуникативтiк сәтсiздiктiң себептерi. Коммуникативтiк мақсат, сөйлеу стратегиясы мен тактикасы, тәсiлдерi. Тiлдiк қарым-қатынастың жанрлары. Тiлдiк қатынастағы әдеп.

  4. Ауызекі сөйлеу стилінің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері.

  5. Ресми іс қағаздары стиліне тілдік тұрғыдан қойылатын талаптарды атаныз.

  6. Ғылыми стиль, оның өзіндік ерекшеліктері.

  7. Таза ғылыми шағын стилі, ғылыми-көпшілік шағын стилі және ғылыми-оқулық шағын стилі ұғымдарыны түсінік берініз.

  8. Ғылыми стильдің ауызша және жазбаша түрлерін атаңыз.

  9. Қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиеттерде, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функционалды стильдің түрін атаныз.

  10. Шешендік сөз дегеніміз не және қандай талаптарға жауап береді?

  11. Қазіргі шешендік сөздердің түрлері қалай ажыратылады?

  12. Көркем әдебиет стилі, өзіндік ерекшеліктері.



ТІЛ ЯРУСТАРЫ СТИЛИТИКАСЫ
(Тіл құралдары стилистикасы)


1. Тіл құралдары стилистикасы – тілдің барлық деңгейлеріндегі құралдардың стилистикалық қызметін қарастырады. Өйткені әр түрлі стильдік мағына-бояу, стильдік өң, көркемдік-мәнерлілік сипат тілдік өлшемдердің (единицалардың) барлық түрінде болады. Сондықтан тіл құралдары стилистикасының зерттеу нысаны – лексика-фразеология, грамматика жәие фонетика қарастыратын тілдік тұлға-бірліктер. Алайда әрқайсысының зерттеу объектілері әр түрлі. Мәселен, фонетикада – фонетикалық элементтердің (дыбыстардың, интонацияның, екпіннің т.б.) стильдік өңі, ассонанс, аллитерацияның стильдік қызметі, лексика мен фразеологияда – жеке сөздер мен тұрақты сөз тіркестерінің стильдік қолданысы, грамматикада – септік, жіктік тұлғалардың синонимдік мағыналары, сын есім шырайларының жұмсалу ерекшеліктері, сөз таптарының стильдік қолданысы, сөйлем түрлерінің қызметі, сөздердің инверсиялануы, синтаксистік конструкциялардың мәнерлегіштік қасиеттері т.б. мәселелер стильдік тұрғыдан зерттеледі (В. Виноградов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет