Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді


Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы



бет49/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы.
Морфологиялық тұлға – сөздің құрылысы, сөзге жалғанатын қосымшалар. Қосымшалар сөзден сөз тудыру үшін, сөз мағынасын түрлендіру үшін, сөз бен сөзді байланыстыру үшін жұмсалады.
Сонымен, әдеби тілдің белгілі бір стильдік саласында жиі қолданылуға бейім морфологиялық тұлғалар бар. Құрамында жиі қолданылатын морфологиялық тұлғалардың сипатына қарай, қазақ әдеби жазу стильдерін негізінен екі топқа бөлуге болады. Морфологиалық құрамы тұрғысынан кеңсе стилі мен ғылыми стиль бір-біріне жақын. Сондай-ақ публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилі бір-бірімен орайлас. Кеңсе және ғылыми әдебиет стиліне ортақ мынадай морфологиялық тұлғалар бар:
-лық, -лік (-дық, -дік, -тық, -тік) жұрнағы. Мұндай сөздердің көпшілігі терминдік мәнге ие болып, нормаға айналған, қалыптасқан атаулар болып кетті: оқулық, серпінділік, сөздік, жылылық, жариялылық т.б.
Кейде осы қосымшаның талғанбай, кез келген сөздерге жалғанып, стильдік қателерге ұшырап жатады:
«Оның сөзінен білімдарлық аңғарылады»
«Біз мұнда жаңалықта ғана келдік». Дұрысы: жаңа ғана келдік.
-шылық, -шілік. Бұл жұрнақ арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіптің, шаруашылық түрлерінің немесе әлдебір абстракт күй-қалыптың атауы болып отырады: Малшылық, диханшылық, оқытушылық, шығармашылық т.б,
-лылық, -лілік, -дылық, -ділік, -тылық, -тілік.
Зат пен құбылыстың ерекше белгісінің атауын жасайтын бұл аффикстер көбіне ғылыми әдебиет тілінде, кеңсе стилінде кездеседі: қуаттылық, зейінділік, екпінділік, мекенділік т.б.
-қыш, -кіш, -ғыш, -гіш: жылытқыш, сепкіш, мұздатқыш.
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе – әр түрлі құжат атауларын, жіктелген зат атауларын жасайтын өнімді тәсіл: әдістеме, анықтама, (мінездеме), жолдама, сілтеме, хабарлама, ескертпе, баспа, жазба т.б.
Ғылыми, кеңсе стильдері шұбалаңқы болмай, жатық болуда қысқарған сөздер (мекеме аттары) жиі қолданылады: ҚазҰМУ, ономком, ұжымша.
Публицистикалық және көркем әдебиет стильдеріне тән морфологиялық тұлғаларды атау қиын. Барлық түрлері де қолданыла береді, әсіресе экспрессивті-эмоциональды мән туғызатын грамматикалық тұлғалар жиі қолданылады.
Әдеби нормаға жатпайтын тұлғалар ретіне қарай публицистикалық, көркем шығармалар стилінде кездесе береді.
Кейбір морфологиялық тұлғалар контекст ішінде мәтінге қарай белгілі бір қолданыста пайда болып, сөйлеу стиліне сіңісіп кетеді:
-сымақ – есімдер құрамында қолданылып, кемсіту, жақтырмау, кекету мәндерін туғызады: ақынсымақ, шешенсымақ, мырзасымақ.
Етістіктер құрамында келіп, бейнелі мән туғызатын қосымшалар да бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет