Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді


Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау



бет57/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау
сұрақтары:

1. Синтаксистің стильдік қызметі, стильдік амал-тәсілдері.


2. Функционалды стильдердің сиитаксистік құрылымы.
3. Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдерін атаңыз.
4. Қазіргі қазақ тілінде синтаксистік синонимдердің ең басты түрлері.


Сөйлем құрылысының стилистикасы



  1. Сөйлемнің әртүрлі конструкцияларының стильдік өңі

Мақсатына қарай сөйлем түрлерінің де (хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті) жұмсалуы мен мағыналық жағынан ерекше қызмет атқаратындығы белгілі.
Хабарлы сөйлемнің мазмұнының әртүрлілігіне қарай болымды және болымсыз деп стилистика тұрғысынан оқулық авторлары екіге бөліп қарайды. Болымды сөйлемде өмір құбылыстары шындық күйінде баяндалып, сөйлеушінің субьективті көзқарасы қоса жеткізіледі. Аспанды бұлт торлай бастаған екен – хабарға айтушының көзі жетіп баяндалғаны аңғарылады. Осындай сөйлемде айтылған ойға айтушының субьективті көзқарасын білдіруін тіл ғылымында сөйлемнің модальдігі дейді. Болымды сөйлемнің модальді мағынасы көбінесе баяндауыштар құрамын түрлендіру арқылы құбылып отырады.
1. Ол ауылдан кеше келді.
2. Ол ауылдан кеше келген екен.
3. Ол ауылдан кеше келіпті.
4. Ол ауылдан кеше келген шығар.
Бір модальділік мағынаның осыншама көп синонимдерінің болуы қазақ тілі сөйлемдерінің стильдік мүмкіншілігінің молдығын, болымды сөйлемдердің стильдік бояуларының әр алуан екенін көрсетеді. Бұларды таңдап, талғап өз орнында жұмсай білу керек.
Ал қазақ тілінде болымсыз сөйлем жасаудың бірнеше амалдары болатындықтан, оларды талғап жұмсаудың стильдік мәні бар, өйткені болымсыз мағынаның эмоциональды-экспрессивті реңктері күшті сезіледі. Зерттеу еңбектерде мұндай реңктегі болымсыз сөйлемдердің негізгі тәсілдері төмендегідей деп көрсетіледі:
1) аналитикалық тәсіл арқылы;
2) лексикалық тәсіл арқылы;
3) интонация арқылы.
Айтпа, айтпа деймін, анаған! – болымсыздық мағынаның аналитикалық тәсіл арқылы берілуі, болымсыз мағынада күшейту мәні басым. Үйіне келгелі әлі түк бітірген жоқ – лексикалық тәсіл арқылы жасалуы. Бұл сөйлемде түк болымсыз есімдігі бітірген жоқ болымсыз баяндауышпен тіркесе отырып мағынаны күшейтуге қызмет етіп тұр. Жо-о-оқ! Мен жай кетпеймін – сөйлемінде сөйлемнің экспрессивтілігі, болымсыздықтың күшейтілуі интонация арқылы жеткізіліп тұр. Мұнда болымсыз формада айтылған сөз стильдік талапқа сай эмфативті екпінмен айтылады.
Болымсыз тұлғалы сөйлемдерді болымды етіп айтудың да стильдік қызметі ерекше: Мен енді айтамын – мен енді айтпай тұра алмаймын. Мұндай жағдайда айтылатын хабар өткір тілді, эмоциялы сезімі күшті болады.
Кейбір сұраулы сөйлемдер кісінің әр түрлі модальді көзқарасын, күмәнін, түрлі көңіл-күйін білдіріп, сұраққа жауап алу мақсатын көздемейді. Бұлар – кейіпкер ойын мәнерлі түрде әсерлі етіп айтудың өте ұтымды амалы. Мұндай көркемдік амалды ғылымда риторикалық сұраулар дейді (хабарлауға тиісті ой сұраулы сөйлем түрінде баяндалады).
Арғымағың жамандап,
Тұлпар кайдан табарсың?
Тұйғыныңды жамандап,
Сұңқар қайдан табарсың ? (Асанқайғы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет