Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет44/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Каламбурфр. шендестіру тәсілі. Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздерге негізделген сөз әзілі, яғни омонимдерді жұмсаудағы стильдік тәсіл.
Қалқам, жаным, қарағым,
Бетіңе келмес қарағым (С. Торайғыров).
Тағы сынды жан едік,
Тағы келдік тар жерге (Махамбет).
4. Сөздің экспрессивті бояуы, оның түрлері. Экспрессия тілдің көркемдік бояуларының саласы, ол – стильдік негізгі категория – дейді [27, 82-б.].
Экспрссивтілік жалпы екі тұрғыдан сөз етіледі:
1) лексикалық мағынасы әуелден экспрессияға бейім сөздер (контекссіз – экспрессивті мағынаны білдіреді);
2) қолданылу процесінде экспрессивтік бояу алатын есімдер, сөз тұлғалары.
Тілдің көркемдігін жетілдіру үшін, образ жасауда бұл тәсілді жиі қолданады. Эмоциялық реңкі бар экспрессивті сөздер көбіне көркем әдебиет стилінде кездеседі, өйткені, олардық стильдік бояуы, қыр-сыры сонда ашылады. Ақын-жазушылар шындықты көрсетуде, ондағы кейіпкерлердің мінезін ашып, портретін жасауда осындай көтеріңкі, бейнелі, мәнерлі сөздерді қолданады.
Жоғарыда айтқан контекссіз-ақ экспрессиялық мағынаны білдіріп тұратын сөздер: қанішер, жауыз, патшағар, ыржақтау, тыраштану, селтию т.б. Түрлі мағына бар: әзіл-оспақ, кекету, шенеу (итіну), адамның мінез-құлқын, реніш-күйінішті білдіруде жұмсалады.
Экспрессивтілік (мағына) кейбір грамматикалық формалар, аффикстер арқылы да туады. Бұл жөнінде В.В.Виноградов: «Экспрессивные оттенки присущи к грамматическим категориям и формам».
Қазақ тіл білімінде аффикстердің экспрессивтік, эмоциялық ерекшеліктері арнайы зерттелінген жоқ. Кейбір жалғаулардың қолданылу ерекшеліктеріне қарай құрметтеу, сыйлау, не мысқыл – кекету, не сүйсіну, қомсыну сияқты әртүрлі экспрессивті рең туғызады. Адалын айтайын, ағынан жарылып тұр, сабазың. Қалқатайым, қарашығым, Қайранбай. Бұл сөйлемдердегі тәуелдік жалғауларының қызметі арқылы сүйіну мәні күштірек байқалады.
Қазақ тілінде әсіресе болымсыздықтың эмоционалды-экспрессивті мәні күштірек сезіледі:
а) Сөйлемнің болымсыз формалы баяндауышының қайталанып келуі арқылы: Есіл, Тоғжан, ұмытпаспын, ұмытпаспын! Айтпа, айтпа деймін анаған! (М. Әуезов) – күшейту мәні басым.
ә) Сөйлемде болымсыз есімдіктердің қайталануы да оған экспрессивтік мән береді: Ештеңе де ішкім келмей отыр, Мәйна, ештеңе де (С. Шәймерденов).
б) Түгіл, тұрмақ, тұрсын шылаулары зат есім, сан есім, сын есім, қимыл атауларымен тіркесіп, болымсыз мәнді салыстыру арқылы да экспрессивтік мән алады: Жеке меншікті жоймақ түгіл, әзір ойлаған да емеспін (Ғ.Мұстафин). Хат былай тұрсын, ас та бергізбейді (С.Мұқанов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет