Студенттің өзіндік жұмысы №1 Оқушылардың физиологиялық дамуы пәніне кіріспе Жоспар



бет25/41
Дата07.02.2023
өлшемі1,73 Mb.
#65700
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Байланысты:
Ñòóäåíòò³ ç³íä³ê æìûñû ¹1 Îóøûëàðäû ôèçèîëîãèÿëû äàìóû ïí

Қанның құрамы мен қасиеттері.




  1. Қан топтары және қан құю тәртібі.




  1. Иммунитет, оның түрлері және жас ерекшеліктері.




  1. Жүрек пен қан- тамыр ауруларының профилактикасы.

1.Баланың қан жүйесінің морфо-физиологиялық ерекшеліктері. Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Мұның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады. Қан бүкіл денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды әкеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұны мен қоса, қан дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады.
Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Қан бауырда, көк бауырда, сүйек кемігінде түзіледі


Есейген балаларға қарағанда жаңа туған нәресте қанның меншікті салмағы едәуір басым .Меншікті салмақ негізінен қанда эритроциттердің аз-көптігіне байланысты.Ол тұрақты көрсеткіштердің бірі, бірақ кейбір физиологиялық және патологиялық жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін.Мәселен, адам бірнеше апта тауда болса, қанында эритроциттер саны көбейіп м.с. артады.Жаздың өте ыстық күндерінде адам қатты терлейді де, оның қаны қойылып салмағы артады.Қара жұмыс істеп, қатты терлесе (әсіресе ыстық цехта) қанның меншікті салмағы 1,070-1,077-ге жетуі мүмкін.Қанның қойылуы көбінесе ішек індеттері кезінде байқалады.Науқас адам жиі-жиі құсса не оның іші өтсе,қанда су мөлшері азаяды.Адам қансыраса, оның қан тамырлары тінаралық сұйықтыққа толып кетеді де қан сұйылады, яғни оның тығыздығы азаяды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет