Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет43/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

3. Синонимдерпрактикалық стилистиканың басты мәселесі. Антонимдер. Омонимдер.
Синонимгректің synonymos – «мағыналас, мәндес» сөздерінен алынған термин, яғни мағыналас, мазмұндас сөздер. Олар – ойды әрі көрікті, әрі әсерлі жеткізудің құралы. Оларды талғай да, таңдай да білу керек. Өйткені, мағыналас сөздердің бәрі үнемі бірінің орнына бірі жұмсала бермейді. Әрқайсысында әр түрлі стильдік бояу, стильдік сапа болады.
Контексте қолдануына қарай әр түрлі мағыналық реңк туғызады. Олардың стильдік бояулары сол сөздерді салыстырып қолданғанда айқын көрінеді. Синонимдерді тіліміздегі стиль түрлеріне қарай саралап қолдану қажет. Мысалы: күш, әл, қуат.
Төмендегі сөйлемнен «күш» сөзінің орнына «әл» сөзін алмастырып айтуға болмайды. Өйткені мағына дәлдігі бұзылады: Қолыңдағы бар күшті жинай білсең, ұлы хандықты құруға болады (I. Есенберлин «Көшпенділер»).
Көптеген ғалымдар «Бір тілдің лексикасында мүлде бір мағынада айтылатын екі немесе бірнеше сөз жоқ, сондықтан бұл сөздің ұқсастығын абсолюттік ұқсастық деуге болмайды. Себебі синонимдер айтушының ойына сай болып, логикалық пікірдің нәзік екенін қамтитын болады» деп таниды.
А.И.Ефимов: «За каждым синонимом стоит смысловое и стилистическое своеобразие, специфические смысловые оценки, изучаемые стилистикой ... тождественных по значению слов в языке не бывает» [27, с.252].
Ноғайлыны шаппаққа
Қалмақтар ішті қасамды (ант-су).
Ерте заманда анттасқан адамдар серт беріп, бір ыдыстан су ішкен – ант су деп аталады. Бұл жерде қасам сөзінің жұмсалуы – көне заманның мазмұнын берудегі ұтымды тәсіл.
Синоним сөздер көркем шығармаларда кейіпкерлердің сезімін, мақсатын, бағытын дәл көрсету үшін, айтылған ойдың, сөздің мағыналық-эмоциялық мәнін күшейтіп беру үшін, құбылысты кеңірек суреттеу үшін жұмсалады. Толып жатқан нәзік ойлар, сезімдер – синоним арқылы жеткізіледі.
Бұл мәселе орыс тіл білімінде зерттеу объектісі болды. Айтайын деген ойға керекті сөзді тауып айту – өнер. Синоним сөздердің стильдік қолданылуы туралы қазақ тіл білімінде көлемді зерттеу еңбектер көп емес.
Мынандай стильдік мүмкіншіліктері бар деуге болады. Кәрі – қария, жас бала да. Ешбірі де қалмады. Мағыналары әсерлі. 1) Синонимдердің бірнешеуін қатар айту айтайын деген ойды анықтай түседі. Абайдың қолынан келсе, сол Сармолла айтып жүрген сөзді өз тарапынан да жұртқа жеткізу борыш, қарыз тәрізді. Қағаз деген абырой, атақ, беделге қарай ма? Абайдың көз алдына Байтастың былтыр жаздағы әншіл, сауықшыл жолдастары толық елестеді. 2) Кейбір синоним сөздер контексте жансыз заттармен тіркесіп айтылып, бейнелік (образдылық) мағына беріп тұрады: былжыр күз, сылбыр күз, көріксіз, ажарсыз тұман (І.Жансүгіров).
Ойды бейнелі айту үшін де, көркемдік дәлдікке, шынайылыққа жету үшін де омоним, антоним сөздер де жұмсалады. Абай: Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да...
1) Ойды ықшамды, әсерлі ету үшін жұмсалады: Күні-түні тынбай, бірде көл, бірде шөл болады.
2) Ойды жинақтау үшін: жақсылық пен жамандықтың бағасын ұғар кезі болды ғой, - қолданылады.
Қызыл гүлің суалып,
Ақ көңілің анық қарайды (Абай).
Елді қан жылатумен шынжыр балақ шұбар төс қанды ауыз атанған бір ауыз еді (С. Торайғыров).
Антонимдер қосарланып көбінесе мақал-мәтелдерде жұмсалады:
Отырсаң опақ, тұрсаң сопақ.
Алаған қолым береген.
Басы қатты, аяғы тәтті.
Тіл-тілде сараланған, қалыптасып орныққан бірнеше стильдік тармақ бар. Оның лексикасындағы көптеген сөздер сараланып, белгілі бір стильге телініп, әр топқа бөліне бастайды. Мұны белгілі бір синонимдік қатардың құрамындағы сөздің қолдануынан аңғарамыз:
Аспан – көк, әуе,
жер шары – жер жүзі,
теңіз – дария.
Халық, жұрт, әлеумет, халайық – поэтикалық тілде қолданылып, көтеріңкі стильде беріледі, әуес – құмар – кұштар – іңкәр – ынтық – ынтызар – ауызекі сөйлеуде, көркем стильде сараланып жұмсалады.
Антонимдердің стилистикалық қызметі күшті, қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде немесе ойды айқындай түсуде антонимдік тәсілдер айрықша қызмет атқарады:
Көз – қорқақ, қол – батыр;
Алыс пен жақынды жортқан білер;
Өтірік – қаңбақ, шын – салмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет