Студенттің ПƏндік оқУ Əдістемелік кешені


Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің негізгі факторлары



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата06.04.2017
өлшемі0,76 Mb.
#11190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің негізгі факторлары
Тау – кен өнеркəсібінде пайдалы қазбалардың өзіндік құнына нақты жəне затталған
еңбекті пайдалану тиімділігі ғана емес, тағы  кен орнын қазудың кен – геологиялық
жағдайлары да əсер етеді.
Өнімнің  өзіндік  құнын  төмендетудің  маңызды  факторы  болып  еңбек  өнімділігінің
өсуі  саналады . Жаңа  техниканы, жоғары  өнімді  қазу  жүйесін  енгізу, еңбек  пен  өндірісті
ұйымдастыруды жетілдіру арқасында бір жұмыс істейтінге шаққан кен өндіру көлемі өседі,
ал өнімнің бір өлшеміне жұмсалған шығындар азаяды .
Еңбек  өнімділігі  өсуімен  жұмысақы  да  өседі, бірақ  өнім  бірлігіне  шаққан
шығындардың жалпы мөлшері азаяды.
Өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін орташа жұмысақының өсуімен салыстырғанда
еңбек өнімділігінің басымырақ өсуін қамтамасыз ету керек.
Еңбек  өнімділігінің,  жұмысақы  өсуімен  қатар,  өнімнің  өзіндік  құнына  əсері  мына
формуламен анықталады:
                                                          ∆С = (1 – I
3
 / I
e
)·d ,
мұндағы: ∆С - өнімнің өзіндік құнының өзгеруі;
                 I
3
 – жұмысақы индексі;

                 I
e
- еңбек өнімділігінің индексі;
                 d - өзіндік құнындағы жұмысақының үлес салмағы, теңге немесе пайызбен.
Өнімнің өзіндік құны төмендеу шамасын мына формула бойынша анықтауға болады:
                                                                        (Ф
2
– Ф
1
)·С
                                                             ∆C = —————,
                                                                               Ф
1
мұндағы: С - өнім бірлігінің өзіндік құны, теңге
                 Ф
1
жəне  Ф
2
 – факторлардың (мысалы, өндіріс  көлемі, материалдар,т.б.)
шаралар қолдану алдыңғы жəне одан кейінгі мөлшері, шамасы.
Өнімнің  өзіндік  құнын  жүйелі  түрде  төмендету – кəсіпорынның  жұмыс  істеу
тиімділігін  арттырудың  негізгі  құралы  болып  табылады.  Өндіріс  шығындары  төмендетудің
мына төменгі негізгі бағыттарын айтуға болады:
ғылыми – техникалық ілгерішіліктің жетістіктерін пайдалану;
өндіріс жəне еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
өндірістің материал, отын, энергия жəне еңбек сыйымдылықтарын төмендету;
негізгі капиталды пайдалануды жақсарту.
Негізгі əдебиеттер: 1нег.[136 – 171]; 2нег.[345 – 376]; 3нег.[324 – 334].
Қосымша əдебиеттер:  9қос.[135 – 162]; 11қос.[88 – 97].
Бақылау сұрақтары :
1. Өнімнің өзіндік құны экономикалық санаты ретінде қандай рөлді атқарады ?
2. Өндіріс шығындарының түрлері мен жіктелуі.
3. Өнімнің өзіндік құны, өндіріс көлемі жəне тұрақты, өзгермелі шығындар арасында
қандай тəуелділік бар ?
4. Шығындарды топтастыру əдістері.
5. Нарықтық жағдайында өнімнің өзіндік құнын арзандату жолдары қандай ?
7 – дəріс.  Кəсіпорындарының өнімін құндық бағалау жəне баға
белгілеу
           Кəсіпорын əр түрлі өнім шығарады . Нақты пайдалы қазба өндіретін кəсіпорындар да
əр алуан сапалық көрсеткіштері бар өнімдер шығарады.
Заттай (т, м, м
2

3
)  өлшем  бірлігін  пайдаланып,  өнім  шығару  көлемін  бағалау  –
кəсіпорын  қызметінің  жалпылама  бағалауын  қамтамасыз  етпейді. Осындай  бағалау  үшін
өндірілген өнімнің тұтыну қасиеттерін, оның сандық жəне сапалық жақтарын бағалау керек.
Өнім тұтыну құнымен – белгілі бір тиімділікті қанағаттандыра алуымен жəне құнмен
– оны  дайындауға  жұмсалған  қоғамдық  еңбекпен  сипатталады. Өнім  өндіруге  жұмсалған
абстрактілі қоғамдық еңбектің өлшемі – ақшалай өлшем бірлігі болып саналады.
Сонымен,  ақшалай  бағалау  –  кəсіпорынның  өндірістік  –  шаруашылық  қызмет
нəтижесінің сандық бағалауының жалғыз жиі əдісі.
Кəсіпорынның  шығаратын  өнімнің  барлық  көлемін  құндық  бағалау - өндіріс
мөлшерін  анықтауға, еңбек  өнімділігінің  деңгейін, пайда  шамасын, оның  даңгейін, т.б.
кəсіпорынның  қызмет  нəтижесін  сипаттайтын  техника – экономикалық  көрсеткіштерін
есептеуге жəне талдауға мүмкіндік береді.
Тау – кен  өнеркəсібінде  өндірілетін  өнім, оның  өткізу  көлемін  есептеудің  толық
дəрежесі  мен  əдісі  бойынша  жəне  өнім  құнын  кəсіпорын  ұжымының  қатысу  шаралары
бойынша  жалпы  өнімді,  тауар,  өткізілген,  таза  жəне  нормативтік  –  таза  өнімдерді
ажыратады.
Жалпы  өнім  құны – кəсіпорынның  белгілі  бір  кезеңдегі  өнеркəсіптік - өндірістік
қызыметінің жалпы нəтижесін ақшалай тұлғада сипаттайтын көрсеткіш.
Жалпы өнім көлемі (Q
ж
) келесі формуламен анықталуы мүмкін:

                                                     Q
ж
=
å
Q
к
· Р + Q
ф
+ К ± ∆А ,
мұндағы: Q
к
 – уақыт бірлігінде шахтадағы тазартым жəне даярлау забойлардан немесе
                         карьердегі қазу учаскілерінен пайдалы қазбаларды өндіру көлемі,т;
                 Р   –   пайдалы қазбаның 1т салыстырмалы тұрақты бағасы, теңге;
                 Q
ф
 – уақыт бірлігінде өндірілген шала өнімнің құны;
                 К   – уақыт бірлігінде қызметтер көрсету құны;
                 ∆А – аяқталмаған өндіріс қалдықтарының өзгеруі.
Тауар  өнімінің  құны – кəсіпорында, бірлестікте  өндірілген  жəне  сыртқа  сатуға
арналған  барлық  өнімнің  құнын  сипаттайтын  өндіріс  көлемі  көрсеткіштерінің  бірі. Бұл
өндірілген  жəне  өткізуге  дайын  өнімнің  көлемін  ақшалай  тұлғада  сипаттайтын
экономикалық көрсеткіш.
Тауар өнімінің көлемі (Q
т
) мына формуламен есептеледі:
                                                         Q
т
 =
å
Q
с
 · Р + Q
ф
+ К ,
мұндағы: Q
с
уақыт бірлігінде басқа кəсіпорындарға өткізуге арналған пайдалы
                         қазбалардың өндіру көлемі,т.
                 Р – пайдалы қазбаның қолданыстағы бағасы;
                 Q
ф
- басқа ұйымдарға сатуға арналған шала өнімдердің құны;
                 К - өндірістік сипаттағы басқа ұйымдарға қызмет көрсету құны
Өткізілген  өнім  құны – дайындалған, жөнелтілген  жəне  тұтынушы, өткізуші  немесе
сауда жасаушы  ұйым ақысын төлеген өнім. Ол кəсіпорындардың өндірістік – шаруашылық
қызыметінің  нақты  нəтижелерін  бағалаудың  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі. Өндірілген  өнім
құрамына  өнеркəсіптік  сипаттағы  қызметтердің  құны  да (У) кіреді, оның  көлемі  былай
анықталады:
                                                       Q
ө
 =
å
Q
р
· Р
H
 + Q
ф
+ У ,
мұндағы: Q
р
– уақыт бірлігінде тұтынушыларға өткізілген жəне олар төлеген
                         пайдалы қазбалар көлемі, т;
                 Рн – кеннің 1т нақты сату бағасы, теңге.
                 У – уақыт бірлігінде нақты қызмет көрсету құны
Таза  өнім  құны - өндіргіш  қызметтің  нəтижесін  сипаттайтын  көрсеткіш. Ол  жалпы
өнім  мен  материалдық  шығындар  негізгі  капиталдың  тозуын  өтеуге  жұмсалатын
шығындардың  шамасы  арасындағы  айырма  ретінде  есептеледі. Таза  өнім  құрамына  жанды
еңбек шығындары мен кəсіпорынның пайдасы есепке алынады.
Шартты түрде таза өнім - өнімді өлшеудің құндық көрсеткіштерінің бірі. Оны есептеу
үшін, жалпы өнім құнынан жұмсалған еңбек заттарының құнын шегеріп тастайды.
Жарамды  өнім – нормативтік  құжаттаманың  барлық  белгіленген  талаптарына  сай
келетін өнім.
Негізгі өнім – кəсіпорын шығаратын өнімнің барлық түрлері.
Жанама өнім – кəсіпорын қызыметінің мақсаты болып табылмайтын барлық өнімнің
түрі. Ол негізгі өнімді өндіру барысында ілеспе түрде алынады.
Дайын өнім деп – кəсіпорында өндірілген, өңдеудің барлық сатыларынан өткен жəне
өндірістік тұтыну үшін жарамды өнімді айтады.
Өнімнің  тағы  бір  түрі  –  бəсекелесуге  жарамды  өнім.  Ол  рынокта  бар  ұқсас  өніммен
салыстырғанда тұтынылу қасиеті анағұрлым жоғары жəне осы себепті жоғары сұранысқа ие
өнім.
Өнімді өткізу жəне табыс

Өнім өткізу дегеніміз – шаруашылық құрал – жабдығы айналымның аяқталған кезеңі,
соның  нəтижесінде  кəсіпорын  өндірілген  өнімді  белгіленген  ақыға  басқа  кəсіпорынға,
тұтынушыға өткізеді.
Өткізілген  өнім  үшін  алынған  қаражатты  -  өткізуден  түскен  түсім  дейді.  Ол
кəсіпорынның  өндіріске  жұмсалған  шығынды  өтеуіне (материалдардың , отынның,
энергияның  құнын, т.б.), жұмысақы  төлеуіне, бюджетпен  есеп  айырысуына, ақшалай
қорланымды қалыптастыруына көмектеседі.
Жалпы  айтқанда, өнім  өткізуден  алынған  ақша  түсімі – кəсіпорынның  өндіріс
қызыметінің түпкі нəтижесі, өндірілген жəне тапсырыс берушіге, сатып алушыға жеткізілген
өнім. Олар үшін оның банкідегі есеп – шотына немесе кассаға келіп түскен ақшалай қаражат
мөлшері.
Өнім өткізуден түскен түсім (В) былай есептелінеді:
                                                                      B =
å
Q · P ,
мұндағы: Q - өткізілген пайдалы қазбалар көлемі , т;
                 Р - өткізілген өнім бағасы , теңге/т.
Жалпы  түсім  деп  –  кəсіпорынның  өндірілген  өнімді  өткізуден  түскен  ақшалай
тұлғадағы  жылдық  жиынтық  табысын  айтады . Жалпы  табыс – пайдалы  кенбайлықты
өткізуден түскен түсім мен өндіріске жұмсалған материалдық , оған теңестірілген шығындар
мен еңбекақы (V) арасындағы айырма ретінде анықталады.
Таза табыс – жалпы табыс пен төленетін салықтар арасындағы айырма.
Кəсіпорынның  өндірістік – шаруашылық  қызметінің  негізгі  қаржы  көрсеткіші –
баланстық  пайда, ол  барлық  есеп  айырысу  базасы  болып, кəсіпорынның  кіріс  пен  шығыс
балансында көрсетілетін бухгалтерлік пайда. Онда өнімді өткізуден түскен пайда, өткізуден
тыс  операциялардан  алынған  табыс  қамтылады. Сонымен, баланстық  пайда - өндірістік
қызметтің барлық түрлері бойынша, пайданың баланста көрсетілген жалпы сомасы.
Кəсіпорынның  пайдасының  негізін  оның  өндірістік – шаруашылық  қызметінің
шығындарын шегергендегі кəсіпорынның табысы құрастырады.
Кəсіпорын қызметінің пайдалылығы
Пайдалылық - өндірістік  қызметтің  белгілі  бір  уақыт  ішінде  пайдалылығын
(залалдығын) сипаттайтын  кəсіпорындардың  іс-əрекет  көрсеткіштерінің  бірі, шығындар
қайтарымының  деңгейі  жəне  өнім  өндіру  мен  өткізу  процесінде  қаражаттың  пайдалану
дəрежесі.
Пайдалылық  көрсеткіші – активтерге  жұмсалған  қаражаттың  əрбір  теңгеге  шаққан
пайданың шамасын бағалауға мүмкіндік береді.
Кəсіпорынның  өндірістік  –  шаруашылық  қызметінің  тиімділігін  баланстық  (жалпы)
пайдалылық көрсеткіші бейнелейді. Жанды жəне затталған еңбектің ағымдағы шығындарды
пайдалану тиімділігін өнімнің пайдалылығын сипаттайды. Соңғы уақытта сату пайдалылығы
көрсеткішін кең пайдалануда.
Капиталдың  пайдалылығы  дегеніміз – жұмсалған  капиталдың  бір  теңгесіне
шаққандағы алынған пайдасының шамасына қатынасын айтады.Пайданың қандай капиталға
жатқызылатынына  қарай  өндірістің  пайдалылығы, ағымдағы  активтердің  пайдалылығы,
атаулы  меншікті  капиталдың , акционерлік  капиталдың  пайдалылығы  түрлеріне  бөлінеді.
Капитал  пайдалылығы  мен  айналым  пайдалылығы  арасында  өзара  байланыс  болады, ол
кəсіпорынның өнімді өткізуден алған табысындағы пайданың үлесі салмағымен сипатталады
.

Жиынтық активтердің (ЖА) пайдалылығы (R
 а
)
                                                            R
a
 = П
т
 · 100 / ЖА ,
мұндағы: П
т
 – кəсіпорынның таза пайдасы , теңге.
Ағымдағы активтердің (АА) пайдалылығы (R
ak
) тең:
                                                            R
ak
 = П
т
· 100 / АА.
Өндірістің пайдалылығы - өндіріс  тиімділігінің жалпылама  көрсеткіші, ол өндірістік
қорлардың бір теңгесіне шаққанда келетін пайда мөлшерін көрсетеді. Пайдалылықты жалпы
жəне есептік түрлерге бөлуге болады .
Жалпы  пайдалылық (R
ж
) – кəсіпорынның  баланстағы  немесе  жалпы  пайданың
өндірістік ресурстар құнына қатынасымен анықталады:
                                                 R
ж
 =П
б
 · 100/(НҚ + АҚ
 н
),
мұндағы: П
б
 – кəсіпорынның баланстағы (жалпы) пайдасы , теңге;
                 НҚ – негізгі өндірістік қорлардың кезеңіндегі орташа құны, теңге;
                 АҚ
н
 – нормаланатын айналым қаражатының құны, теңге
Есептік өндірістік пайдалылық (R
е
) төменгі формуламен есептелінеді:
                                                  R
е
 = П
т
 · 100/ (НҚ + АҚ
 н
),
мұндағы: П
т
 – кəсіпорынның таза пайдасы, теңге.
Өнімнің  пайдалылығы – белгілі  бір  өнімді  өндіру  тиімділігінің  көрсеткіші  болып
табылады  .  Ол  өнім  өткізу,  сату  пайдалылықтарына  бөліну  мүмкін.  Өткізілген  өнім
пайдалылығы (R
ө
) - өнімді  өткізуден  алынған  пайданың (П
ө
) оның  толық  өзіндік  құнына,
сондай – ақ , тікелей  материалдық  шығындарды  шегеріп  тастағандағы  өзіндік  құнына
қатысы, яғни:
                                                 R
ө
 = П
ө
 · 100/ ӨӨҚ ,
немесе
                                                 R
ө
 = П
ө
 · 100/ (ӨӨҚ – МШ),
мұндағы: ӨӨҚ – кəсіпорын өнімінің толық өзіндік құны, теңге;
                 МШ – материал жəне оған теңестірілген шығындар, теңге.
Сату пайдалылығы (R
с
) - өткізген өнімнің бір теңгесіне шаққандағы пайда мөлшерін
көрсетеді жəне мына формуламен анықталады:
                                                 R
с
 = П · 100/В,
мұндағы: В - өнім өткізуден түскен түсім, теңге.
Акционерлік (меншік) капиталдың  пайдалылығы (R
м
) мына  формуламен
айқындалады:
                                                 R
м
 = П
с
 · 100/АК ,
мұндағы: П
с
 – салық салынатын немесе таза пайда теңге;
                 АК – акционерлік капиталдың шамасы , теңге.
Осы  əдістермен  инвестиция  жəне  негізгі  капиталдың  пайдалылығын  есептеуге
болады.  Акционерлік  капиталдың  пайдалылығы , кəсіпорынға  жұмсалған  меншікті
капиталдың пайда нормасын сипаттайды.
Тау – кен өнеркəсібінде баға белгілеу

Баға – нарықтық экономика көзқарасынан сатушы тауар бірлігін сатуға келіскен , ал
сатып  алушы  сатып  алуға, ақысын  төлеуге  дайын  тұрған  ақша  мөлшерін  көрсететін
экономикалық санат.
Саяси  экономиканың  көзқарасы  жағынан  баға – тауар  құнының  ақшалай  тұлғануы,
яғни тауардың бір өлшемі үшін төленетін жəне алынатын ақша мөлшері. Өндіріс пен пайдаға
жұмсалатын шығындарды қамтиды.
Баға  өндірістік  шығынның , авансыланған  капиталға  шаққандағы  орташа  пайданың
сомасына, сұраныс пен ұсынысқа, басқа да факторларға байланысты қалыптасады.
Бағаны  белгілеу (құру) дегеніміз-бағаның  деңгейлерін, ара  салмағын  жəне
құрылымын  қалыптастыру  жəне  өзгерту  процесі. Еңбектің  қоғамдық  қажетті  шығындары,
тауардың құны бағалардың объективтік негізі болып табылады, олар ақшалай нысан арқылы
бағада көрініс табады.
Тауар өндіруші банкрот болмау үшін, қарызға батпау үшін өзінің тауарының бағасын
дұрыс  белгілеуі  қажет. Баға  оған  өндіріске  жəне  тауар  өткізуге  жұмсалған  шығындардың
орнын  толтырып, пайда  əкелуі  қажет  жəне  бəсекелік  күресте  жеңістікті  қамтамасыз  етуі
керек.
Кəсіпорынның  баға  саясатының  үш  негізгі  мақсаттары  белгілі: өткізуді  қамтамасыз
ету; пайданы барынша көбейту; рынокты ұстау.
Егер  баға  бойынша  тұтынушылардың  сұранысы  икемді, ал  төмен  бағалар
бəсекешілерді  сескендіретін (қорқытатын) болса, онда  кəсіпкер (іскер) рынокқа  кіруге
(енуге) төмен  бағаны  пайдаланып, өткізу  көлемін  жəне  өз  үлесін  рынокта  ұлғайтып  алуға
мүмкіншілік  береді.Егер  компанияның  жағдайы  рынокта  тұрақты  болса,  онда  ол  пайданың
жоғары деңгейіне ұмтылуға тырысады .
Баға  белгілеу  шаруашылық  қызыметінің  құрамды  бөлігі, тиімді  шаруашылықты
жүргізуді қамтамасыз ететін тəсілі. Сол себепті кəсіпорынның баға саясатының əдіснамалық
негізі болып маркетинг саналады .
Баға  белгілеу  əдісін  таңдау  өндіруші  немесе  тауар  жеткізуші  орын  алған  рыноктың
түріне байланысты.
Тау – кен  жəне  геологиялық  барлау  кəсіпорындарында  пайдалануға  орай  баға
белгілеудің негізгі бес əдісін атап кетуге болады:
1) «Орташа  шығындар  плюс  пайда» принципі  бойынша  келісім – шарттық  баға
белгілеу өнімнің өзіндік құнына стандарттық үстеме баға есептеуге негізделген.
Орта  шығындар  плюс  пайда  əдісін  қолданғанда  белгілейтін  баға (Р) мына  формула
бойынша айқындалады:
                                                 Р = РС + m = PC + PC · R/100 ,
мұндағы: РС - өндіріс шығындары (Production costs);
                 m – пайда мөлшері;
                 R - өнім немесе өндіріс пайдалылығы.
2) Бəсеке сауда – саттық арқылы бағаны анықтау. Бəсекелестік сауда – саттық жабық
немесе  келісімді  болуы  мүмкін. Жабық  сауда – саттық  негізінде  анықтайтын  баға («мөр
соғылған  конверт» əдісі) ірі  тапсырыстарға  белгіленеді. Оны  айқындағанда  бəсеке
бағаларына  бағытталады, бірақ  болжамды  баға  кəсіпорын  шығындарынан  кем  болмауы
қажет.
3) Залалсыздық  талдау  мен  мақсатты  пайда  негізінде  бағаны  есептеу. Осы  əдісті
қолдану  негізінде  кəсіпорын  керекті  пайданы  қамтамасыз  ететін  бағаны  белгілеуге
тырысады. Өндірілетін  өнім  көлемін  есептеп  шығару  маңызда  рөль  атқарады. Баға
белгілеудің  осындай  əдісі  кəсіпорыннан  бағалардың  əр  түрлі  нұсқаларын, олардың  өткізу
көлеміне əсерін, өнімнің əрбір бағасында залалсыздық деңгейін қарастыруды талап етеді.

Əдіс  негізінде  өндірістің  пайдалылығы  мен  залалсыздығының  баға  сынақтамасы
жатыр,  яғни  өнім  шығару  көлемінің  ең  аз  шамасы  анықталады,  сол  көлемде  өндіріс
шығындарының барлығының орны толтырылады .
Келесі  кезеңде  сатуға  жоспарланған  өндіріс  көлемі  анықталады. Осы  əдістің
кемшіліктері мынада: баға белгілеу кезінде өндіріс көлемін пайдалану, ал өндіріс көлемі өз
кезегінде бағаға байланысты; баға мен сұраныс арасында тəуелділік есепке алынбағандықтан
баға немесе өте жоғары немесе ең төмен болуы мүмкін.
4) Тауар «сезінерлік» құндылығы  негізінде  баға  белгілеу. Осы  əдісте  негізгі  фактор
болып кəсіпорындардың шығындары емес, тұтынушыға ақпарат құндылығы саналады.
5) Баға  прейскурант (бағанама) негізінде  өнім  бағасын  есептеп  шығару. Тау – кен
жұмыстарында  мемлекеттік  тапсырыс  орындағанда  тапсырма  бағасы  объектінің  сметалық
құнына сай анықталады.
Барлық  əдістердің  мақсаты – баға  ауқымын  тарылту  жəне  өнімнің  соңғы  бағасын
белгілеу.
Сонымен  қазіргі  кезде  отандық  жəне  əлемдік  тəжірибені  басшылыққа  ала  отырып,
баға  қалыптасудың  негізгі  үш  əдісін  бөліп  көрсетуге  болады, олар  шығынға, сұраныс  пен
бəсекеге бағдарланған тəсілдері.
Залалсыздық нүктеде пайда нольге тең , яғни өнім өткізуден алынған табыс өндірістің
толық шығындарына тең болғандықтан өнім өткізу бағасы мына формуламен есептеледі:
                                                              P = FC/Q + AVC ,
мұндағы: FC – кəсіпорынның тұрақты шығындары;
                 Q - өнім өндіру көлемі;
                 AVC – орта өзгермелі шығындар.
Бағаның  ұзақ  мерзімді төменгі шегі - өнімнің  толық  құнын  есептеумен  байланысты,
ал бағаның қысқа мерзімді төменгі шегін есептеу – «директ – костинг» жүйесіне негізделген.
Негізгі əдебиеттер: 1нег.[172-208]; 2нег.[379-408;417-433].
Қосымша əдебиеттер: 9қос.[135-184]; 11қос.[98-108;117-127].
Бақылау сұрақтары:
1. Өнімді сатудан түскен пайданы қалай анықтауға болады ?
2. Баланстық жəне таза пайда құрамын анықтауын айтып беріңіз.
3. Тауар өнімінің құнының құрамына қандай элементтер кіреді ?
4. Өнімді өткізу көлемінің құнының сипаттамасы.
5. Өнім сатудан түскен түсім жəне оны қалай есептейді ?
6. Пайдалықтардың түрлері.
7. Баға белгілеу əдістерін айтамыз.
8 – дəріс. Өндірістің эконмикалық жəне əлеуметтік тиімділігі.
Нарық  жағдайында  эконмикалық  дамуды  əрі  қарай  жалғастыруды, өндірістің
тиімділігін  арттырудың  мəнін,  бағыттарын,  олардың  өсу  факторлары  мен  тиімділігін
айқындау  əдістерін  анықтау  маңызды  болып  табылады. Осы  мəселені  дұрыс  щешу  үшін
тиімділікітің негізгі көрсеткіштер жүйесін біліп алуымыз керек.
Экономикалық  тиімділікітің  жалпылама  критерийіне  қоғамдық  еңбектің  өнімділігі
жатады. Еңбек  өнімділігі - өндіріс  тиімділігінің  маңызды  көрсеткіштерінің  бірі. Ол  тікелей
өнім  шығаруға  жұмсалған  еңбектің «қайтарым» шамасын  көрсетеді. Қоғамдық  еңбек
өнімділігі ұлттық табысты жанды жəне затталған (өткен) шығындар қатысымен анықталады.
Нақты тəжірибеде кəсіпорынның шаруашылық қызметінде еңбек өнімділігі деп нақты еңбек

өніміділігін  түсінуге  болады, ол  өнім  шығару  көлемі  мен  жанды  еңбек  қатысымен
анықталады.
Еңбек  өнімділігіне  кері  көрсеткіш – еңбек  сыйымдылығы, ол  ресурстар
сыйымдылығының жеке көрсеткіштерінің бірі.
Бірақ еңбек өнімділігі өндіріс тиімділігінің түпкі критерий рөліне үміттелуіне мүмкін
емес: өнім  көлемі  оның  сапасын  жəне  экономикалық  зардабын  ешбір  көрсете  алмайды.
Екіншіден, кəсіпорын  экономикасы  үшін  нақты  еңбек  шығындарын  азайту  ғана  емес, тағы
мтериалдық, энергетикалық шығындарын төмендету.
Кəсіпорынның негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың ең маңызды кқрсеткіштері –
қор қайтарылымы мен қор сыйымдылығы.
Қор  қайтарылымы  жəне  еңбек  өнімділігі,  сондай  –  ақ  қор  сыйымдылығы  мен  еңбек
сиымдылығы  əлдеқандай  жағдайда – қос  көрсеткіштер. Осы  қостардың  біріншісі –
шығындардың  бірлігінен  алынған  нəтиже  (Н\Ш),  ал  екіншісі  –  нəтижеге  қол  жеткізу  үшін
керекті шығындар шамасы (Ш\Н)
Осы  көрсеткіштермен  бірге  капитал, материал, энергия  жəне  т.б. көрсеткіштері
өндірістің эконмикалық тиімділігі көрсетеді.
Өнімнің  өзіндік  құны  өндіріс  тиімділікітің  аса  маңызды  экономикалық
көрсеткіштердің бірі болып саналады.
Пайда жəне пайдалылық.
Кəсіпорынның кəсіпкерлік қызметтерінің негізгі мақсаты пайда алу болып саналады.
Кəсіпорынның  өнім  өткізуден  алынған  пайда  қолданыстағы  бағамен  өнімді  сатудан  түсім
мен (В, қосылған  құн  салығы  мен  акциздерді  есепке  алмаған  кезде) жəне  өнім  өндіру  мен
оны өткізуге жұмсалған шығындар (ӨӨҚ) арасындағы айырма.
Пайдалылық  пайданың  туындысы  бола  тұрып, өндіріс  тиімділігінің  көрсеткіші
аталады.
Қаржы көрсеткіштері
Қаржы коэффициенттері – кəсіпорынның қызметінің нəтижесі мен қаржы жағдайын,
сондай – ақ  оның  активтерді  басқару  əдістерін  жақсырақ  түсінуді  көмектесетін  талдау
аспаптары.
Ең  маңызды  қаржы  коэффициенттері - өтімділік (өтемпаздық), төлем  қабілеттілігі,
пайдалылық  жəне  активтерді  басқару  тиімділігі. Өтімділік – кəсіпорынның  аса  маңызды
көрсеткіші  мен  сипаттамасы, оның  қызметінің  тұрақтылығы  мен  тиімділігі  жайында  осы
көрсеткіш бойынша пайымдайды. Осы көрсеткіш кəсіпорынның міндеттемелерін, берешегін,
пассивтерін  мезгілінде  өтеу  үшін  активтерінің  ақшалай  қаражатқа  тез  айналу  мүмкіндігін
көрсетеді.
Жалпы өтімділік коэффициенті мына қатынаспен анықталады:
                                                    Ақшалай айналым қаражаты
                                          К
жө
= ——————————————
                                                    Қысқа мерзімді міндеттемелері
 Неғұрлым  өтімділік  коэффициенті  жоғары  болса, соғұрлым  кəсіпорынның  төлем
қабілеттілігі жоғары болады. Төлем қабілеттілігі кəсіпорынның алдағы төлемдері уақытылы
толық  төленуіне, олардың  түсуіне  қарай  өзінің  міндеттемелерін  орындауына  мүмкіндік
беретін  қаржы  жағдайды. Төлем  қабілеттілігінің  коэффициенті  мына  формуламен
анықталады:
                                                         Меншік капиталы
                                            К
т
 =   —————————— · 100, % .

                                                      Жалпы міндеттемелері
Негізгі  капитал  мен  меншікті  капиталдың  пайдалылығы  пайда  мен  сəйкес  капитал
мөлшерінің қатынасымен анықталады.
Кəсіпорынның активті – негізгі құралдыр мен бейматериалдық активтер, материалдық
өндірістік  қосалқы  қорлар, ақшалай  қаражат, қаржы  жұмсалымдарын, сондай – ақ  басқа
заңды тұлғаларға қойылатын ақшалай талаптар түрінде мүліктік құқықтарының жиынтығы.
Активтерді  пайдалану  тиімділігін  мына  көрсеткіштер  айқындайды: жұмыс
капиталының  пайдалылығы (табыстылығы); дайын  өнім  айналымының  коэффициенті  жəне
дайын өнімнің айналым кезеңі.
Өтімділік көрсеткіштердің мынадай түрлерін ажыратуға болады:
1. Меншік  айналым  қаражаттарының  көлемі  немесе  таза  айналмалы  капиталы
(ағымдағы 
активтер/ағымдағы 
міндеттемелер). Кəсіпорынның 
меншік
капиталының,  ағымдағы  активтерді  жабу  көздері  болып  табылатын  бөлшегін
сипаттайды.Бұл  көрсеткіш  аса  маңызды. Меншік  айналым  қаражаттарын
көбейтудің ең негізгі жəне тұрақты көзі – пайда.
2. Қолданылып  жүрген  немесе  таза  айналмалы  капиталдардың  оңтайлануы (ақша
қаражаттары/таза айналмалы капитал).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет