Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді


Фразеологизмдер стильдік, экспрессивтік



бет46/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

3. Фразеологизмдер стильдік, экспрессивтік ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді:
1) стильаралық (бейтарап) фразеологиялық тіркестер;
2) сөйлеу тілінің фразеологиясы;
3) жазба тіл фразеологиясы.
Стильаралық фразеологизмдер жалпыға ортақ, барлық стиль түрлерінде жұмсалады. Ешбір экспрессивсіз, зат, құбылыстардың атын білдіреді. Көбінесе термин сөздер: соқыр ішек, қыл тамақ, көгілдір тың, жетіқарақшы, қызыл алаң т.б. болып келеді.
Сөйлеу тілінің фразеологиясы тек ауызекі сөйлеуде, күнделікті тұрмыста жұмсалады, сондықтан экспрессивті бояуы басым келеді: ит сілесі қату — шаршау, көк ми – ақымақ, жел беру – қоздыру, миын ашыту – мазалау, тайып тұру – жылдам кетіп қалу.
Сөйлеу тілінің фразеологиясы бірде образдылық мән береді, бірде қарапайым да болып келеді: ит қорлық, құлағының етін жеу т.б.
Сөйлеу тілі фразеологиясының синоним қабаттары болады, әр түрлі жағдайда құбылып қолданылады: тайып тұру, табанын жалтырату, жонын бір-ақ көрсету, шаңына ілестірмеу, қырық жамау, қырық құрау, балық басынан шіриді, су басынан бұзылады.
Жазба тіл фразеологиясы көбіне жазу тіліне тән. Көркем шығармада поэтикалық сипат, публицистикалық стильде салтанаттылық басым, ғылыми шығармаларда логикалық, дәлдік үшін жұмсалады. Жазба тілдің негізінде қалыптасқан барлық тұрақты сөз тіркестері енеді.
Көнерген фразеологиялық тіркестер көбінесе діни ұғыммен, салт, әдет-ғұрыппен байланысты болады:
а) сегіз жұмақ, қыл көпір, ақыр заман, құрбан шалу;
ә) ірге көру, ұрын бару, аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін, құм жиылып тас болмас, кұл жиылып бас болмас, шынжыр балақ, шұбар төс, үйірімен үш тоғыз т.б.
4. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Фразеологизмдер көбінесе эмоциональды-экспрессивті қызмет атқарады: ашық ауыз, тас бауыр, кейде ойды әсерлі жеткізу үшін, бейнелік мағына беруде жұмсалады, ирониялық реңкке де ие болады. Мысалы, «бұл қадірсіз өлім ғой» дегеннен гөрі «бұл ит өлім ғой» десе, ой әлдеқайда өткір, өтімді келеді. Әрине, ит өлім жағымсыз өлім. Бұл сөздің контекске қарай мағынасында мұқату сезіледі: «Жусатып жер құшырды, ит өліммен тізілген неміс тобын мыңнан, жүзден» дегенде неміс фашистерінің өлімінің өзін жиіркенішті етіп көрсетуде ит өлім тіркесін қолданысқа енгізген.
Б.Майлин «Күн ұясына батты» дегенді сөйлем мәнін күшейту үшін «күн ұясына кірді» деп қолданады. М.Әуезов «Жүрегінің түгі бар» дегенді күшейтіп, «жүрегінің түгі шыққан» деп әсерлі жұмсайды.
Көркем әдебиетте, поэзияда фразеологизмдерге ерекше стильдік өң беру үшін ұйқас, ырғақ талаптарына лайық олардың орны ауысып та, арасына басқа сөздер еніп те, тұлғасы өзгертіліп те жұмсала береді.
Алыстағы айға талпыну:
Жас жүрек жайып саусағын,
Талпынған шығар айға алыс (Абай).
Намысын жырту:
Бар жазам – күштілермен жарысқаным,
Жыртқаным – сорлы жұрттың намыстарын (С.Сейфуллин).
Екі көзі төрт болу:
Төрт қылып екі көзді сағындырып,
Жүр екен біздің қалқа қандай жерде? (Абай)
Мақал: Тұтылып шелек жалап тамам нашар,
Әлділер құтылысты айран ішкен (С.Торайғыров) – екі қарама-қарсы ұғымды ажыратып түсіндіруде мақалды әсерлі етіп қиыстырған, нашар мен әлділердің арасындағы тап қайшылығын ашып көрсетуде шебер қиюластырған.
Тұрақты тіркестер аз сөзбен көп мағынаны бейнелі өткір түрде береді, тілдің стильдік сапасын арттырады.
Тірлік-ынтымаққа байланысты:
Көп ауыз біріксе, бір ауыз жоқ.
Көп түкірсе көл.
Алауыздыққа байланысты:
Алты бақан алауыз – деп келеді,
Ештеңе айтпады дегенді – жұмған аузын ашқан жоқ, бір адамға артық сөз сөйлетпеу – аузына құм құю.
Біреудің сөзіне риза болмау – іріген ауыздан шіріген сөз шығады.
Бірдемені қатты құмартты – аузының суы құрыды.
Ауыр жағдай дегенді – қабырғадан қан кешті.
Безеріп қалған адам туралы – кесіп алсаң қан шықпас.
Толық адалдықтың жоқ екендігін – бір ұрты май, бір ұрты қан.
Бұл мысалдар тұрақты сөз тіркестерінің жеке сөйлем мүшелеріне талданбай, тек белгілі бір айтайын деген ойды әсерлеп, тиянақтап, дәлелдеп айту үшін ғана жұмсалатындығын байқатады.
Көркем әдебиетте авторлар фразеологизмдерді өңдеп, өзгертіп (өз мақсатына лайық) қолданады. Мұндайда ойға образдылық пен мәнерлегіштік сипат арттыру үшін жұмсайды.
Фразеологизмдерді қолданудың мынадай стильдік ерекшеліктері бар: а) Тұрақты сөз тіркестері өзгертілмей, сол қалпында қолданылып, қосымша мағынада жұмсалады:
Жүрегім менің қырық жамау
Қиянатшыл дүниеден (Абай).
ә) Тұрақты сөз тіркестерінің бір компоненті өзгертіліп, жаңа мазмұнда қолданылады:
Дүние кірін жуынып
Көрініп ойға сөз салар (Абай).
(Жаңа дүниені, өмірді аңсау)


Тез тұрыңдар, жолдастар,
Ашылды көңіл тот басқан (С.Мұқанов).
«Көңіл тоты» – әлеуметтік теңсіздіктің зардабын бейнелейді. Бұл екі түрлі сөз қолданыста «көңіл кірі» сөз тіркесінің үлгісімен жасалған.
б) Тұрақты сөз тіркесінің бір компоненті өзгертіліп, стильдік мағынада жұмсалады:
Кірлеген жүрек өз ішін,
Тұра алмас әсте жуынбай (Абай).
«Көңіл кірі» – жүрекпен ауыстырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет